Қазақстанда ҚҚС төлеушілерінің қатары 2016 жылы 86 мыңға көбейеді, деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.
«Қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша міндетті тіркелуге жататын шектің төмендетілуі бизнес-ортада талқыланған өзекті мәселелердің бірі. Өткен жылы, мемлекеттік мекемелер, Кедендік кодексе бұл шектің деңгейін 30 000 айлық есептік көрсеткіштен (64,0 млн теңге) 3 234 АЕК-ке (6,8 млн теңге) төмендетуді қарастыратын түзетудің енгізілуін ұсынғаны белгілі”, - деді ол.
«Мемлекеттік органдардың бағалауынша, іс жүзіндегі 30 000 АЕК (64,0 млн теңге) көлемінде, ҚҚС төлеушілер саны 194 мың субъектіден асатын болса, 2017 жылдан бастап, ҚҚС төлеушілер саны 86 мыңға өспек. 2017 жылы Арнайы салық тәртібі (АСТ) жөніндегі қызметтер түрі тізбесінен, патент негізіндегі сауда қызметі алынып тасталатынын есте ұстар болсақ, ҚҚС төлеушілер қатары 109 мыңға, яғни екі еседен артыққа көбейетіні анық», - деп атап өтті Рустам Жүрсінов.
Төменгі шектің бірден 10 есеге дерлік қысқаруы, кәсіпкерлерге салықтық және әкімшілік жүктемені жоғарылатып жіберетінін ескере отырып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚҚС төлеушілерге арналған шекті деңгейді біртіндеп төмендетуді ұсынған.
Қазіргі уақытта, тиісті қағидат, Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қамтитын заң жобасы аясында көзделуде. Бұл заң жобасында, ҚҚС бойынша есепке алу, оны әрі қарай сатылай азайту, яғни 2018 жылы – 25 000 АЕК-ке дейін (53,0 млн теңге); 2019 жылы – 20 000 АЕК-ке дейін (42,4 млн теңге); 2020 жылы – 15 000 АЕК-ке дейін (31,8 млн теңге) мақсатында қолданыстағы төменгі шекті деңгейді (30 000 АЕК) 2017 жылға дейін сақтап қалу ұсынылуда.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz