Сенатта Қазақстан мен Ауғанстанның азаматтық қорғаныс саласындағы келісімінің қауіпсіздігі мен тәуекелі талқыланды
Сенат депутаттары ҚР Парламенті жоғарғы палатасының жалпы отырысында азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Ауғанстан үкіметтері арасындағы келісімі талқыланды. Жаңа келісімді визасыз режимде енгізу қарастырылған.
«ҚР Үкiметi мен Ауғанстан үкiметi арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» заң жобасы Сенаттың жалпы отырысына шығарылатын болды.
«Бұл келiсiмдi iске асыру екi елдiң бiрiнде төтенше жағдай қалыптасқан жағдайда бiрлескен iс-қимылды үйлесiмдi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Келiсiмдi ратификациялау төтенше жағдайларды болжау және бақылау саласында, қауiп туындаған кезде халықты дайындау, азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды оқыту және қайта даярлау бойынша тәжiрибе алмасуды көздейдi. Сондай-ақ, екi елдiң бiрiнде төтенше жағдай болса, оның зардабын жоюға қысқа мерзiмде көмек көрсетiлетiн болады», - деп баяндады ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Берік Бейсенқұлов.
Алайда, депутаттық корпусқа Қазақстан қаржылық және құқықтық тарапынан шегінуі көптеген сұрақты тудырды.
«Құқықтық тармақ бойынша мәселе: еліміздің аймағындағы терроризм, әскери қақтығыстар мен басқа да қарулы қақтығыстардың түсінігіне кіреді ме? Төртінші тармақта қандай еркін құтқарушы топтар көрсетілген және не себепті біз визасыз режимді енгізудеміз? Ауғанстан- лаңкестік тұрғыдан әлеуетті қауіпті деп айтқым келеді»,-деді Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова.
Ішкі істер министрінің орынбасары сөз барысында ҚР ІІМ басқа да меморгандар секілді қатаң бақылауды қамтамасыз ететіндігін айтып өтті.
«Мен сіздердің алаңдаушылықтарыңызды түсінемін, алайда ол нақты жағдайға байланысты, нақты ТЖ кезіндегі жұмыстарға келетін болады және еліміздің аумағында нақты тапсырмалары аяқталғанға дейін болады»,-деді Берік Бейсенқұлов.
Сонымен қатар, ҚР ІІМ өкілі сөз барысында әскери және қарулы қақтығыстар заңды келісімге түспейтіндігін айтып өтті. Ал экономикалық салада, ауғанстанның қаржылық жағдайын ескергенде, Қазақстан тәуекелге барды.
«Ұсынылып отырған тараптың барлық шығыстарын, өтемақыны төлеу бойынша барлық шығындарды сұраныс берген тарап өз мойнына алады. Шығынның барлық көлемі қазақстандық стандарттарға сәйкес анықталады. Егер Қазақстандық тараптан көмек көрсету бойынша топтың мүшесі үшінші тұлғаға зақым жасаса, онда ауғандық тарап төлейтін болады»,-деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан жүйелі түрде 2008 жылдан бастап Ауғанстанға көмек көрсетуде. Осы уақыт ішінде көрсетілген көмек көлемі 20 млн долларға жетті.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz