Мазмұнға өту

Жаңа

Мәжіліс Қазақстан мен Сербия арасындағы салық салу туралы конвенцияның ратификациясын мақұлдады

Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан мен Сербия арасындағы салық салу туралы конвенцияның ратификациясын мақұлданды. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады. Конвенция Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастық тың кеңеюі мен нығаюына бағытталған», - деп хабарлады Мәжілісте. «Бұл конвенцияны ратификациялау, бiрiншiден, уағдаласаушы мемлекеттердiң резиденттерi болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табысына қосарланған салық салуды жоюға мүмкiндiк бередi.…

0
0
438

Сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның жаңалықтарының бірі

А.ж. ж. 9 қыркүйекте Ақмола облысының әкімдігінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері А.Жаналинов қатысты. Семинар барысында Департамент өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы, оның алдағы он жылға арналған басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жем…

0
0
483

Семей полигонының жабылуы елдің жағымды халықаралық имиджін қалыптастырудың негізіне айналды – сарапшы

Семей полигонының жабылуы елдің жағымды халықаралық имиджін қалыптастырудың негізіне айналды, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Халықтар келісімі» қоғамдық қорының директоры Зиябек Қабулдинов. «Қазақстан жағымды халықаралық имиджінің есебінде ауқымды шетелдік инвестиция тарта алды, бүгінде біздің экономикамыз бен әлеуметтік саланы нығайтуға 200 млрд АҚШ доллары тартылды. Бұл қадамдар арқылы Қазақстан елдегі экологиялық жағдайды арттырды, сондай-ақ, ұлт денсаулығы да жақсарды», - деді ол. Оның айтуынша, Қазақстан полигонды қамтамасыз етуге бағытталатын қомақты қаржыны сақтап қалды, олар экономика мен әлеуметтік салаға бағытталды. «Біз ядролық атыстың қаупін төмендеттік, себебі біз әлем бойынша төртінші полигонды жабу арқылы ядролық нысан болудан кеттік, бұл қатысудан алыстадық. Қ…

0
0
1538

«Азаматтық бақылау» қызметі жалғасуда

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдау өткізеді.

Сонымен, 2016 жылдың 8 қыркүйекте қоғамдық қабылдауда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Төлегенов Сатхан Досмуханбетұлы азаматтарға қабылдау өткізді.

Қабылдауда мемлекеттік бақылау және еңбек саласындағы заңдылықтарды сақтау, еңбекті, жұмыспен қамтуды, зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етуді сақтау, әлеуметтік сақтандыру мен халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және олардың төленуінің ұйымдастырылуына қатысты сұрақтар талқыланды.

0
0
268

Астана әлемдік озық әзірлемелерді көрсететін тиімді алаңға айналады

Астанада Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша «жасыл» экономиканы ілгерілетуге арналған «Жасыл көпір – «жасыл» технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір» атты халықаралық конференциясы өтуде, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Конференция «жасыл экономика» саласы, «жасыл» технологияларды енгізу бойынша халықаралық тәжірибемен алмасу, алдыңғы қатарлы «жасыл» технологиялардың трансферті және тәжірибелері, «жасыл» өсімді дамыту және бизнесті жасылдандыру мәселелерін талқылайтын диалог алаңы болып табылады. Конференция шеңберінде Жасыл технологиялардың халықаралық орталығын құру, сондай-ақ «Жасыл көпір» Бағдарламасының бұдан әрі дамыту мәселелері қарастырылады. Конференция барысында қазіргі таңда жасыл экономика бойынша жүзеге асырылып жатқан жобала…

0
0
199

Заттыбек Көпбосынұлы 91 тобының Оңтүстікке келіп ән айтуына қарсылық білдірді

Оңтүстік жастары Тәуелсіздік саябағына жиналып, 91 тобының Шымкентте концерт беруіне қарсылық акциясын өткізді. Өңірдегі айтыскер ақындар мен белсенді жастар мұндай іш-шараның ордалы Оңтүстікте өтуіне жол бермейміз деп отыр. Артымыздан өсіп келе жатқан іні-қарындастарымыздың 91-ге еліктеп кетуіне барынша тосқауыл боламыз деп отырған жастарға белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы да қолдау көрсетті. Толығырақ видеода

1
1
1019

Б.Сапарбаев: ҚР Президентінің тапсырмаларын орындауға арналған барлық керекті қорлар бар

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиналыста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауға тапсырма берді. Жиналыс бейнеконференция тәртібінде өтті. Жиналыс кезінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды. Аймақ әкімдері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары жиналысқа қатысып, облыс экономикасын әртараптандыру, шикізаттық емес экспортқа бағдарланған бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, көліктік инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыс қорытындыларын айтып өтті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысымен қойылған тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын ескерді. «Мемлекет басшысының негізгі тапсырмасы - әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің нашарлауына жол бермеу.…

0
0
651

Науырзым қорығына саяхат

Сөйтіп, қойнауы қазынаға, жері тарихқа толы, елі батыр, табиғаты керемет Науырзым жеріне де барып келдім. Шынында бұл сапар қызық әрі аяқ астынан болды. Осыдан біраз бұрын ғана бауырларыммен жаңа бастама, туған елге тағзым ретінде – «Тылсым Торғайға саяхат» атты турымызды ойлап тауып, оны іске асыруға кірісіп кеткеніміз туралы білетін боларсыздар. Жаңа істі бастау әрқашанда қиын, бірақ оның болашағы зор екеніне сеніммен қараған біздер – жоспарымызды сәтімен жалғастырып жатырмыз. Бұл тур туристер тарапынан ғана емес, сонымен қатар туризмге қатысы бар мемлекеттік органдар тарапынан, әсіресе Қостанай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызығушылығын тудырды, олармен байланыс та орнатқан едік, алайда турымыз Қостанай облысының оңтүстік аудандары – Торғай өң…

1
0
2538

СЯСП аймағының 80%-дан астамы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуы мүмкін – сарапшы

Семей ядролық сынақ полигоны аймағының шамамен 80 пайызы болашақта ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Радиациялық қауіпсіздік институтының Оқу және ақпарат орталығының басшысы Юрий Стрельчук Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді. «Қазақстандағы адамдардың қауіпсіздігі, Семей ядролық сынақ полиганының жабылуы, сынақтарды тоқтату өте маңызды мәселе және қазіргі таңда ядролық сынақ кейбір елдерде әлі күнге дейін өткізіледі. Қазіргі таңда Семей ядролық сынақ полигоны жабық, ал оның жерлері қор ретінде тұр, ал рұқсат алынбай полигонда ешбір жұмыс жүзеге аспайды»,-деді ол. Ю. Стрельчкутің айтуынша, Ұлттық ядролық орталық ядролық сынақтардың салдарын зерттеу бойынша бірқатар жұмыстарды атқарып жатыр. «Біздің жаса…

0
0
294

М.Құмарғалиев: Қазақ тілін білу байқауы сапалы мемлекеттік қызметті көрсетуге бағытталған

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясында «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі» републикалық байқауына қорытынды жасалды. Байқауға Астана және Алматы қалалары мен облыс филиалдарының арасында өткізілген облыстық байқаудың жеңімпаздары қатысты. Үшінші орынды Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департамент мамандығы Айжан Баялиева, екінші орынды – Алматы облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдердіңведомствоаралық есеп айырысу орталығы» департаментінің маманы-Дархан Болатов және бірінші жүлделі орынды – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО департаментінің маманы – Пернехан Досан алды. Ол қазылар алқасына мемлекеттік тіл туралы патриоттық өлеңімен көзге түсті, деп Мемкорпорацияның баспасөз қызметінде хабарлайды. «Біздің байқау 5 кезеңнен тұрды, олар дәстүрлі сәлемд…

0
0
416