Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

А.ж. 14 шілдеде  «Нұр Отан» партиясының  Ерейментау аудандық филиалының кеңсесінде облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонышеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Н. Мандаевтың төрағалық етуімен Кеңес отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды: «№3 Станциялық сайлау округі» алғашқы партия ұйымының  «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» партиялық жобасын орындауы туралы»; «ХҚКО-ның 6 айда халыққа қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы»; «2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Ерейментау ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар мониторингінің қорытындылары туралы».

Қоғамдық кеңестің отырысына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Дүйсембаева, комиссия мүшелері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Талқыланған мәселелер бойынша Кеңес мүшелері бірқатар нақты тапсырмалар, ұсыныстар және түбегейлі баға берді.

         

0
0
632

Осы тақырып бойынша

«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz