G20: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға барған сапарының қорытындысы
Қытайдың Ханчжоу қаласында екі күн бойы «Үлкен жиырмалық» (G20) саммиті өтті. Қытайда тұңғыш рет өтіп жатқан G20 саммиті әлемдік экономика дамуының жаңа жолдары тақырыбына арналған. Биыл Қытайдағы үлкен жиырмалықтың он бірінші отырысы өтті. Үлкен жиырмалық – 20 ірі ұлттық жкономика, әлемдік өнімнің 85 пайызы, әлемдік сауданың 75 пайызы. Мұнда жаһандық экономика мен саясаттың салмақты мәселелері талқыланады, ірі өңірлік және әлемдік мәселелер, соның ішінде қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар әзірленеді. Мемлекет басшысы G-20 саммитіне өзінің екінші рет қатысып отырғанын және биыл ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен келгенін айтты. «Әлемдік экономиканың, сауда мен капитал қозғалысының өсу қарқыны баяулап келеді. Ол миллиондаған адамның әл-ауқатына әсер етеді. Дүниежү…
