Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы іс үстінде

А.ж. 13 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Қ. Уажанов                                Ақмола облысының   энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында дәріскер Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының,                      «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының негізгі бағыттары мен түйінді  тұстарын түсіндірді. Өз сөзінде Департамент қызметкері Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы нәтижелері, жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмауға бағытталған тиімді шаралар туралы айтты.

Кездесудің соңында Басқарманың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдануға қатысты қойылған сұрақтарына жан-жақты  жауап берілді.

Іс-шараға 10-нан астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
728

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы іс үстінде - Yvision.kz