Мазмұнға өту

Жаңа

Реформалар қызу талқылануда

Ағымдағы жылғы 6 маусымда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі аумақтық департаментінің қызметкері Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң СҚО бойынша департаментiнде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реформаларды түсіндіру жөнінде кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы С.О. Айдарбеков «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының конкурс ресімдерді өткізу, мемлекеттік қызметті өткеру тұсындағы жаңашылдықтарына тоқталып, мекеме ұжымын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және Әдеп кодексінің ережелерімен таныстырды.

Семинар соңында мемлекетте жүргізіліп жатқан реформалар қызу талқыға салынып, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

 
0
0
360

Рамазан айының күнтізбесі 2016. Қазақстан қалалары үшін ораза кестесі. Ораза кестесі 2016 жыл

Ораза кестесі 2016 жыл, Ораза кестесі Алматы, Астана, Шымкент, 2016 жыл.

Бүкіл әлем мұсылмандары Рамазан айын бүгін қарсы алды. 2016 жылы, Хижра күнтізбесіне сәйкес, қасиетті айдың алғаш күні – 6 маусымда, а соңғысы – 4 шілде, шілденің 5-ші жұлдызында Ораза айт мерекесі басталмақ. Осылай, Рамадан 29 күн созылады.

Рамазан немесе Рамадан – бұл барлық мұсылмандар білетін ай күнтізбесінің 9-шы айы. Ол жылдағы ең қасиетті әрі қадірлі ай деп айтуға болады. Рамазан бастамасы айдың тууымен сәйкес келеді, сол себепті оның басы әр елде бөлек анықталады.

Рамадан айында ораза тұту – Ислам дініндегі 5 парыздың бірі, Шариат негіздерінің бірі. Бұл күндері мұсылмандар реніш пен өкпелерін ұмытып, тіпті соғыс өтіп жатқан жерде оқ-қаруын түсіруі керек. Мұсылман өзінің әрбір іс-әрекетін Алла тағаланы ойлап жасауы қажет.

Осы айда ислам діні 15 жасқа толған әр мұсылманды ауыз бекітуге шақырады. Ол ораза деп аталады. Күн шығыс пен батысымен діндар адам кез келген тамақ пен сұйықтықтардан бас тартуы керек, онымен бірге ойын-сауық пен жаман ойлардан аулақ болуға тиіс. Күн батысымен және кешкі намаздан кейін ауызашар басталады – ол мерзімде тағам жеуге рұқсат. Ең алдымен ораза ұстайтын кісі су мен құрманың дәмін татады, содан кейін ғана басқа тағамдарға кіріседі. Кешкі ауызашарда дұға оқылады.

Егер адам кәрі және әлсіз болса, ауруғуға шалдығып, жолда болса немесе жүкті әйел болған жағдайда, онда ол үшін ауыз бекіту мен ораза ұстау міндет емес. 15 жасқа толмаған балалар оразаны түске дейін ұстай алады. Рамазан – ең алдымен астан бас тарту емес, ол рухани тазалану мен сенімнің нығаюы. Ол өмірге жаңа көзбен қарап, оны өзгерту үшін тамаша мінсіз уақыт. Сонымен қатар, осы айда жақсы іс жасау өте қажет, олардың маңыздылығы бұл кезде 700 есе артады.

Қадір түні немесе Әл-Кадра – оразаның ең маңызды уақыттарының бірі, оның шарықтау шегі. Осы түнде ұйықтамай, оны намаз оқып өткізу қажет, кейбіреулер ол үшін мешітке барады. Сол шаққа дейін ораза ұстағандарға Алла тағала барлық күнәларын кешіреді. Құранның «Қадір сүресінде» айтылғандай, дәл осын түні – Рамазан айының 26 мен 27-ші жұлдыздарда, Алла тағала Жәбірейіл арқылы Мұхаммед пайғамбарға Қоранның алғаш сөздерін жібереді. 2016 жылы Қадір түні 1 мен 2 шілде аралығында өтеді.

Ораза айт (Ораза байрам) мейрамы Рамазан айы аяқталып, келесі ай басталуын білдіреді, ол 3 күн өтеді.  Оның басында барлық мешіттерде таңғы дұға оқылып, ораза аяқталады. Осы уақытта адамдар сыйлықтар сыйлап, үй безендіреді, мол дастархан жайып, өздері де қонаққа барады, сонымен бірге қайтыс болған жақындарын еске салады.

Діндар адамдар мерекеден бірнеше күн бұрын мұқтаждарға олар да тойласын деген ниетпен садақа жинайды – ол пітір садақа деп аталады. Оны жеке беруге болады, немесе мешітке апарып салуға болады. Биыл, 2016 жылы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы фитр садақасын 200 теңге көлемінде анықтады, бұл соманы әрбір мұсылман беруге тиіс.

Алматы қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Алматы қаласы бойынша ораза уақыты 2016. Ораза кестесі 2016 жыл

Астана қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Астана қаласы бойынша ораза уақыты 2016. Ораза кестесі 2016 жыл

Шымкент қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Шымкент қаласы бойынша ораза уақыты 2016. Ораза кестесі 2016 жыл

Ақтөбе қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Ақтөбе қаласы бойынша ораза уақыты 2016. Ораза кестесі 2016 жыл

Атырау қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Атырау қаласы бойынша ораза уақыты 2016. Ораза кестесі 2016 жыл

Семей қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Семей қаласы бойынша ораза уақыты 2016. Ораза кестесі 2016 жыл

Қарағанды қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Қарағанды қаласы бойынша ораза уақыты 2016. Ораза кестесі 2016 жыл

Қызылорда қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Қызылорда қаласы бойынша ораза уақыты 2016. Ораза кестесі 2016 жыл

Павлодар қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Павлодар қаласы бойынша ораза уақыты 2016. Ораза кестесі 2016 жыл

Тараз қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Тараз қаласы бойынша ораза уақыты 2016. Ораза кестесі 2016 жыл

 

3
0
11366

ҚызықтыDay

Я помню чудное мгновенье:

Передо мной явилась ты,

Как мимолетное виденье,

Как гений чистой красоты.

А.С.Пушкин

 
  • Ежегодно 6 июня в России отмечается Пушкинский день. Литературное творчество великого русского поэта Александра Сергеевича Пушкина сопровождает нас на протяжении всей жизни. Его произведения объединяют людей всех возрастов, вероисповеданий, национальностей, переводятся на десятки языков мира.

Поэт родился 6 июня (по новому стилю) 1799 года  в Москве. Александра Пушкина часто называют основоположником современного русского литературного языка. Пушкинский праздник поэзии имеет статус Всероссийского, а государственный статус день рождения поэта получил в 1997 году согласно Указу президента РФ «О 200-летии со дня рождения А.С. Пушкина и установлении Пушкинского дня России».

  • Надо также сказать, что в 2011 году президент России подписал Указ о ежегодном праздновании 6 июня Дня русского языка.В рамках программы поддержки и развития многоязычия и культурного многообразия День русского языка отмечается и в ООН.

  • Рамадан (араб.) или Рамазан (тур.) — девятый месяц мусульманского календаря. Этот месяц является самым важным и почетным для мусульман. В течение всего месяца соблюдается строгий пост («ураза»). В 2016 году Рамазан начинается  с 6 июня и завершится 5 июля.

  • Ежегодно, начиная с 2011 года, 6 июня в Казахстане отмечается День финансовой полиции. Именно в 2011 году, благодаря указу Президента Республики, этот праздник был официально включён в перечень профессиональных праздников государства. Свои корни дата 6 июня берёт в далёком 1994 году, когда Постановлением Правительства Республики был образован специальный орган по борьбе с коррупцией и преступлениями в налоговой сфере – Управление налоговой полиции в составе налоговой службы Министерства Финансов Республики Казахстан.
1
0
395

Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды

Бүгін Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды. Шара 2016 жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.

Аталған онкүндіктің мақсаты – өткір ішек инфекциясының таралу жолдары, инфекция жұғуының алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, балалар мен жасөспірімдерді жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, азаматтардың денсаулық сақтау және нығайтуда жауапкершілігін арттыру жөнінде халықтың хабардарлығын арттыру.

Онкүндік аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (әрі қарай - МСАК) өткір ішек инфекцияларының алдын алу жөнінде гастроэнтерологтардың, инфекционистердің, педиатрлардың, жалпы практика дәрігерлерінің және т.б. мамандардың кеңес беретін ашық есік күндері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, МСАК мамандарының арасында өткір ішек инфекцияларының алғашқы белгілері мен оған көрсетілетін медициналық көмек туралы гастроэнтерологтың қатысуымен семинар-тренингтер; мектеп жанындағы, жазғы сауықтыру лагерьлерінде, балалар үйлерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда «Өткір ішек инфекциясынан қорғанамыз!», «Жеке гигиена өткір ішек инфекциясынан қорғану құралы!» тақырыбындағы ойындар, «Таза қолдар» флеш-мобтары және т.б. шаралар өткізіледі.

Өткір ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолдарын улап, зақым келтіретін, іш өту және улану белгілері байқалатын аурулар тобы. Ауруды бактериялар, вирустар мен қарапайым микроорганизмдер қоздыруы мүмкін.

Антисанитариялық жағдайлар, жеке гигиена ережелерін сақтамау, дұрыс сақталмаған немесе даярланбаған зарарлы азық-түлікті тұтыну ішек инфекцияларының жұғуына әсер етеді.

Адамдар өткір ішек инфекцияларына тез шалдығады, әсіресе, сәбилер.

ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының қауіпсіз тамақтанудың маңызды 5 қағидасын ұсынады: тазалықты сақтау; шикі азық-түлікті жылумен өңделетін азық-түліктен бөлек ұстау; оларды жылумен мұқият өңдеу; азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтау; қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі өнімдерді қолдану.

 
0
0
512

Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын!

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Биыл Рамазан айындағы ораза 29 күнге жалғасып, 5 шілде күні Ораза айтымен ұласады.
Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үмбеті үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айының ерекшелігі - бұл ауыз бекітетін, жалпыға ортақ ізгі амалдар жүзеге асатын маусым, яғни, бұл айда игі мұсылман қауымының бес парызының бірі - ораза ұстау басталады. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Ал оразаның парызы - ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.
Бұл айда өзін мұсылман санайтын әрбір азамат Рамазан айын құрметтеп, Жаратушы Иенің бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтанады. Ораза тұтып, ғайбат жасамаған, жалған сөйлемеген, ешкімді ренжітпеген, харамдардан сақтанған адам Рамазан айын құрметтеген болып саналады. Хадис шарифтерге сүйенсек: «Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар, көп Құран оқыңдар. Өйткені, Рамазанда оқылған Құран Кәрімнің әрбір әрпі үшін Хақ Тағала жәннат бақшаларынан бір бақша береді» делінеді. Яғни, Рамазан айын құрметтеген адам Алла Тағаланы құрметтеген болады.

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Биыл Рамазан айындағы ораза 29 күнге жалғасып, 5 шілде күні Ораза айтымен ұласады.

Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үмбеті үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айының ерекшелігі - бұл ауыз бекітетін, жалпыға ортақ ізгі амалдар жүзеге асатын маусым, яғни, бұл айда игі мұсылман қауымының бес парызының бірі - ораза ұстау басталады. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Ал оразаның парызы - ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.

 

Бұл айда өзін мұсылман санайтын әрбір азамат Рамазан айын құрметтеп, Жаратушы Иенің бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтанады. Ораза тұтып, ғайбат жасамаған, жалған сөйлемеген, ешкімді ренжітпеген, харамдардан сақтанған адам Рамазан айын құрметтеген болып саналады. Хадис шарифтерге сүйенсек: «Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар, көп Құран оқыңдар. Өйткені, Рамазанда оқылған Құран Кәрімнің әрбір әрпі үшін Хақ Тағала жәннат бақшаларынан бір бақша береді» делінеді. Яғни, Рамазан айын құрметтеген адам Алла Тағаланы құрметтеген болады.

Биыл Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде өкіл имамдардың бірауыздан келісуімен Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері 200 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, Ораза айт намазына дейін беруге болады.

Қасиетті Қадір кеші - шілденің 1-нен 2-сіне қараған түн. Қадір түнінде мешіттерде таңға дейін рухани бағдарламалар ұйымдастырылады. Уағыз айтылып, Құран оқылып, жамағатпен дұға жасалады.

 

Павлодар облысы бойынша  Рамазан айының ораза ұстау және намаз оқу кестесін ұсынамыз. Ниеттеріңіз қабыл болсын!


1
0
1897

Ақтөбе қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен азаматтарға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде

5 маусымда экстремистік топтың Ақтөбе қаласындағы «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкеніне, сонымен қатар ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының №6655 бөліміне жасаған шабуылы нәтижесінде зардап шеккен адамдар барлық қажетті жедел әрі дәрілік ем қабылдауда.

Ауыр жарақаттанған адамдарға 5 маусым күні Астана қаласынан Ақтөбеге құрамында дәрігер-реаниматолог, тамырлар хирургы, нейрохирург, таракалды хирург, жалпы хирург және травматолог дәрігерлері бар Республикалық санитарлық авиация орталығының бригадасы барды. Астаналық мамандар ота жасауға көмектесіп, пациенттерді әрі қарай емдеу бойынша кеңес берді.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2016 жылғы 6 маусым 15 сағат 30 минут уақытындағы жағдайға сәйкес зардап шеккен адамдардың  19-сы стационарлық ем қабылдауда. Оның ішінде 16 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 13 пациенттің жағдайы орташа ауыр деңгейде), 3 адам Ақтөбе облыстық ауруханасына жатқызылды (1 пациент өте ауыр жағдайда, 2 пациенттің жағдайы орташа ауыр деңгейде).

15 адам амбулаторлық ем қабылдауда.

Пациенттердің жағдайын ҚР ДСӘДМ үнемі бақылауға алды.

 
0
0
387

ҚР МСМ Дін істері комитеті: Ақтөбе қаласында ү.ж. 5 маусымда орын алған оқиға туралы

Ақтөбеде ү.ж. 5 маусымда жазықсыз адамдардың өлімімен аяқталған зорлық әрекеттер барлық қазақстандықтардың жүрегінде ауыр із қалдырды.

Біз қайтыс болғандардың жақындары мен отбасыларының терең қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Бұл қылмыстарды жасаған тұлғалар елде бейбіт өмір сүріп жатқан халықты қорқыту, бейбітшілік пен келісімді бұзу, сондай-ақ қоғамымызға қорқыныш пен бүлікті енгізуді көздеді.

Кезекті рет дін атын жамылған лаңкестер өздерінің шынайы бейнесін көрсетті. Мұндай адамдар өздерін «дін қорғаушылары» деп атағанымен, іс жүзінде олар шынайы ислам құндылықтарынан алыс. Олардың осындай әрекеттерді барлық мұсылмандар үшін қасиетті болып табылатын Рамазан айының алдында жасауының өзі бұған дәлел.

Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы лаңкестердің бұл әрекеттерін айыптап, азаматтарымызды елде бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырды.

Біздің елде мұндай құбылыстарға жетелейтін діни алғышарттар жоқ. Дегенмен халықаралық лаңкестіктің идеологтары ұзақ жылдар бойы біздің азаматтарымызды өз ықпалдарына тартуға тырысып келеді.

Қазақстанда мемлекет тарапынан адамдарға діни сенім бостандығын еркін жүзеге асыруы үшін барлық жағдай жасалған. Елімізде мұсылмандардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған 2,5 мыңнан астам мешіт жұмыс істейді. Бүгін еліміздің мұсылман қауымы өзге дін өкілдерімен бірге бәрімізге ортақ болашақты – бейбіт және гүлденген Қазақстанды жасауға ат салысуда.

Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті радикалды жалған діни ағымдар өкілдерінің қылмыстық әрекеттерін түбегейлі айыптайды.

Біз азаматтарымызды діни радикалдардың қандай да бір арандатуларына берілмеуге, сабырлылық пен ұстамдылыққа шақырамыз.

Тиісті құқық қорғау және арнайы қызмет органдары жағдайды жіті зерттейді және кінәлілер тиісті лайықты жазасын алатын болады.

Мемлекеттік органдар осындай қылмыстарға жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдауда.

 

ҚР МСМ Дін істері комитеті

 
0
0
823

Жұлдызды Арбат 2016

5 маусым күні Павлодар қаласының жастары Гагарин атындағы саябақта «Жұлдызды Арбатта»  бас қосты.  Жастар Арбаты – өнер түрлерінің кең шоғырын біріктіретін шығармашылықтың, таланттың, жастықтың жарқын мейрамы. Бұл қаламыздың мәдени өмірінің маңызды оқиғасы. Бұл жерде күш пен жігерге толы, өзінің шығармашылық бағытын танытатын талантты жастар жиналды.

Гагарин саябағында өзінің керемет көрсетілімдерімен «Street Workout» экстремалды спорт түрлер Федерациясын, «Альтернатива» паркурщиктерін және өз сауыт-саймандарымен көздің жауын алатын «Северная башня» серілерінің ұрысын тамашалап, әдемі концерттің куәсі болдық.

Алдағы уақытта маусым айынан тамыз айына дейін Павлодар облысы бойынша «Арбат 2016» жастар шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады.

     
1
0
562

Менің Қазақстаным

Ұлттық рәміздеріміз - Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран болып табылады. Барлық азаматтар Республиканың ұлттық рәміздерін құрметтеуге міндетті. 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында Естай атындағы Мәдениет Сарайында  «Менің Қазақстаным!» патриоттар Форумы өтті.

Форум барысында Отанға деген шынайы патриоттық сезім мен махаббатты өзінің күнделікті еңбегімен, нақты істерімен және ерлік істерімен танытатын патриоттарды салтанатты түрде марапаттады. Оның ішінде: Такижанов Аятулла,  Серік Теміржанов, Қасамбаев Ерсайын, Самат Сакауб, Завалишина Анна, Санджар Рыспеков, Нурланов Олжас, Әділет Ақанов, Бахатан Оразбек, Бахтыгүл Қасымова, Кожокар Виталий, Дәулет Бапаев, Молдағалиев Рустам, Азат Бекболат және Олжас Тлеугалиев облыс белсенділерін Павлодар қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов  марапаттады.Марапатталған белсенділер ішінде: спорт шеберлері, мәдениет қайраткері, халықаралық байқаулар, олимпиадалар жеңімпаздары, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, құтқарушылар бар.

Форум барысында 16 жасқа толған жас патриоттарға өздерінің алғашқы жеке куәліктерін   Павлодар қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов салтанатты түрде табыстады. Мерекені  жиналған көрермендер  үшін халықаралық және республикалық байқауларда Павлодар өңірінің намысын қорғап жүрген   облысымыздың үздік вокалдық және би ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынды.

 
1
0
1025

ОҚО су қоймасына 50 мың шабақ жіберілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданының Бабата ауылындағы су қоймасына 50 мың шабақ жіберілді. Бұл «Облыста 2015-2016 жылы балық шаруашылығын дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында жасалды.

«Бұл идеяны кәсіпорнымыз сонау 2014 жылы жүзеге асыра бастады. Онда біз әкімдікпен келісім орнатып, Тараздағы тәлімбақтармен байланыс орнаттық. Әрбір шабақ үшін 50 теңге төлеп, барлығы 100 мың тұқыны жібердік. Бүгінде тағы 50 мыңын жіберіп отырмыз», – деп баяндады «Kaz.Cold.Fish» ЖШС-нің директоры Дінмұхаммет Қазақбаев.

Жобаның бастамашылары алғашқы асырандылар күзде тұқым беретініне үміттеніп отыр. Болашақта кәсіпорында балық өнімдерін қайта өңдеу және консервілер шығару цехын ашуды жоспарлауда. Бұл 15 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал шығарылып отырған өнім жергілікті нарықта ғана емес, экспортқа да жібермек.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде атап өтілгендей, балық шаруашылығын дамытуға аймақтық бюджеттен жалпы алғанда 400 млн. теңге бөлінген.

Источник: http://www.inform.kz/kaz/article/2910889

 
0
0
458