Мазмұнға өту

Жаңа

С.Чаудхури: ҚР Президентінің Семей ядролық полигонын жабу туралы бастамасы үлгі аларлықтай

ҚР Президентінің Семей ядролық полигонын жабу туралы жаһандық бастамасы үлгі аларлықтай шешім, деді Парламентаралық одақтың төрағасы, PNND тең төрағасы Сабер Чаудхури.

Респу­блика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозға­лыс ядролық жарылыстарға қарсылық біл­діріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақ­сат етті, Семей ядролық полигонында ядро­лық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Ан­тиядролық қозғалыстың күш-жігері арқа­сын­да 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сы­нақ­ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы яд­ро­лық сы­нақ осы жылдың 19 қазанында жасалды.Оларды Семей, Павлодар, Өске­мен, Жез­қазған жұмысшылары және сон­дай-ақ Жо­ғарғы Кеңес қолдады.  «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы Семей қаласындағы бөлімшесінің 1989-2000 жылдары алғашқы төрағасы болған Марат Мауытқанұлы Оразалин қозғалыстың құрылған кездерін былай деп еске алады: -1989 жылы ақпанның 12-і мен 18-і күндері әскерилер ешкімге ескертпей, Семей полигонында атом бомбасының сынағын өткізді. Сынақ кезінде жердің жарығынан оқшау (инертті) газдар ауаға бөлініп шыққан екен.

«Мен Қр Президенті Н.Назарбаевтың шешімі мен Қазақстан халқының бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы бастамаларына қайран қаламын.  Семей ядролық полигонын жаба отырып, Орталық Азиядағы  ядролық қарудан ада өңір құруға  ұмтылу  қасиеті  үлгі аларлықтай», - деді сарапшы.

С. Чаудхуридің айтуынша, Қазақстан ірі шаралар өткізу арқылы әлемді біріктірді, «АТОМ» жобасы іске қосылып, бүгінде парламентарилер мен жетекші дін қауымдастықтарының басын біріктіріп отыр.

Сондай-ақ, сарапшы, Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне тағайындалуы  кеңестің реформаларын кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Семей ядролық полигонының зардабы мыңдаған адамдардың тағдырына әсер етті. Алайда, сынақтың жабылуы туралы Елбасы Н.Назарбаевтың шешімі  бұқаралық жоюға қарсы шығудың алғашқы мысалы болды, және ол үлгі аларлықтай.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
411

ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Шелл Қазақстан Б.В.» арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою туралы баспасөз хабарламасы

Астана қаласы, Қазақстан Республикасы, 2016 жылғы 6 қыркүйек. – Бүгін, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Шелл Қазақстан Б.В.» арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қолдарын қойды, оның мақсаты Қазақстан Республикасының энергетикалық саласы алдында тұрған стратегиялық бастамаларды іске асыру үшін ықтимал мүмкіндіктерді бірлесіп зерделеу болып табылады. Меморандум тараптардың ұзақ мерзімді өзара пайдалы әріптестікті нығайтуға бағытталады және одан арғы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін анықтайды.

Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президенті Сауат Мыңбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ  Бас директоры Рүстем Сүлейманов және «Шелл»  концернінің мұнай және газды барлау мен өндіру бойынша атқарушы директоры Эндрю Браун қатысты.

Меморандум шеңберінде газды өндіру мен мұнайгаз-химия нарықтарын зерттеу саласында ынтымақтастық, қазақстандық кен орындарының мұнай беру көлемін жоғарылату әдістерін зерттеу, тәжірибе мен жаңа технологиялармен алмасу, сондай-ақ энергияның жаңартылатын көздері саласында жобаларды дамыту ықтималдығын зерттеу жоспарланып отыр.

«Шелл»  компаниясымен, «ҚазМұнайГаз» және «ҚазТрансГаз» компанияларымен меморандум жасасу мемлекеттік және коммерциялық сектормен әріптестік орнатуының жағымды үлгісі болып табылады. Біз, қазақстандық мұнай-газ саласындағы мамандардың білімі және «Шелл» компаниясының халықаралық тәжірибесі елімізде өндірісті жан-жақты дамытатын энергетикалық нарық құруға мүмкіндік береді деп сенеміз, бұл жалпы алғанда ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігіне өзінің тиімді әсерін тигізеді, - дедіөз баяндамасындаҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

«Қол қойылған меморандум шеңберінде біздер мұнай-газ саласындағы қолда бар объектілерді дамытудың ықтимал мүмкіндіктерін зерттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды,  Қазақстанның өндіру саласын дамытудың жол картасы шеңберінде «Шелл»  компаниясымен бірлескен жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ энергетикалық технологиялар саласында және жалпы тұрақты энергетиканы дамытуда тәжірибеменалмасуды жоспарлап отырмыз» - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президенті Сауат Мыңбаев.

«Біз «Шеллдың» Қазақстан Республикасына келгеннен бергі көп жыл ішінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде орнаған өзара қарым-қатынасын өте жоғары бағалаймыз. Біздің компания ҚазМұнайГазбен және Қазақстан Республикасымен стратегиялық әріптестікті бұдан әрі нығайтуға ниетті. Біз, Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және ҚазТрансГаз арасында қол қойылған меморандум арқасында елдің мұнай-газ секторының дамуына қосымша үлес қосуға мүмкіндігіміз болғанына қуаныштымыз. Біз барынша қолдау көрсетуге және газды қайта өңдеу бойынша мүмкіндіктерді зерделеу үшін, мұнай беруді жақсарту және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыруда өзіміздің техникалық алдыңғы қатарлы тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», - деді өз сөзінде «Шелл»  концернінің мұнай және газды барлау мен өндіру бойынша атқарушы директоры Эндрю Браун .

0
0
279

Павлодар мен Ресей арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 517 млн долларды құрады

Павлодар облысының әкімі Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті. Тараптар екі жақты әріптестік мәселелерін талқылап, Астана қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің бірлескен форумы туралы сөйлесті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Болат Бақауов өзара әңгімеде Павлодар облысының Ресей Федерациясының көршілес өңірлерімен арадағы сауда айналымының аса жоғары екенін атап өтті. Ресми деректер бойынша 2016 жылдың бірінші жартысында сауда көлемі 517 млн. долларға дейін жетіп, оның ішінде экспорт көлемі 301 млн. доллар болса, импорт 216 млн. долларды құрады.

Өз кезегінде Михаил Бочарников аймақ басшысына алғысын білдіріп, осы жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық форумында кездесетінін атап өтті.

«Форум шеңберінде министрлер мен аймақ басшыларының қатысуымен мемлекет басшыларының кездесуі өтеді», - деп атап өтті дипломат. – Орталық органдармен қатар, өңірлер арасында да бірқатар келісімшарттарға қол қойылады.

Павлодар облысының тоғыз жүзден аса кәсіпорындары мен кәсіпкерлері ресейлік әріптестермен сыртқы экономикалық байланыс орнатқан. Олардың ішінде ірі кәсіпорындар да баршылық. Өңірімізде екі жүзден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Ресейге экспортқа шығатын саланың басым бөлігін отын-энергетикалық, металлургия және химия өнеркәсіптерінің өнімдері құрайды. Атап айтқанда, облыста өндірілетін алюминий, көмір, метал құбырлар, полипропилен, хлор, тұз қышқылы көрші мемлекетке сатылымға шығарылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
253

Қазақстанның G20 саммитіне қатысуы елдің мәртебесін халықаралық деңгейде көтереді – сарапшы

Өзінің көпвекторлы және ядролық қарусыздану саясаты аясында Қазақстан әлемдік саясаттағы маңызды ойыншы болып табылады, Қазақстанның G20 саммитіне қатысуы елдің мәртебесін халықаралық деңгейде көтерді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында саясаттанушы Ерлан Хаиров.

«Үлкен жиырмалық саммиттінің форматы әлемдік экономика мен әлеуметтік саясаттағы   өте ауқымды болып табылады. Оған дамыған нарық көшбасшылары Қытай, Үндістан, Бразилия, Оңтүстік Африка қатысады. Саммитте экономикалық, әлеуметтік, демографиялық даму  мәселелері талқыланады.  Елбасының аталмыш саммитке қатысуы Қазақстанның маңыздылығын арттыратын басты фактор болып табылады», - деді сарапшы.

Е.Хаировтың айтуынша, бүгінде Қазақстан көпвекторлы және ядролық қарусыздану саясаты аясында  Қазақстан  әлемдік саясаттағы маңызды ойыншы болып табылады.

«Аталмыш шарада Елбасы әлемдік экономиканы дамыту бойынша өз ұстанымын айтты. Меніңше, оның бастамалары  әлемдік державалар көшбасшыларының назарын аударады. Осы сынды шараларға қатысу Қазақстанның  мәртебесін халықаралық деңгейде көтерді», - деді сарапшы.

Айта кетейік, Қытайдың Ханчжоу қаласында екі күн бойы «Үлкен жиырмалық» (G20) саммиті өтті. Қытайда тұңғыш рет өтіп жатқан G20 саммиті әлемдік экономика дамуының жаңа жолдары тақырыбына арналған. Биыл Қытайдағы үлкен жиырмалықтың он бірінші отырысы өтті. Үлкен жиырмалық – 20 ірі ұлттық жкономика,  әлемдік өнімнің 85 пайызы, әлемдік сауданың  75 пайызы. Мұнда жаһандық экономика мен саясаттың салмақты мәселелері талқыланады, ірі өңірлік және әлемдік мәселелер, соның ішінде қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар әзірленеді. Мемлекет басшысы G-20 саммитіне өзінің екінші рет қатысып отырғанын және биыл ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен келгенін айтты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
292

Африкалық одақта Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы рөлі аталып өтті

Африкалық одақтағы штаб-пәтерде Эфиопиядағы Қазақстан елшілігі Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толғанына орай фотокөрме ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанның  ядролық сынақтарды тоқтату процестерін қарқындату, ядролық қаруды таратпау және ядролық қарудан азат әлемге аяқталуына қосқан үлесін насихаттау болды.

Фотокөрме барысында Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африкалық одағы жанындағы тұрақты өкілі Ерлік Әли, АО-ның бейбітшілік және  қауіпсіздік жөніндегі коммисары Смайыл Чергуя, Жапонияның Эфиопиядағы Елшісі Казухиро Сузуки сөз сөйледі. Қонақтардың арасында болу елдің ресми тұлғалары, аккредиттелген дипломатиялық корпус,  сарапшылары  мен ғылыми топтары, Эфиопияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері болды.

Өз сөзінде Е. Әли Қазақстан  азаматтарының өмір сүруінде  ядролық сынақтардың теріс зардаптары туралы, Мемлекет басшысының Семей ядролық полигонының жабылу бастамасы туралы, сондай-ақ ядролық қаруды қысқарту процесі және оның сынақтарының  мораторийі арқылы ядролық қауіп шегін азайту үшін, Қазақстанда қабылданған шаралар туралы қатысушыларды  хабардар етті

Смайыл Чергуя мен Казухиро Сузуки сөз сөйлеулерінде негізгі назар барлық адамдардың бейбіт және гүлденген өмір сүруі үшін ядролық қару қаупі, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, ядролық қаруды азайту және толық тыйым салу қажеттілігін атап өтті

Іс-шара нәтижесінде Қазақстанның рөлі қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау саласындағы, сондай-ақ ядролық қауіпі шындығы туралы халықаралық қоғамдастықтың хабардарлығын арттыру жөнінде атап өтілді. Сонымен қатар ядролық қатерді жою мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттілігі жөнінде хабарлады

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
317

М.Әшімбаев: Террористердің жазасын қаталдату туралы ҚР заңы жыл соңына дейін қабылданады

Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, ертең, қыркүйектің 8-і күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болады.

Оған елімізге белгілі саясаттанушылар, құқық қорғаушылар, дінтанушылар, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

М.Әшімбаевтың сөзіне қарағанда, аталған құжат бойынша экстремизм мен терроризм үшін жауапкершілікті күшейту мәселесіне басымдық беріледі. Осыған байланысты 20-ға жуық заңға өзгерістер мен толықтыруылар енгізу көзделген. Соның ішінде Қылмыстық кодекс, Қылмыстық процессуалдық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, экстремизм мен терроризммен күрес заңнамасы және тағысын тағы.

«Ақтөбедегі жағдайдан кейін қоғамда террористерді өлім жазасына кесу туралы ұсыныстар айтыла бастады. Осы мәселе қарала ма?» деген сұраққа М.Әшімбаев: «Бұл мәселе жұмыс тобында жан-жақты қаралады. Жалпы, аталған заң жобасында жауапкершілікті күшейту мәселесі қарастырылатын болады»,-деп жауап берді.

Депутаттың айтуынша, осы заң жобасын қабылдау жұмысын ұзаққа созбау қажет. Дегенмен, асығыс шешімдер де болмауы шарт. Сондықтан xалық қалаулылары ол құжатты жан-жақты талқылап алуды көздейді.

«Негізі, бұл заң жобасын ағымдағы жылдың аяғына дейін қабылдауымыз қажет»,-деп атап көрсетті М.Әшімбаев.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралып, барлық депутаттар оны бірауыздан мақұлдады. Аталған жұмыс Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктеліп отыр. Комитет төрағасы - депутат Мәулен Әшімбаев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
377

«Нұрлы жол»: Қызылордада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелік баспана желісі бойынша өтініштер қабылдау басталды

«Бəйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылордада өзінің салымшылары арасында «Бəйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Бəйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша өтініштер қабылдауды бастады, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа үйлер құрылысы «Сəулет» шағын ауданында жүріп жатыр. Жалпы ауданы 20 мың шаршы метр 7 нысан, 350 пəтер салынады. Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі – 2016 жылғы қазан. Пәтерлер таза əрлеуде сатылады. 1 шаршы метрдің бағасы шамамен 143 мың теңгені құрайды.

Барлық өңірлерде несиелік тұрғын үй құрылысының 10 жобасы іріктелді. Ақтауда 1 шаршы метрі 153 мың теңге бағамен 540 пəтер болатын 34 167 шаршы метр тұрғын үй салынады. Атырауда 1 шаршы метрі 152 мың теңге бағамен 245 пəтер тапсырылады. Алматыда «Əйгерім-2» шағын ауданында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары арасында жалпы ауданы 37 353 шаршы метр болатын несиелік тұрғын үй сатылады. Бұл 1 шаршы метрге 199 900 теңге бекітілген бағамен 636 пəтер. Бұдан өзге, құрылыс Қызылорда, Семей, Орал, Өскемен жəне Екібастұз қалаларында жүргізіледі. «Бəйтерек Девелопмент» АҚ-ның басқа жобаларды «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ келісуіне қарай аталған тізім тұрақты түрде кеңейтіліп отырады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін банк салымшысы болу қажет. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өзінің салымшылары арасында жүзеге асыру  үшін 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бəйтерек Девелопмент» АҚ жобаларына іріктеу жүргізеді.

«Бəйтерек» ҰБХ АҚ еншілес ұйымдары «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жəне «Бəйтерек Девелопмент» АҚ 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын несиелік тұрғын үй бағыты бойынша жүзеге асырушы операторлар болып табылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
604

Қызмет алушыларға арналған азаматтарды қабылдау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен Ақмола облысы бойынша «ХҚКО» Департаменті арасында жасасқан меморандум аясында апта сайын азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

А.ж. 6 қыркүйек күні «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері Е. Кенжалин қызмет алушыларды олардың мемлекеттік қызметті алған кездегі құқықтары туралы хабардар етті.

Департамент госслужбы

0
0
283

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталықтарында оқыту процесі басталды

Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту аймақтық орталықтарында оқыту процесі басталды.

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйекте аймақтық оқыту орталығының ғимаратында жаңа оқу жылының салтанатты ашылуы өткізілді.

Салтанатты шараға орталықтың, облыс әкімдігінің және БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің басшылары қатысып, тыңдаушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Өз сөзінде Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин кәсіби, бәсекеге қабілетті және Қазақстанды әлемнің дамыған    30 мемлекетінің қатарында болуына өзіндік үлес қосатын мемлекеттік қызметшілерді даярлаудағы орталықтың жұмысының ролінің ерекше екендігін атап өтті.

Аймақтың оқыту орталықтары қосымша кәсіби білім беру институты ретінде ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесінің бөлімі болып саналады және басқару органдарындағы кадрларды үнемі қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. Орталықта ғылым докторлары мен кандидаттар, профессорлар, академиктер және мемлекеттік органдардың тәжірибелі басшылары дәріс береді.

 
0
0
386