Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің қағидаттарын қолдайды
А.ж. 6 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының қызметкері Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі аспектілері туралы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.
Дәріс барысында Е. Сүлейменов Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары айқындалғанын, қызметтен тыс уақыттағы және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары белгіленгені туралы, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға тиіс екенін атап өтті.
Іс-шараға 15 мемлекеттік қызметші қатысты.