Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Н.Назарбаев «Нұрлы жол» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берді

«Нұрлы жол» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасын әзірлеу, қолданыстағы бағдарламалардың барлық меншік мәселелерін интеграциялау тапсырмасын Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берді.

«Үкіметке «Нұрлы жол» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасын әзірлеуге тапсырма беремін. Бізде ипотека және тұрғын үй құрылыс жинақтары бар. Ешкандай тұрғын үй жәйдан жәй құрылып, таратылмауы тиіс. Біз нарық экономикасында тұрамыз», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуы бойынша, BI-Group құрылыс компаниясы Алматы мен Астанада бірқатар ауылдар құруда.

«Мүмкін осы бөлім бойынша жүреміз? Яғни, құрылысшаларға ақша береміз, халыққа: «Сіздер 10 соттық жер алғыларыңыз келді ғой, онда міне қандай да бір архитекторлық жобамен құрылған, сатып алыңыздар» деу керек. Бұндай мәселеде несие беріледі немес басқа да көмек жолдары болады. (...). Әкімдер ауыл шаруашылық министрлігімен бірге жер қорына анықтама жүргізуі тиіс және негізгі жоспарға өзгерістер енгізу бойынша өз ұсыныстарын енгізу керек», - деді Президент.

Н.Назарбаев сөз барысында коммерциялық банктермен құнды төмендету және ипотекалық несиелендіруге жәрдемдесу шараларын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, бағдарламаның компоненттері тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиенің тұрғын үй құрылысын жалғастыру қажет.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бағдарлама  Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында  хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің  макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыруға, сондай-ақ сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы  жағдайында экономиканың жекелеген секторларын қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға   бағытталған.

Атап айтқанда, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  мемлекеттік бағдарламаның мына бағыттарының  іске асырылуына жауап береді: шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту, отандық өндірушілерді  қолдау.

Тұтас алғанда, инфрақұрылымды дамыту арқылы  мемлекеттік инвестицияларды  ұлғайту және кәсіпкерлікті қолдау арқылы Бағдарламаны іске асыру қысқа мерзімде экономикалық өсімге ықпал етіп қана қоймай, болашақта   тұрақты өрлеуге  алғышарт болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
404

Осы тақырып бойынша

Н.Назарбаев «Нұрлы жол» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берді - Yvision.kz