Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шетелдік туристтер легі жалғасуда.

14 шілде күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Швейцария мемлекетінің азаматтары Thibault Vallotton және Boris Siemaszko келді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларын аралап келе жатқан бұл қонақтардың басты мақсаты ортағасырлық сәулет өнерінің аса құнды ескерткіші Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жан жақты түсіріп қысқаметражды ролик дайындау екен. Әрі журналист болып жұмыс істейтін Thibault Vallotton-ның айтуынша жақын аралықта дайын болған қысқаметражды роликты Швейцарияның мемлекеттік телеарналарынан барша телекөрермендерге көрсетілмек. Осындай игі істердің арқасында Қазақстан, Түркістан, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі кеңінен насихатталуда.


0
0
292

Осы тақырып бойынша

Шетелдік туристтер легі жалғасуда. - Yvision.kz