Облыс өңірлерінде түсіндіру жұмыстары жалғасуда
А.ж. 2-3 тамыз күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!» жастар ақпараттық- насихаттық тобы (ЖАНТ) облысымыздың Астрахан және Целиноград аудандарына барды.
Үш күн ішінде облыстың ішкі саясат және жастар саясаты мәселелері басқармаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызметістері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілімен; Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық-талдамалық бөлімінің басшысымен; «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасарымен аудан жастарының кездесулері өтті.
Іс-шараларға ауылдық округтердің әкімдері, аудандардың жас мемлекеттік қызметшілері, кәсіпкерлер, діни бірлестіктердің өкілдері, жастар қатысты.

