Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі бағыттары

А. ж. 6 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері Г. Евниева Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының базасында «Мемлекеттік қызметтің жаңғыртуы» тақырыбында диалог алаңын өткізді.

Іс-шара өткізу барысында басқарма мамандарына бос лауазымдарға конкурстарды өткізу, жаңа біліктілік талаптары, тағылымдама, тәлімгерлік, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау мәселелері бойынша түсініктеме берілді.

Диалог алаңын өткізу барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берілді. Іс-шараға 19 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
395

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі бағыттары - Yvision.kz