Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола өңіріңінің жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

А.ж.  12-14 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен  Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған  «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!»   жастар ақпараттық- насихаттық тобы  (бұдан әрі - ЖАНТ) облыс өңірінің Бурабай, Еңбекшілдер және Бұланды аудандарына барды.

Ақпараттық- насихаттық топтың мақсаты – облыс жастарын мемлекеттік саясаттың бағыттарымен таныстыру.

Үш күн ішінде облыстың ішкі саясат  және жастар саясаты мәселелері басқармаларының  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын  жүзеге асыру аясында  ҚР Мемлекеттік қызметістері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілімен; Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық-талдамалық бөлімінің басшысымен;  «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасарымен аудан жастарының кездесулері өтті.

Департаменттің өкілі Даниар Каконов: «Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз көзқарас әрбір азаматтың азаматтық ұстанымы болуы тиіс. Бұндай көзқарас, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет  болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.  Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның және әрбір жеке  азаматтың ісі екенін түсінуі керек», - деп сөзін қорытындылады.

Сонымен қатар, аудан басшылығының, ЖАНТ қатысушыларының, жастар активінің  қатысуымен пленарлық отырыстар өтті. Аталған отырыстарда кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалған мақсаттары мен міндеттері жөнінде және облыс аумағында жүргізіліп отырған  халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  жұмыс туралы толық мәлімет алды.

0
0
361

Осы тақырып бойынша

Ақмола өңіріңінің жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz