Батыс Қазақстанда 180 отбасы қоныс тойын тойлады
Зашаған кентінде Қала күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойының аясында əрқайсысы 90 пəтерлік бес қабатты қос үй – барлығы 180 пəтер пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі. “Нұрлы жол” инфрақұрылымды дамыту жəне “Өңірлерді дамыту-2020” мемлекеттік бағдарламалары бойынша “СВ плюс” ЖШС (С.Өтебалиев) салған екі бөлмелі 90 пəтерге “Жас отау” бағдарламасы бойынша жас отбасылар қоныстанса, “Алтим” (Г.Стародубцев) ЖШС құрылысын жүргізген 30 бір бөлмелі, 30 екі бөлмелі, 30 үш бөлмелі сыңғырлаған жаңа 90 пəтерге тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар мен “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшылары қол жеткізді. Жаңа қоныс иелерінің қуанышын бөлісіп, құтты болсын айта келген облыс басшысы Алтай Көлгінов жиналғандарды Қала күні мерекесімен ж…






