Жемқорлықсыз болашақ
А.ж. 4 тамызда Целиноград ауданының Қараөткел ауылында «Адал жол- Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында №2 орта мектептің ұжымымен және жастармен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – жастардың бойында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге төзбеушілікті қалыптастыру, қоғамның мемлекет институттарына сенімін, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Дөңгелек үстелдің соңында Қараөткел ауылдық округінің әкімі А. Қонбай сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру жөніндегі өз пікірін айтты. 
