Ж.Асанов Дубай қаласында өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының конференциясына қатысты
Қазақстанның Бас Прокуроры Жақып Асанов «Прокурор және тергеуші» тақырыбында 2016 жылы 12-14 қыркүйек аралығында Дублин қаласында (Ирландия Республикасы) өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының (ХПҚ) 21-ші жыл сайынғы конференциясы және жалпы отырысына қатысты. Форумда әлемнің 80-нен астам елдерінің жоғары қадағалау органдарының басшылары бас қосты, деп хабарлады ведомство. Ашылу рәсімінде Ирландия Республикасы Мемлекеттік прокуратурасының басшысы Клэр Лофтус пен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Герхард Ярош сөз сөйледі. Күн тәртібіндегі басты тақырыптар прокурорлар мен тергеушілер қарым-қатынасы, өзара құқықтық көмек туралы халықаралық шартардың рөлі, киберқылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, терроризммен және қылмыстың басқа да ұйымдасқан түрлерімен күресу, халықара…