Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік қызметтің имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі семинар

2016 жылдың 31 мамыры күні Есіл ауданының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.А. Жапақовтың төрағалық етуімен ҚР мемлекеттік қызметінің реформасын, «100 нақты қадамның» Ақмола облысында жүзеге асырылуын, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру жөніндегі семинар өткізілді. Кездесуге Есіл ауданының әкімі А. Қалжанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері және бұқаралық акпарат құралдары қатысты. Әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына, сыбайлас жемқорл…

0
0
419

БҚО агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясында маңызды кездесу өткізілді

2016 жылдың 30 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментімен агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес жұмысына департамент өкілдерімен бірге прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы БҚО департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» РҚБ филиалының қызметкерлері қатынасты. Семинар барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкерлері жиналғандардың алдында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері туралы баяндады. Сонымен қатар, қатысуш…

0
0
341

Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы аяқталды

Баспасөз хабарламасы 1.06.16 ж. Астана қ. Жыл сайын мамыр айында су жағалауларының аумақтарын жинау мен балық шаруашылығы су айдындарын тастанды желілерден тазарту мақсатында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізіледі. Осы жылы акцияға орта-арнаулы және жоғарғы оқу орындарының студенттері, әкімдіктер, қоғамдық ұйымдар, су айдындарын жалдаушылар қатысты. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша республиканың су айдындарынан 110 км астам қараусыз желілер табылып, 552 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар алынды. Салыстыру үшін 2015 жылы 128,8 км желі қағып алынған болатын және 3850 тонна қоқыс тасып әкетілді. ҚР АШМ Орман және жануарлар дүниесі комитеті акция қорытындысы бойынша акцияға қатысушыларды грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттамақ. Анықтама:Согласно приказу Мини…

0
0
747

Мүгедек болса да өнерімен Білім және Ғылым министрін тәнті қылған балалардың концерті өтті

1−маусым Халықаралық балаларды қорғау күні «ВІ−Жұлдызай 2016» қайырымдылық фестивалі мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер көрсетуімен гала−концерт өткізді. ХІ Республикалық балалар шығармашылық фестиваліне «Кешью», Жанар Дугалова, Маржан Арапбаева, Диана Шарапова мен Ардақ Алекешев сынды өнер жұлдыздары шақырылды. Білім және Ғылым Министрі Ерлан Сағадиев те фестивальге өз үлесін қосқанын айтты: «Осындай балалардың дарындарын ашатын, білімдерін арттыратын шараларды көптеп өткізуге тырысамыз. Болашақта ел мақтанатын үлкен азамат болсын дейміз». Балалар өз өнерлерін эстрада жұлдыздарымен бірге көрсетті. Есту қабілеті бұзылған Дана Нұрболатпен ән салған Жанар Дугалова: «Бұрын да Дананың менің әнімді ыммен айтқанын көрген болатынмын. Жүрегімді елжіретіп жіберді. Балалардың барлығы да өте дарынд…

1
0
773

Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)

Ертең, 2 маусымда, ғарыш айлағын, қаланы қамтитын «Байқоңыр» ғарыш кешеніне 61 жыл толады.Қала және ғарыш айлағы күні - жергілікті тұрғындардың басты мерекелерінің бірі. Дәстүрлі түрде мерекелік күн еске алу жиынынан басталады. 2 маусым таңертең Байқоңыр тұрғындары мен қонақтары С.П Королев ескерткішіне және қаза тапқан ғарышқа алғаш ұшқан ұшқыштар мемориалына гүл шоқтарын қояды. Қалалық әкімшілік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңырдың 61 жылдығы қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылады. Қалалықтар үшін өмір қиындығына тап болған кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімдерге арналған «Викинг» фитнес-клубы ашылды. Әлеуметтік пәтерлер кілті табыс етіледі. Мереке құрметіне қалалық мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, арты мерекелік концертке ұласады. Салтанатты жиында «Байқоңы…

0
0
664

Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)

Ертең, 2 маусымда, ғарыш айлағын, қаланы қамтитын «Байқоңыр» ғарыш кешеніне 61 жыл толады. Қала және ғарыш айлағы күні - жергілікті тұрғындардың басты мерекелерінің бірі. Дәстүрлі түрде мерекелік күн еске алу жиынынан басталады. 2 маусым таңертең Байқоңыр тұрғындары мен қонақтары С.П Королев ескерткішіне және қаза тапқан ғарышқа алғаш ұшқан ұшқыштар мемориалына гүл шоқтарын қояды. Қалалық әкімшілік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңырдың 61 жылдығы қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылады. Қалалықтар үшін өмір қиындығына тап болған кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімдерге арналған «Викинг» фитнес-клубы ашылды. Әлеуметтік пәтерлер кілті табыс етіледі. Мереке құрметіне қалалық мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, арты мерекелік концертке ұласады. Салтанатты жиында «Байқоң…

0
0
715

Бала деген бір бақыт..

Баршамызды бала тілмен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой самғайтын Ата - ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын Сүйкімді періштелер сендерсің Қандай бейне өздеріңе тең келсін! Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да, Ең алдымен балалықты меңгерсін. 1 Маусым - Халықаралық балалар қорғау күні.Мерекеге орай Павлодар облысының полиция қызметкерлері балаларға көңілді мереке ұйымдастырды. Жаңа футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімін бүгінгі мереке иелеріне тапсырылды. Балалар үйінің тәрбиенушілерін және азқамтылған отбасы балаларына спорттық сыйлықтар ұсынды. «Ертіс» футбол командасының ойыншылары фристайл бойынша мастер кластарын көрсетіп, Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушілерімен футболдан бақ сынады. Футбол ойынынан соң қару-жарақтардан құралған көрме көрсетілді. Бірақ…

1
0
5128

Кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуы

2016 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында (Бұдан әрі – әкім ппараты) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді. Шараның модераторы – әкім аппаратының басшысы Е.Ш. Тушанов. Семинар-кеңестің жұмысына әкім аппаратының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты. Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жас мемлекеттік қызме…

0
0
265

Жамбыл облыстық сотының судьялары журналистерді Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің жұмысы туралы ақпараттандырды

Орталық коммуникациялар қызметінің Жамбыл филиалында өкен брифингте облыстық соттың судьялары журналистерді Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің жұмысы туралы ақпараттандырды. Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаеваның ақпараты бойынша 2016 жылдың 4 айында Жамбыл облысы соттары медиациялық рәсімдерді қолдана отырып, 286 азаматтық іс (3,0%): 51 қылмыстық іс (11,5%) және 48 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (9,5%) қаралған, 3 азаматтық іс бойынша партисипитивтік келісім бекітілген. 2015 жылы облыс соттары медиатордың қатысуымен 467 азаматтық және 104 қылмыстық іс қаралған. Судьялар әкімшілік жанындағы медиация кабинеттерінің құрылуына жәрдемдескен, онда тұрғындар тұрғылықты жерінен шықпай-ақ дауларын шешіп, татуласуға жету үшін медиаторлардың көмегіне жүгіне алады. Осылайша, Сарыс…

0
0
400