Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында 9 қыркүйекте Егіндікөл ауданының барлық білім беру ұйымдарында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» суреттер конкурсы өтті.
Конкурсқа аудан мектептерінің бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары қатысты. Конкурсқа бүгінгі күнгі маңызды мәселе тақырыбына авторлық көзқарасты көрсететін суреттер, коллаждар ұсынылды.
Аудан әкімінің орынбасары Зоя Жұматова жемқорлықты жою ісінде жастардың рөлінің маңызды екенін айтып, «Конкурсқа қатысушылар бұл мәселенің мәнін мәңгілік есте сақтайды. Насихат жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу қажет – сонда бұл шаралар өз нәтижесін береді. Оқушылардың алған білімдері өмірде жемқорлықтың кез келген түрімен кездеспеуге септігін тигізеді деп сенгім келеді» - деп сөзін қорытындылады.