«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізілді
2016 жылдың 3 тамызында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Ақмола облысы ішкі істер департаментінің комиссия отырысына ақмола облысының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері бақылаушы ретінде қатысты. Конкурсқа 25 адам қатысты. Үміткерлермен әңгімелесу барысында қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу тіркелген жоқ.
«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстарды өткізу ережесіне сәйкес, конкурсқа қатысушылар және үміткерлер 5 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен конкурс комиссисының шешіміне шағымдана алады.
