Елімізге туристерді көптеп келтіру, қазір әр жерде айтылып жатыр. Мәселе ретінде көтерілетін 3 тақырып болса, соны бірі туристер. Себебі де түсінікті. Туристер арқылы ел қоржынын қампайту және танымалдықты арттыру. Біздің елге туристер Алматыдағы Шымбұлақ пен Шарынды, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көруге көп келеді. Бірақ, бұл тамаша орындардың насихаты керемет деп те айталмаймын. Бұдан да көп турист тарту үшін, түрлі жарнамалық роликтер мен шетелдік басылымдарға жарманалық мақалалар жариялау керек. Нәтиже сонда өзгереді.
Сондай-ақ, бірден бір турист көп келеді деп күтілген орын ол 2017 жылы өтетін EXPO-2017 көрмесі. Кеше ғана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қоғамдық кеңестің үшінші отырысында Есімов 350 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп жоспарлап отырмыз деді. Сол 350 мың шетелдікті тек Астанадан қайтармай, еліміздің басқа да өңіріндегі керемет жерлерді аралатуға алып барсақ, көп нәрсе ұтамыз және олардың елімізге қайта келуіне жол ашамыз.
Кеңес отырысында тағы бір әдемі идея айтылды. Ол – Байқоңыр. Бізге айлаққа барып, ракета тамашалау қызық емес шығар. Бірақ шетелдіктер ракетаның ұшқанын көруді қатты ұнатады екен. Оған да дәлел бар. Америкадағы Канавералға жылына 3 млн турист барады екен. Солардың әрқайсысы кемі мың доллар ақшасын сол өңірдің қоржынына салып кетеді. Күшті, иә?!
(фото: liter.kz)
ЭКСПО-2017 қоғамдық кеңесінің отырсында Есімов Байқоңырды сол Канаверал деңгейіне неге көтермеске деген ұсыныс айтты. Негізі сол 3 млн туристің 1 млн-ін Байқоңырға тарта алсақ, біз көп нәрсе ұтар едік. Мейлі алғашқы жылдарда 400-500 мыңын тартайықшы. Соның өзі үлкен табыс әрі жетістік. Мәселен мен Байқоңырға барып көрмеппін. Оған қалай баратынын, ол жаққа барғанда не көруге болатынын білмеймін. Егер жақсы жарнама жасалса, түрлі роликтер түсірілсе көптеген адамның тамашалағысы келетін орын ғой.