Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы сыбайлас жемқорлықтан ада

А.ж. 15 шілдеде Ерейментау ауданында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде «Теплосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (ШЖҚ КММ) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы сыбайлас жемқорлықтан ада» тақырыбында отырыс өтті.

Іс-шараның мақсаты:  «Теплосервис»  ШЖҚ КММ еңбек  ұжымына ТКШ саласындағы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зияны туралы  баяндау.

Негізгі баяндаманы Ерейментау ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясының бас маманы И. Воробьева оқыды.

Баяндама барысында И. Воробьева марафонның  халықтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, әлеумет тынысындағы осы жаман көрініске төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру үшін өткізіліп отырғанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың ең жиі кездесетін және қауіпті көрінісі – парақорлық, сондықтан, парақ берудің себептері мен пара алудың шарттарын жою ісінде белсенділік көрсетуге шақырды.

0
0
559

Осы тақырып бойынша

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы сыбайлас жемқорлықтан ада - Yvision.kz