ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

2017-2019 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 8, 6 трлн теңгені құрайды

ҚР Парламенті Мәжілісінде Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2017-2021 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 – 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заң жобаларын ұсынды.

Өз сөзінде Қ.Бишімбаев 2017 – 2021 жылдарға арналған еліміздің    әлеуметтік – экономикалық даму болжамы 2016 жылға арналған жалпы ішкі өнімді бағалауды нақтылау,  кейіннен 2021 жылға қарай бір АҚШ долларына 340 теңгеге дейін нығайтумен, 2017 – 2019 жылдары бір АҚШ долларына   360 теңге деңгейінде алынған есептік бағамы негізінде әзірленгенін атап кетті.

Сонымен қатар құжатты әзірлеу барысында халықаралық ұйымдардың әлемдік экономиканың өсуі мен тауар нарықтарындағы әлемдік бағалардың өзгеру үрдісі бойынша жаңартылған болжамдары ескерілді. Осыны негізге ала отырып,  әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың түрлі өзгеруі кезіндегі  Қазақстан экономикасын дамытудың үш ықтимал сценарийі қаралды.

Сонымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет параметрлерін қалыптастырудың негізіне базалық сценарий алынды.

«Базалық сценарий 2017-2019 жылдары мұнайдың бағасы бір барреліне       35 АҚШ доллары консервативті деңгейінде қалыптасып, 2021 жылы бір барреліне 45 АҚШ долларына дейін өседі. 2021 жылы металл бағасы        2016 жылғы деңгейге қарағанда 11%-ға дейін өсуді көрсетеді» - деп хабарлады Бишімбаев.

Мұнай өндіру көлемі кейіннен 2021 жылы 86,5 млн. тоннаға дейін ұлғаюмен, 2017 жылы 79,5 млн. тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2017 жылы 1,9%, 2018 жылы 2,1%, 2019 жылы 2,7%,    2020 жылы 2,9% және 2021 жылы 3,1% деңгейінде болжанып отыр.

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2021 жылы 10,0 мың АҚШ долларына дейін ұлғаюмен 2017 жылы 7,5 мың АҚШ доллары деңгейінде кейіннен болжанады. Жылдық орташа өсу қарқыны өнеркәсіпте 2,1%-ды, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімде -  3,0%-ды, құрылыс саласында - 3,6%-ды құрайды.

Экспорт кейіннен 2021 жылы 53,3 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғаюмен 2017 жылы  40,2 млрд. АҚШ доллары деңгейінде болжанады, импорт       2017 жылы 29,1 млрд. АҚШ долларынан 2021 жылы 38,2 млрд. АҚШ долларына дейін өседі. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2017 жылы 6,0-8,0% шегінде болады, кейіннен 2021 жылға қарай 3,0-4,0%-ға дейін  төмендейді.

«Орта мерзімді перспективада экономикалық саясаттың мақсаты әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекелестік пен жеке капиталды дамыту болып табылады» - деп атап өтті Бишімбаев.

Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда)    2017 жылы 4 338,2 млрд.теңге, 2018 жылы – 4 562,3 млрд.теңге, 2019 жылы – 4 877,2 млрд.теңге сомасында болжанып отыр.

«2017-2019 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері белгіленіп тіркелген 8 млрд. АҚШ доллары мөлшері мен АҚШ долларының 360 теңгемен есептелу бағамын негізге ала отырып, жыл сайын 2 880 млрд. теңге сомасында айқындалды» - деді Бишімбаев, тиісті заң жобасын ұсына отыра.

«2017 жылы бюджет тапшылығын 578,1 млрд. теңгеге немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,2 %-ға дейін төмендету жоспарлануда. 2018-2019 жылдары тапшылықты ЖІӨ-ге қатысты 1,0%-ға дейін одан әрі төмендету жоспарлануда. Бұл 2017-2019 жылдары мемлекеттік борышты ЖІӨ-ге қатысты 22%-дан аспайтын деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, республикалық бюджет шығыстары 2017 жылы 8 564,4 млрд. теңге, 2018 жылы –  8 370,6 млрд. теңге және 2019 жылы – 8 751,2 млрд. теңге көлемінде айқындалды» - деп толықтырды Қ.Бишімбаев.

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң  көлемі туралы» Заң жобасы өңірлердің бюджеттік қамтамасыз ету деңгейін теңестіруге және мемлекет кепілдік берген қызметтерді көрсетуде тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz