«Адалдық елі»
А.ж. 13 шілдеде «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны шеңберінде Ерейментау ауданының «Болашақ» бала бақшасында «Адалдық елі» тақырыбындағы тақырыптық сабақ өтті.
Ойын сабағы «Жүректен жүрекке» шаттық шеңберінен басталды, мұнда балалар бір-біріне денсаулық, игілік, бақыт, адал, әділетті, кішіпейіл болуды, үлкендердге құрмет көрсетуді тіледі. Шаттық шеңберінен кейін балалар «Адал болу» еліне саяхатқа аттанды. Саяхат жолында балалар достық, адалдық және әділдік туралы мақал-мәтелдердің көмегімен түрлі кедергілерден өтті. «Шын-өтірік» жаттығу-ойыны өткізілді.
Ойын сабағының соңында балалар «Адал болу» елінің кейіпкерлеріне «адалдық жүрекшелерін» тарту етіп, өздерінің ізгі тілектерін айтты. Бұл іс-шара ересек топтардың тәрбиеленушілері арасында жүргізілді.

