«Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді
2016 жылғы 9 қыркүйекте «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» тақырыбында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, БАҚ-ның өкілдері қатысуымен «Мәңгі Қазақ елі» қоғамдық бірлестігі «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың» маңыздылығын түсіндіру мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы В.Масимова баяндама жасады.
Бұндай шаралардан күтілетін нәтиже осы Ұлт жоспарының Қазақстанның әрбір азаматына насихатталуы, жеткізілуі, түсіндірілуі – осы дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың алдына қойылған басты міндет.
