Мазмұнға өту

Жаңа

Мектеп оқушылары арасында өткен «Айтыс»

Армансыз адам болмайды. Өмір жолында көздеген мақсатыңа жету үшін жоспарларыңды жүзеге асыра білгенге не жетсін. Мен бүгін тағы бір мақсатыма қол жеткіздім.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және халықаралық балалар күніне арнап мектеп оқушылары арасында «Айтыс» өткіздік.

Алтайдың арғы бетіне қоныс тепкен қазақ бауырларымыз жылына 3-4 реттен жасөспірімдер арасында үлкен додалар өткізеді екен.

Ғаламтор беттерінен сол төл өнерге деген құрметті көрген кезде қатты таңқалдым.

«Бала тілі-бал» демекші, балалардың суырып салма өнері,ойын жеткізе білуі біздің әуесқой ақындарымыздан кем емес екендігіне көз жеткіздім.

Ойға еркіндік беріп, санамдағы сұрақтарға жауап іздей бастадым. Неге қазақтың кіндік тамған жерінде өзіміздің төл өнеріміздің бірі де бірегейі айтысты балалар арасында өткізбеске?

Сыр елі жыр елі, бізде тума таланттар әрқашанда көп болған, демек жас ақындарда бар шығар? Аламан айтыс болғаннан кейін жақсы деңгейде және жүлделері мықты болу керек. Осы мәселені шешеудің жолдарын ойлап, көз ілмеген түндерім болғаны да рас.

Қалайда қаражат қарастыру жолында талпындым.

Көп ойланбай бірінші кезекте қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлына барып мақсатымның мән - жайын айттым.

«Ерлан, тамаша идея! Бірақ айтыс деген өнерге оның ішінде балаларға 200 мың теңге аздық ететінін айтып, мен саған 500 мың теңге қаражат бөлуге көмектесейін»,- деді.

Ұйымдастыру тұстарының жалғыс өзіме қиын соғарын түсінген әкім мырза қалалық білім бөлімінің басшысына және қосымша білім беру орталығына тапсырма беріп, арманымның орындалуына үлкен ықпал жасады!

Арада күндер өтіп мен ғаламтор парақшаларына айтыстың өтетіні жөнінде хабарландыру тараттым.

Жүргізуші тізгінін алтын домбыра иесі Мұхтар Ниязовқа тапсырдық. Ол айтыстан бөлек жасөспірімдер арасында мүшайраны да ұйымдастыруды ұсыныс ретінде жеткізді.

Ұсынысы қолдау тауып, тұйық балалардың ашылуына, шығармашылығының шыңдалуына жол ашылды.

Атылмыш айтысқа аймағымыздың барлық ауданыдары мен ауылдарынан жасөспірімдер ағылып келіп жатты.

Қалқаман Алдоңғар Арал ауданы, Мұхамед Қанапия Қазалы ауданы, Мансұров Мұхамеджан Тереңөзек ауданы, Байментаев Ерасыл, Орынбасаров Бексұлтан Арал ауданы, Піржан Сандыбай, Рахман Динар, Әбілдаев Бағдаулет, Ділдахмет Райымбек, Асқар Али Қызылорда қаласынан барлығы Студенттер сарайында өтетін додаға үлкен үмітпен жиналды.

Ақындар мүшайрасына қаланың №1, 11, 43, 187, 197, 211, 264, 261, 212 мектеп оқушылары қатысып өз ақындык өнерлерін ортаға салды.

Сахна, фанфары, пролог, басталды.

Мерекені салтанатты түрде Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы ашты.

6 жұпқа бөлініп ақындар өздерінің өнерін көрермен жұртқа паш етуге кірісті.

Құрметті қала тұрғындары және жастар! Айтыс «Тизерін» тамашалаңыздар!
«Тизер» - ол жарнаманың бір түрі, белгілі бір өнімнің толық нұсқасын көрсетпестен бұрын, ұсынылатын алдын ала көрсетілім.

Керемет шара басталып, жаныма қаламыздағы қосымша білім беру орталығының басшысы Гүлнар Бодашқызы жайғасты. Гүлнар Бодашқызының ерекше таң қалыспен айтқан сөздері әлі есімде.

«Ерлан, қатысушылар дайындықта қобалжығасын ба, әлде еркеліктен қысылдыма қайдам, оларға қарап бұл айтыс қалай өтеді екен деп қобалжығаным рас».
Алайда бұл кісі «жігіттер жарайсындар» деп серпіліс беріп, қолдау көресітіп отырды.

Ішімнен бұл қазақ жігіттері, сахнаға шықса болды арқалары ойнап, қазақтың нағыз намысын көрсетіп, шабады деп топшыладым. Гүлнар апама «Көрдіңізбе, көзіңіз жеткен шығар, айтыс қазақ халықының ежелден келген өнері, қазақ «бренді» десе де болады. Мұндай сайысты жылына бір емес бірнеше рет өткізу қажет» деп ұсынысымды айттым.

Ондай болса жас ақындардың өнеріне куә болаиық ағаиын!

Автор: Журегі мәнгі Қазақ деп соғатын ерлеріңіз «Социум-Қызылорда» қоғамдық қорының төрағасы Ерлан Мусаев.

P.S. Осы ретте «Дарын» жастар продюссерлер орталығының төрағасы Ержан Ерділдәұлына ерекше алғысымды айтқым келеді. Жастардың өнерін бейнебаянға түсіріп өңдеп беруде оның еңбегі зор. Еңбегіңізге табыс тілеймін Ереке!

-3
0
14552

2016 жылдың 5 айында 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 3,3 пайызға төмендеген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша  2016 жылдың  5 айында  2015 жылдың  осындай  кезеңімен салыстырғанда  жол-көлік оқиғасы 3,3 пайызға төмендеген.

http://pravstat.prokuror.kz/kaz/baspasoz/akparaty/2016-zhyldyn-5-ayy-boyynsha-elimizdin-zholdaryndagy-apattylyk-zhne-zharakat-alu

0
0
425

Батысқазақстандық диқандар гектарынан 40 центнер астық жинауды көздеп отыр

568_resize_w_840_h_
Батыс Қазақстан облысы биыл мол астық алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы Зеленов ауданының шаруа қожалықтарын аралаған БҚО әкімі Алтай Көлгіновке диқандар айтты.

Батыс Қазақстан облысында өсірілетін астықтың жалпы көлемінің 40 пайызы Зеленов ауданына тиесілі. 178 шаруа қожалықтың 143-і дәнді дақылдарды өсірумен айналысады.

«Биыл топырақта ылғал жетерлік. Көктемде жауын молынан жауған еді. Соңғы 10 жылда мұндай болмаған. Биыл күзде гектарынан 40 центнерге дейін астық жинауды көздеп отырмыз», – дейді «Калининское» шаруа қожалығы басшысының орынбасары Юрий Калкула.

Облыс әкімімен жүздескен диқандар өз проблемаларын айтып, өтініштерін де жеткізді. Аграрийлер бірінші кезекте күздік бидай үшін әр гектарға субсидияны ұлғайту мәселесін қарауды өтінді.

Источник: http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/apk/batiskazakstandik_dikandar_gektarinan_40_tsentner_astik_zhinaudi_kozdep_otir-2016_06_07-1275108

 
0
0
538

Қазақстанда «Бекіре-2016» балық қорғау акциясы аяқталды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

6.06.16 ж.                                     Астана қ.

Екі ай көлемінде өткізілген балық қорғау акциясы шеңберінде  табиғатты қорғау заңнамасын бұзу бойынша 1217 факті анықталды.  Оның ішінде 915 факті заңсыз аулау, 56 – кеме қатынасы режимін бұзу, 68- балықты заңсыз тасымалдау, 22 – балықты заңсыз сату.

Осылайша заң бұзушылардан 31 тоннадан аса балық тәркіленді, оның ішінде 23 тонна бекіре тұқымдас балығы және 3,5 кг. уылдырық. Бұған қоса 2290 аулау мен 146 жүзу құралдары тәркіленді.

Браконьерлердің балық ресурстарына келтірген залалы 6,8 млн. теңгені құрады. 
«Бекіре-2015» акциясы жыл сайын 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында өткізіледі.  Құқық және табиғат қорғау органдары бағалы балық түрлері уылдырық шашу маусымында заңсыз балық аулауға, өткізуге, сатып алуға және оларды заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Осыған байланысты балықтардың, соның ішінде бекіре тұқымдас түрлерінің уылдырық шашу орындарына кедергісіз жетуіне қолайлы жағдай туғызады.

Акция балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін ҚР АШМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың қолдауымен өткізіледі.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E:[email protected]
W: www.mgov.kz

 
0
0
608

Завершена рыбоохранная акция «Бекіре-2016»

ПРЕСС-РЕЛИЗ

6.06.16 г.                                    г. Астана

За два месяца проведения рыбоохранной акции, органами выявлено 1217 фактов нарушения природоохранного законодательства, в том числе 915 фактов незаконного вылова, 56 нарушений режима судоходства, 68 случаев нелегальной транспортировки рыбы, 22 фактов незаконного сбыта рыбы.
Так у правонарушителей изъято более 31 тонны рыбы, из них свыше 23 тонн осетровых пород и 3,5 кг икры. Изъято 2290 орудий лова, 146 плавательных средств.

Общая сумма ущерба по выявленным фактам нарушений природоохранного законодательства составила 6,8 млн. тенге.
Ежегодно, с 1 апреля по 31 мая в Атырауской, Мангистауской и Западно-Казахстанской областях, в период нереста ценных видов рыб сотрудники правоохранительных и природоохранных органов объединяют усилия по противодействию незаконному вылову рыбы, ее сбыту и нелегальной транспортировке. Таким образом, создаются условия для беспрепятственного прохода рыбы, в том числе осетровых видов, к местам нереста.

Для повышения эффективности рыбоохранных мероприятий «Бекіре-2015» проводится под эгидой заинтересованных центральных государственных органов: МСХ РК, МВД РК, КНБ РК.

 

Пресс-служба МСХ РК
+7 (7172) 55-57-65
E:[email protected]
W: www.mgov.kz

 
0
0
386

Жоғарғы Сот Төрағасы Батыс Қазақстан облысы судьяларының кеңесіне қатысты

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы судьяларының кеңесіне қатысты.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Б.Аметов, сот алқаларының төрағалары, қалалық және аудандық соттардың судьялары, Судьялар одағы филиалы мен Соттар әкімшісінің басшылығы қатысты.

Кеңес барысында Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының өңірдегі соттардың сот төрелігін жүзеге асыруы туралы ақпараты, Судьялар әдебі комиссиясы мен Судьялар одағы филиалы төрағаларының жұмысы туралы есебі тыңдалды.

Өз сөзінде Қ. Мәми «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына енгізілген реформаларды іске асырудың қорытындысы бойынша сот жүйесі жұмысындағы жағымды өзгерістерді атап өтті. Жоғарғы Сотқа жүктелген барлық 11 қадам іске асырылды.

Жаңа Азаматтық процестік кодекс пен «Жоғары Сот кеңесі туралы» жаңа заң қабылданды. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық процестік және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілді. Басқа да заңдармен қатар, аталған заңдар мемлекетімізді, экономикамыз бен қоғамды дамыту үшін түбегейлі жаңа құқықтық орта құрды.

«Енгізілген жаңашылдықтардың ағымдағы жылдың 5 айындағы қолданылуына жүргізілген талдау жаңа өзгерістердің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Реформаларды жүргізудегі ең басты мақсаттардың бірі – сот ісін жүргізуді оңайлату. Ол өз кезегінде түпкілікті сот шешімдерін қабылдау уақытын барынша қысқартуға және судьялардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді», - деді Жоғарғы Сот Төрағасы.

Бұл мақсатқа қол жеткізілді. Мәселен, ағымдағы жылдың 5 айында әрбір екінші азаматтық іс оңайлатылған сот ісін жүргізу тәртібінде қаралған. Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану арқылы аяқталған істердің саны 1,8 есеге өскен. Прокурордың қатысуымен қаралған істердің саны 36 пайызға азайған.

Қылмыстық істер бойынша да жағдай осыған ұқсас – сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу бойынша қаралған қылмыстық істердің саны 37 пайызға, келісімдік іс жүргізу бойынша 2,5 есеге, сәйкесінше, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың үлес салмағы 1,6 пайызға азайған.

Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктері мен біліктілік талаптары қатаңдатылды. 2016 жылы 1220 судьяның кәсіби қызметіне бағалау жүргізіледі.

Қ.Мәми Судьялар әдебі кодексінің жаңа жобасы әзірленгенін, ол 2016 жылдың күзінде өтетін Судьялардың жетінші съезінде қабылданады деп жоспарланып отырғандығын айтты. Кодекс жобасы судьялар қауымдастығымен келісілген және Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің отырысында мақұлданған. Қоғамда кеңінен талқылау үшін ол еліміздің жоғары сот органының сайтына орналастырылған. Кодекс жобасына қатысты Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясы сарапшыларының алдын-ала қорытындысы алынды. Ол ағымдағы жылғы 10 маусымда Венецияда (Италия) өтетін Комиссияның 107 жалпы отырысының шеңберінде бекітіледі деп күтілуде.

Жоғарғы Сот Төрағасы Батыс Қазақстан облысы соттарының жұмысы үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалған және белгілі-бір оң нәтижелер де бар. Мәселен, татуластыру рәсімдері қолданыла отырып қаралған азаматық істердің саны 2,5 есеге артқан. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындау 2,1%-ға (64,4%-дан 66,5%-ға дейін) артқан.

Дей тұрғанмен, кейбір көрсеткіштер назар аударуды талап етеді. Мәселен, Зеленов, Жәнібек және Бөрлі аудандық соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы біршама төмендеген.

Жоғарғы Сот облыстық соттың апелляциялық сатысының 5 қаулысының күшін жойды. Сот процестерінің уақытылы басталмау фактілері орын алған.

Айтылған сынға байланысты кеңес қорытындысы бойынша келешекте атқарылуы тиіс бірқатар нақты міндеттер қойылды.  «Жекелеген өңірдегі сот төрелігінің сапасы кассацияның қорытындысы бойынша айқын көрінетін болады. Істердің кейбір бөлігінің соңғы шешімі облыстық сотта шығарылатындықтан, облыстық соттың тұрғындар алдындағы жауапкершілігі айтарлықтай артып отыр. Сот істерінің басым бөлігі бір-екі сатыда қаралумен аяқталуы керек, ал апелляциялық қаулы өте сирек жағдайларда ғана қайта қаралуы тиіс», - деді Қ.Мәми.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық сотының басшылығы мен судьяларына сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысын күшейтуге, судья әдебі нормаларын сақтауға, азаматтарды жеке қабылдаудың сапасын арттыруға, сот практикасына тұрақты талдау жүргізуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және электронды сот төрелігін дамытуға назар аудару тапсырылды.

Республиканың алдағы судьялар съезіне дайындық бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.

 

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-toragasy-batys-kazakstan-oblysy-sudyalarynyn-kenesine-katysty

0
0
672

Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған патриоттық жастар форумы

4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздер күні. Осы айтулы мерекеге орай Лебяжі ауданы Ішкі саясат бөлімі «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Мақтанышым – Мемлекеттік Рәміздер» атты патриоттық жастар  форумы өткізілді.

Форумның мақсаты: Өскелең ұрпақты Рәміздерді құрметтеу арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу. Мемлекеттік рәміздер — мемлекетіміздің негізгі құрамдас бір бөлігі. Алтын күн мен қыран бейнеленген көк Туымыз барша қазақстандықтардың шаңырағы ретінде бейнеленген ал, Елтаңбамыз бізді бүкіл әлемге тәуелсіз Қазақстан ретінде танытуда.

Форум барысында салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Туы залға енгізілді. Аудан әкімі жиналғандарды құттықтап, ауданның патриот жастары Равдал Ержанат, Саенко Михаил, Жумадилова Айзаданы сондай – ақ, Тәуелсіздік құрдастары Оспанова Риза мен Жұмабаев Бауыржанды алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Іс-шараға мекеме басшылары, ауданның белсенді жастары, колледж студенттері мен мектеп оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, аудан тұрғындары белсене қатысты.

Жастар мемлекеттік Рәміздерге құрмет көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын патриоттық әндер орындады. «Жас Ұлан» ұйымының «Туған жер» атты хоры,  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған флешмоб биі, Лебяжі жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Женалина Айсұлу «Мемлекеттік Рәміздер» атты өлең оқып, жастар бойына патриоттық сезім сыйлады.

Форум соңы шарға байланған «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты эмблеманы Тәуелсіздік құрдастары мен ауданның белсенді жастары көкке ұшыруымен аяқталды.

«ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығы

1
0
1784

ҚызықтыDay

7 июня 1938 года в Тбилиси родился  Самвел Гаспаров. Российский советский режиссер, сценарист и актер. Окончил режиссерский факультет ВГИКа (1970, мастерская М.Ромма).Работал шофером, ассистентом режиссера, писал рассказы. Участвовал на съемках фильма Т.Абуладзе «Ожерелье для моей любимой». Режиссер Одесской киностудии.

7 июня 1848 года в Париже родился французский живописец, скульптор, график и керамист Поль Гоген. Один из главных представителей постимпрессионизма, близкий к символизму и стилю модерн, использовавший синтетические обобщения и упрощение цвета и линий.

7 июня 1952 года в Москве родилась Дарья Донцова (настоящее имя Агриппина Аркадьевна Донцова (в девичестве фамилия Васильева) — российская писательница, автор женских иронических детективов, член Союза писателей России. Лауреат многочисленных литературных премий.

7 июня 1958 года (Минеаполис, штат Минесота, США) — 21 апреля 2016 (Пейсли Парк, штат Минесота, США) Американский певец (ритм-энд-блюз), композитор, музыкант, актер, режиссер. На протяжении большей части своей карьеры выступавший под именем Принс / Prince. Лауреат премий «Грэмми», «Оскар» и «Золотой глобус».

7 июня 1981 года в Москве, в спортивной семье родилась Анна Сергеевна Курникова — бывшая российская теннисистка и фотомодель, бывшая первая ракетка мира в парном разряде (единственная россиянка, добивавшаяся этого достижения), ныне также гражданка США. Двукратная победительница Открытого чемпионата Австралии в парном разряде (оба раза — с Мартиной Хингис). Самая юная участница Олимпийских игр в истории России (во всех видах спорта) — на момент её дебюта на Олимпиаде-1996 в Атланте Анне было 15 лет.

7 июня 1987 года в Сызрани родилась российская поп-певица Глюкоза (настоящее имя и фамилия Наталья Ильинична Чистякова-Ионова).

1
0
262

Білім алуға қаражат жинауды қашаннан бастау керек?

«Білім алуға қаражат жинауды қашаннан бастау керек?» сұрағына жауап.

Ерте ме, кеш пе әрбір адам өзінің немесе балаларының болашағына алаңдай бастайды. Қалайда тұрмыс жағдайын көтеріп, өздерін қамсыз қарттық шақпен қамтамасыз етуді және балаларына білім алып берудің амалын ойластырады.

Бұл жолда жоспарлаған соманы тез жинақтау мүмкін бола бермейтіні белгілі. Ақша жинақтауды кез келген жаста бастауға болады және неғұрлым ертерек бастасаң, соғұрлым жақсы. Өйткені, ақша жинақтауда уақыт ең жақсы көмекші.

Қазіргі кезде қаражатты қор ретінде сақтап қана қоймай оны үсті-үстіне көбейтіп, болашаққа сақтандыратын «құтқару салын» дайындап қойған дұрыс.

Ендігі туындайтын сұрақ – қаражатты қайда салу керек?

Қазақстанның қаржы нарығындағы тұрақсыздықты ескерер болсақ, қазір бар жинақты сақтап, оны көбейтуге нағыз оңтайлы кез келді. Соның ішінде оны дұрыс арнаға салу, яғни өз балаларыңның, өзіңнің болашақта білім алуына бағыттау ең маңызды іс, өйткені интеллектуалды ақпараттық            21 ғасырда өзін - өзі жетілдірмеген, барынша кемелденбеген, жалпы, білімі жоқ адамға қоғамда өз орнын табу өте қиын.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі осы – ақша жинақтау, жинақты көбейту және нәтижесінде білім алу мақсатында жасалған. Бағдарламаның операторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің негізгі артықшылықтарының бірі – білім беру жинақтау депозитіне серіктес банктен жылдық 14 % мөлшерінде төленетін сыйақыдан бөлек, жыл сайын жылдық 5% бастап мемлекеттен сыйлықақы есептеледі.

Нәтижесінде, білім беру жинақтау депозиттері білім алуға шығыстарды шамамен 30-40%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Бір айта кетер жайт, білім беру жинақтау депозиті банкте азаматтың өз атына ашылады және ҚР заңнамасына сәйкес оны иесінен басқа ешкім пайдалана алмайды.

Әлбетте, жинақтау валютасы да, яғни жинақтың қандай валютада жасалып, сақталатындығы өте өзекті мәселе.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңда білім беру жинақтау депозиттері ұлттық валюта – теңгеде ғана ашылады деп көзделген. Бұған бірқатар себептер бар:

- Қазақстан азаматтары жалақыны теңгеде алады;

- Қазақстанның ЖОО-ларында оқу ақысы ұлттық валютада төленеді. Сондай-ақ, тағы бір ескерер жайт, соңғы 5 жылда оқудың орташа құны бір деңгейде сақталып отыр;

- теңгелік депозиттермен салыстырғанда валюталық депозиттер бойынша мөлшерлеме бірнеше есеге төмен. Қазір ол барлығы жылдық 2 % құрайды. Ал білім беру жинақтау депозиттері бойынша сыйлықақымен бірге есептегендегі табыстылық кемінде 19%-ды құрайды, яғни айырмашылық жер мен көктей.

Сондай-ақ Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры ұлттық валютадағы депозиттер бойынша кепілдікті өтеу сомасын 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін көбейткендігін айта кету керек.

Білім беру жинақтау депозитінің ерекшеліктері:

- білім беру жинақтау депозиттері жүйеге қатысушы банктерде ашылады;

-салым бойынша минималды бастапқы жарна 3 АЕК (2016 жылы 6 363 теңге);

-жинақтау мерзімі 20 жылға дейін;

-мемлекеттің атынан Қаржы орталығының 100% кепіл болуымен білім беру кредитін алуға болады.

Ел экономикасы ұлттық валютаның бағамы «еркін жүзуге» жіберілген жағдайда болғанына қарамастан күн сайын жүйеге қатысушы банктерде 10-нан астам білім беру жинақтау депозиттері ашылады. Егер 2013 жылы бар-жоғы 700 білім беру жинақтау депозиті болса, бүгінгі таңда салымшылар саны 15 000 адамға жуықтайды.

Бір қуанарлығы, бағдарламаға меценаттар, қайырымдылық корлар, сондай-ақ отандық кәсіпорындар мен ұйымдар қосылуда.

Жобамызды бірінші болып қолдағандардың ішінде «Бөбек» қоры Қазақстанның білім беру ұйымдарында тәрбие алып жатқан жетім балалардың барлығына дерлік білім беру жинақтау депозиттерін ашу үшін шамамен 5,1 млрд. теңге бөлді.

Осы ретте, «Нұр Отан» партиясы, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Отбасылық тәрбие институты және Қазақстанның басқа да кәсіпорындары мен ұйымдары әлеуметтік санаттағы тұрғындарға Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі арқылы білім алу бойынша қолдау көрсетуде.

   
0
0
538

Внимание конкурс! Проект «Жұлдыздарға қара» — «Посмотри на звезды»

С 1 июня по 1 июля идет прием заявок на участие в проекте «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды». Его организатор – благотворительный фонд "Кус Жолы". Проект поддержали Фонд "Развития Предпринимательства "Даму " и Kazkom. Предприниматели с инвалидностью смогут претендовать на получение безвозмездного гранта в размере до 300 тысяч тенге на развитие своего бизнеса.

В данном конкурсе бизнес-идей могут принять участие  совершеннолетние граждане Казахстана, достигшие 18-летнего возраста и старше, имеющие группу инвалидности (врожденная либо приобретенная), имеющие активную жизненную позицию и стремление использовать свои навыки, знания, опыт с целью личной и профессиональной реализации в обществе и своей семье.

Проект поддерживает стремление людей с ограниченными физическими возможностями преодолеть свое социальное неравенство с помощью предпринимательской деятельности за счет грантов на целевое развитие своих бизнес-идей.

Заявки принимаются до 01.07.2016 года в нашем ЦОП по адресу: г. Астана, ул. Кажимукана, 8А, 1 этаж, окно №4 и №5, тел 559434.

Центр обслуживания предпринимателей Фонда «Даму» по адресу: г. Алматы, ул. Гоголя, 111, уг. ул. Наурызбай батыра, 1 этаж, правое крыло. Справки по тел. +7 (727) 244 55 66, вн. 3110, 3116.
E-mail: [email protected], [email protected]

Сумма гранта по 1 заявке составляет - не более 300 000 тенге.

Образец формы заявки, порядок ее заполнения и перечень пакета документов можно найти на сайте www.damu-komek.kz. и www.kuszholy.kz.

2
0
233