Мазмұнға өту

Жаңа

Ақтау халықаралық теңіз сауда порты дәстүрлі қабылдау тізімдемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Ақтау халықаралық теңіз сауда портының дәстүрлі қабылдау тізімдемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесіне қатысты кеңейтілген отырыс өткізілді.

Бұл шараға Әзірбайжан және Түркия бас консулдықтарының, Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының, Маңғыстау облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП, Автомобильмен тасымалдаушылар Халықаралық қауымдастығының және басқа да 45-тен астам компаниялардың, порттармен өзара жұмыс жасайтын кәсіпорындардың өкілдері қатысты, деп «ҚТЖ» ҰК»АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуге қатысушыларға порттың жаңадан жасақталған коммерциялық құрылымы таныстырылды. Оның қызметі тапсырыс иелерімен бірлесе атқарылатын қызмет түрлерін оңайлатуды, порттың атқаратын қызмет түрлерімен таныстыруды, жеңілдіктерді, кемелерді өңдеу мен тұруына қатысты тәртіптерді, түсіру-тиеудегі ерекшеліктерді түсіндіруді көздейді.

«Бүгінгі таңда өткізілетін негізгі жүктің денін металл құрайды. Бұл өз кезегінде порттың халықаралық талап мәртебесіне сай қызметке көшуіне байланысты болып отыр»,-дейді Ақтау халықаралық теңіз сауда портының президенті Михаил Ялбачев.

Ол сондай ақ, порттың қызмет түрлеріне көрсетілетін тарифына да өзгерстер енгізіліп жатқандығына тоқталды. Порт алдағы уақытта да тапсырыс иелерімен және басқа да барлық мүдделі тараптармен өзара тиімді жұмыс жасауға ынта білдіріп отыр.

Анықтама үшін: Ақтау халықаралық теңіз сауда порты дәстүрлі тізімдемесі – бұл құжатта портта қолданылатын тәртіптер мен ережелердің,кемелердегі жүкті және жолаушыларды түсіру және тиеу технологиясы туралы мәліметтер жинақталған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
599

«Бәйтерек» холдингі инвесторларды қолдаудың жаңа әдістерін ұсынады

«Бәйтерек» холдингі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС еншілес ұйымының негізінде инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды әзірлеу жөніндегі арнайы қорды – «Kazakhstan Project Preparation Fund» (KPPF) ЖШС құруда.

KPPF құрудың мақсаты инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың өсімін ынталандыру, сондай-ақ «Нұрлы жол» және ИИДМБ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. KPPF қаражаты қайтарым негізде жобаларды дайындауды қаржыландыруға бағытталатын болады. Іске асыруды шетелдік және отандық инвесторлар жүргізеді, деп хабарлады Холдингтің баспасөз қызметі.

«Бәйтерек» холдингі инвесторлар үшін бірыңғай жобалау офисі ретінде жұмыс жасайды. KPPF әзірленген және іске асыруға дайын жобаларды борыштық қаржыландыру («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ), үлестік қаржыландыру («Қазына Капитал Менеджмент» АҚ), экспорттық операцияларды сақтандыру («ҚазЭкспортГарант» АҚ), гранттық қаржыландыру және субсидияларды беру («Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ) түріндегі Холдингте қолданылатын барлық құралдарды бірге пайдалана отырып,  бұдан кейінгі қаржыландыруды құрылымдау үшін Холдингке бағыттайтын болады.

KPPF-ты құру кезінде EBRD (Infrastructure Project Preparation Facility), IFC (InfraVentures), ADB (Asia-Pacific Project Preparation Facility) және AIIB (Project Preparation Special Fund) сияқты халықаралық ұйымдардың осы сияқты қорларын құру жөніндегі озық халықаралық тәжірибе ескерілді.

Айта кетейік, «Бәйтерек» Ұлттық  басқарушы холдингі  Қазақстан Республикасы Президентінің   2013  жылғы  22 мамырдағы  «Даму институттарын, қаржы  ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландырудың кейбір шаралары туралы» № 571  Жарлығымен  құрылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
275

Қазақстан «Армия – 2016» форумының Бас жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан, Белоруссия және Армения Қорғаныс министрлігі «Армия – 2016» форумының Бас жүлдесін жеңіп алса, ал «Қазақстан инжиниринг» ҰК» компаниясының тобы дипломдармен марапатталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Форумда жұмыс жасаған жетекші қорғаныс кәсіпорындары да РФ Қорғаныс министрлігі басшысы орынбасарының қолынан марапатқа ие болды. Қазақстан форумға алғаш рет қатысқанын айта кетейік. Форумда Армения, Белоруссия, Қазақстан, Пәкістан және Малайзия ҚӨК кәсіпорындарының ауқымды ұлттық экспозициялары өрістетілді.

Одан басқа, 13 шетел мемлекетінен 58 қорғаныс кәсіпорны мен холдингтер өз өнімдерін ұсынды. Өз ұлттық экспозицияларын ұсынған мемлекеттермен қатар форумға Германия, Үндістан, Израиль, Ирландия, Қытай, Таиланд, Франция, Швейцария қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары қатысты.

Форумда еліміз алты кәсіпорынмен ұсынылды. Атап айтқанда, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина құрастыру зауыты» АҚ, «405-авиажөндеу зауыты» АҚ, сондай-ақ, «Zhasampaz» консорциумы. Компанияның стендіне әскери және қос мақсатты бұйымдардың 46 табиғи үлгісі мен 13 сұлбасы қойылды.

Олардың арасында түнгі көру көздеуіштері, жылу визиялық жүйелер, барлау және қадағалау аспаптары, корабльдер мен суасты қайықтарын өндірушілерге арналған кеме гидравликасының толымдаушы бұйымдары, Ми-17В-5, Ми-8 тікұшақтарының нобайлары, сонымен қатар, қазақстандық өндірістің дулығалары мен әскери киім-кешегі бар. «Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша тиімді жұмыс үшін алғыс білдіріп, Сіздерге әрі қарай да сәттілік тілеймін.

Сіздерді келесі форумға қатысуға шақырамын», - деді лауреаттарға лебізін білдірген Руслан Цаликов. Алабино полигоны мен Мәскеу маңындағы Кубинка әуеайлағында екі жыл қатарынан конгресстік-көрме орталығында 6-11 қыркүйекте өткен  халықаралық әскери-техникалық форум алаңына барлығы жарты миллионнан аса адам жиналды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
429

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Елбасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, оған:

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінен – діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, діни сенім бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы салаларындағы;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен – жастар саясаты саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын және құрылған мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;».

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
412

Сенатта Қазақстан мен Ауғанстанның азаматтық қорғаныс саласындағы келісімінің қауіпсіздігі мен тәуекелі талқыланды

Сенат депутаттары ҚР Парламенті жоғарғы палатасының жалпы отырысында азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Ауғанстан үкіметтері арасындағы келісімі талқыланды. Жаңа келісімді визасыз режимде енгізу қарастырылған.

«ҚР Үкiметi мен Ауғанстан үкiметi арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» заң жобасы Сенаттың жалпы отырысына шығарылатын болды.

«Бұл келiсiмдi iске асыру екi елдiң бiрiнде төтенше жағдай қалыптасқан жағдайда бiрлескен iс-қимылды үйлесiмдi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Келiсiмдi ратификациялау төтенше жағдайларды болжау және бақылау саласында, қауiп туындаған кезде халықты дайындау, азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды оқыту және қайта даярлау бойынша тәжiрибе алмасуды көздейдi. Сондай-ақ, екi елдiң бiрiнде төтенше жағдай болса, оның зардабын жоюға қысқа мерзiмде көмек көрсетiлетiн болады», - деп баяндады ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Берік Бейсенқұлов.

Алайда, депутаттық корпусқа Қазақстан қаржылық және құқықтық тарапынан шегінуі көптеген сұрақты тудырды.

«Құқықтық тармақ бойынша мәселе: еліміздің аймағындағы терроризм, әскери қақтығыстар мен басқа да қарулы қақтығыстардың түсінігіне кіреді ме? Төртінші тармақта қандай еркін құтқарушы топтар көрсетілген және не себепті біз визасыз режимді енгізудеміз? Ауғанстан- лаңкестік тұрғыдан әлеуетті қауіпті деп айтқым келеді»,-деді Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова.

Ішкі істер министрінің орынбасары сөз барысында ҚР ІІМ басқа да меморгандар секілді қатаң бақылауды қамтамасыз ететіндігін айтып өтті.

«Мен сіздердің алаңдаушылықтарыңызды түсінемін, алайда ол нақты жағдайға байланысты,  нақты ТЖ кезіндегі жұмыстарға келетін болады және еліміздің аумағында нақты тапсырмалары аяқталғанға дейін болады»,-деді Берік Бейсенқұлов.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ өкілі сөз барысында әскери және қарулы қақтығыстар заңды келісімге түспейтіндігін айтып өтті. Ал экономикалық салада, ауғанстанның қаржылық жағдайын ескергенде, Қазақстан тәуекелге барды.

«Ұсынылып отырған тараптың барлық шығыстарын, өтемақыны төлеу бойынша барлық шығындарды сұраныс берген тарап өз мойнына алады. Шығынның барлық көлемі қазақстандық стандарттарға сәйкес анықталады. Егер Қазақстандық тараптан көмек көрсету бойынша топтың мүшесі үшінші тұлғаға зақым жасаса, онда ауғандық тарап төлейтін болады»,-деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан жүйелі түрде 2008 жылдан бастап Ауғанстанға көмек көрсетуде. Осы уақыт ішінде көрсетілген көмек көлемі 20 млн долларға жетті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
388

Елбасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы Жарлыққа қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы  3), 5) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-1-бабына сәйкес, Мемлекеттік қызмет жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі оны Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы болып қайта құрылсын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аталған Агенттіктің құрылымында ведомство мәртебесіне ие болады және құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен бірлесіп бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
293

Қазақстанда ҚҚС төлеушілерінің қатары 2017 жылы 86 мыңға көбейеді – Жүрсінов

Қазақстанда ҚҚС төлеушілерінің қатары 2016 жылы 86 мыңға көбейеді, деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

«Қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша міндетті тіркелуге жататын шектің төмендетілуі бизнес-ортада талқыланған өзекті мәселелердің бірі. Өткен жылы, мемлекеттік мекемелер, Кедендік кодексе бұл шектің деңгейін 30 000 айлық есептік көрсеткіштен (64,0 млн теңге) 3 234 АЕК-ке (6,8 млн теңге) төмендетуді қарастыратын түзетудің енгізілуін ұсынғаны белгілі”, - деді ол.

«Мемлекеттік органдардың бағалауынша, іс жүзіндегі 30 000 АЕК (64,0 млн теңге) көлемінде, ҚҚС төлеушілер саны 194 мың субъектіден асатын болса, 2017 жылдан бастап, ҚҚС төлеушілер саны 86 мыңға өспек. 2017 жылы Арнайы салық тәртібі (АСТ) жөніндегі қызметтер түрі тізбесінен, патент негізіндегі сауда қызметі алынып тасталатынын есте ұстар болсақ, ҚҚС төлеушілер қатары 109 мыңға, яғни екі еседен артыққа көбейетіні анық», - деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

Төменгі шектің бірден 10 есеге дерлік қысқаруы, кәсіпкерлерге салықтық және әкімшілік жүктемені жоғарылатып жіберетінін ескере отырып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚҚС төлеушілерге арналған шекті деңгейді біртіндеп төмендетуді ұсынған.

Қазіргі уақытта, тиісті қағидат, Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қамтитын заң жобасы аясында көзделуде. Бұл заң жобасында, ҚҚС бойынша есепке алу, оны  әрі қарай сатылай азайту, яғни 2018 жылы – 25 000 АЕК-ке дейін (53,0 млн теңге); 2019 жылы – 20 000 АЕК-ке дейін (42,4 млн теңге); 2020 жылы – 15 000 АЕК-ке дейін (31,8 млн теңге) мақсатында қолданыстағы төменгі шекті деңгейді (30 000 АЕК) 2017 жылға дейін сақтап қалу ұсынылуда.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
510

«Zakon.kz» ақпараттық порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтеді

Интернет-конференция республика сот органдарының қызметіне, соның ішінде Елбасының республика судьяларының VI съезінде алға қойған міндеттерінің және  Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа жүктелген 11 қадамның іске асырылуына, сондай-ақ алдағы республика судьяларының VII съезіне қатысты мәселелерге арналады.

Қ.Мәми интернет-конференция барысында соттардың жұмысы және тұтастай алғанда сот жүйесінің қызметі туралы азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Заңды күшіне енбеген сот актілері туралы сұрақтарға жауап беру көзделмейді.

Сұрақтар 13-19 қыркүйек аралығында http://vs.zakon.kz интернет-ресурсы арқылы қабылданады.

«Zakon.kz» порталы бекітілген қағидаға сәйкес келіп түскен сұрақтарға модераторлық ету құқығын өзіне қалдырады.

Интернет-конференция модераторлары интернет-ресурс арқылы рейтингтік дауыс беруді жүргізеді.

Тікелей режимдегі интернет-конференция 2016 жылғы 20 қыркүйекте «Zakon.kz» ақпараттық порталында өтеді, оның барысында Қайрат Мәми ең үздік 20 сұраққа он-лайн режимде жауап береді.

Қалған барлық сұрақтардың жауаптары «Zakon.kz», сондай-ақ Жоғарғы Соттың интернет-ресурстарында а.ж. 30 қазанға дейін жарияланатын болады.

Барлық мүдделі тұлғаларды осы интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Қайрат Әбдіразақұлы Мәми 2013 жылдың 16 қазанынан бастап Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметін атқарып келеді.

Әр жылдары Әділет вице-министрі (1999 ж.); Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі (1999-2000 жж.); Жоғарғы Соттың Төрағасы (2000-2009 жж.); Бас Прокурор (2009-2011 жж.); Парламент Сенатының Төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Сонымен қатар, ол Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Еуразия Экономикалық қауымдастығы Парламентаралық ассамблеяның төрағасы (2011 жылдан бастап) болып табылады.

Заң ғылымдарының докторы, профессоры.

Бірқатар мемлекеттік нагрдаларға ие болған.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zakonkz-akparattyk-portalynda-zhogargy-sot-toragasy-kmmidin-katysuymen-internet-konferenciya

0
0
382

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» суреттер конкурсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында 9 қыркүйекте Егіндікөл ауданының барлық білім беру ұйымдарында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» суреттер конкурсы өтті.

Конкурсқа аудан мектептерінің бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары қатысты. Конкурсқа бүгінгі күнгі маңызды мәселе тақырыбына авторлық көзқарасты көрсететін суреттер, коллаждар ұсынылды.

Аудан әкімінің орынбасары Зоя Жұматова жемқорлықты жою ісінде жастардың рөлінің маңызды екенін айтып, «Конкурсқа қатысушылар бұл мәселенің мәнін мәңгілік есте сақтайды. Насихат жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу қажет – сонда бұл шаралар өз нәтижесін береді. Оқушылардың  алған білімдері өмірде жемқорлықтың кез келген түрімен кездеспеуге септігін тигізеді деп сенгім келеді» - деп сөзін қорытындылады.

Департамент госслужбы

0
0
2925