ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

«Бәйтерек» холдингі инвесторларды қолдаудың жаңа әдістерін ұсынады

«Бәйтерек» холдингі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС еншілес ұйымының негізінде инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды әзірлеу жөніндегі арнайы қорды – «Kazakhstan Project Preparation Fund» (KPPF) ЖШС құруда.

KPPF құрудың мақсаты инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың өсімін ынталандыру, сондай-ақ «Нұрлы жол» және ИИДМБ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. KPPF қаражаты қайтарым негізде жобаларды дайындауды қаржыландыруға бағытталатын болады. Іске асыруды шетелдік және отандық инвесторлар жүргізеді, деп хабарлады Холдингтің баспасөз қызметі.

«Бәйтерек» холдингі инвесторлар үшін бірыңғай жобалау офисі ретінде жұмыс жасайды. KPPF әзірленген және іске асыруға дайын жобаларды борыштық қаржыландыру («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ), үлестік қаржыландыру («Қазына Капитал Менеджмент» АҚ), экспорттық операцияларды сақтандыру («ҚазЭкспортГарант» АҚ), гранттық қаржыландыру және субсидияларды беру («Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ) түріндегі Холдингте қолданылатын барлық құралдарды бірге пайдалана отырып,  бұдан кейінгі қаржыландыруды құрылымдау үшін Холдингке бағыттайтын болады.

KPPF-ты құру кезінде EBRD (Infrastructure Project Preparation Facility), IFC (InfraVentures), ADB (Asia-Pacific Project Preparation Facility) және AIIB (Project Preparation Special Fund) сияқты халықаралық ұйымдардың осы сияқты қорларын құру жөніндегі озық халықаралық тәжірибе ескерілді.

Айта кетейік, «Бәйтерек» Ұлттық  басқарушы холдингі  Қазақстан Республикасы Президентінің   2013  жылғы  22 мамырдағы  «Даму институттарын, қаржы  ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландырудың кейбір шаралары туралы» № 571  Жарлығымен  құрылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz