Болашақ журналистер Қарағандыда бақ сынасты
Наурыздың 29 күні журналистика мамандығы бойынша Х республикалық пән олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған шара Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарапынан өткізілуде. Мақсаты болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау және талантты студенттерді қолдау. Олимпиадаға «Журналистика» мамандығы бойынша білім беретін 16 жоғарғы оқу орнының 2-4 курс студенттері қатысты.Бірінші кезеңде әр университет командасы өздерін таныстырса, түстен кейін студенттер телевизия тақырыбына арналған эссе жазды.📷Таныстыру кезеңінде Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ең жоғарғы ұпайға ие болды. Ал халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Әл-Фара…