Менің Қазақстаным
Ұлттық рәміздеріміз - Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран болып табылады. Барлық азаматтар Республиканың ұлттық рәміздерін құрметтеуге міндетті. 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында Естай атындағы Мәдениет Сарайында «Менің Қазақстаным!» патриоттар Форумы өтті.

Форум барысында Отанға деген шынайы патриоттық сезім мен махаббатты өзінің күнделікті еңбегімен, нақты істерімен және ерлік істерімен танытатын патриоттарды салтанатты түрде марапаттады. Оның ішінде: Такижанов Аятулла, Серік Теміржанов, Қасамбаев Ерсайын, Самат Сакауб, Завалишина Анна, Санджар Рыспеков, Нурланов Олжас, Әділет Ақанов, Бахатан Оразбек, Бахтыгүл Қасымова, Кожокар Виталий, Дәулет Бапаев, Молдағалиев Рустам, Азат Бекболат және Олжас Тлеугалиев облыс белсенділерін Павлодар қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов марапаттады.Марапатталған белсенділер ішінде: спорт шеберлері, мәдениет қайраткері, халықаралық байқаулар, олимпиадалар жеңімпаздары, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, құтқарушылар бар.

Форум барысында 16 жасқа толған жас патриоттарға өздерінің алғашқы жеке куәліктерін Павлодар қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов салтанатты түрде табыстады. Мерекені жиналған көрермендер үшін халықаралық және республикалық байқауларда Павлодар өңірінің намысын қорғап жүрген облысымыздың үздік вокалдық және би ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынды.

