Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұлдызды Арбат 2016

5 маусым күні Павлодар қаласының жастары Гагарин атындағы саябақта «Жұлдызды Арбатта»  бас қосты.  Жастар Арбаты – өнер түрлерінің кең шоғырын біріктіретін шығармашылықтың, таланттың, жастықтың жарқын мейрамы. Бұл қаламыздың мәдени өмірінің маңызды оқиғасы. Бұл жерде күш пен жігерге толы, өзінің шығармашылық бағытын танытатын талантты жастар жиналды.

Гагарин саябағында өзінің керемет көрсетілімдерімен «Street Workout» экстремалды спорт түрлер Федерациясын, «Альтернатива» паркурщиктерін және өз сауыт-саймандарымен көздің жауын алатын «Северная башня» серілерінің ұрысын тамашалап, әдемі концерттің куәсі болдық.

Алдағы уақытта маусым айынан тамыз айына дейін Павлодар облысы бойынша «Арбат 2016» жастар шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады.

     
1
0
518

Осы тақырып бойынша

Жұлдызды Арбат 2016 - Yvision.kz