Мазмұнға өту

Жаңа

ЕҚЫҰ Бағдарламалары офисімен арадағы жолға қойылған жұмыс тетігі жергілікті жерлерде ұйымның тиімділігін арттырады – Г.Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабомен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Мемлекеттік хатшы 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» атты Астана декларациясын іске асыру Қазақстанның басты қызметінің бірі болып саналатынын атап өтті. Г.Әбдіқалықова Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары офисімен арадағы жолға қойылған жұмыс тетігі жергілікті жерлерде ұйымның тиімділігін арттырудың үлгісіне айналғанын айтты. Бұл ретте жобаларды әзірлеу, үкіметтік құрылымдармен бірлес…

0
0
339

М. Вабре: «Обрак» француздық ірі қара мал тұқымы қазақстандық жағдайға бейімделді

«Обрак» француздық ірі қара мал тұқымы Қазақстанға 2012 жылы әкелінді, қазір жергілікті жағдайға бейімделді. Бүгінде аталмыш тұқым ірі қарасының саны 1500-ден 2000 басқа дейін барады. Бұл туралы Францияның «Айверон» саласындағы ұлттық ветеринарлық-техникалық қоғам комиссиясының мүшесі , тұқымдық репродуктор бойынша сарапшы Мюриель Вабре Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында айтты. «2012 жылы Қазақстанға «Обрак» француздық ірі қара малы экспортталды, ол біз тұрып жатқан аймаққа шоғырландырылды. Мен бұл мал тұқымын жақсы көремін, олар Қазақстанға енді көшірілген кезде олардың жергілікті жерге бейімделу үрдісін бақыладым. Кезең -кезеңмен мен қазақстандағы мал шаруашылығының дамуына қызыға бастадым, кейін мал шаруашылығымен айналысатын адамдармен таныстым», - деді ол. «Обрак» тұқым…

0
0
507

2016 жылы Шымкентте білім саласына бөлінген қаржының көлемі 8,7 млрд теңгеге өсті – әкімдік

Сапалы білім алу - еліміздегі әрбір азаматтың құқығы. Осыған орай ҚР Президенті білім саласына ерекше көңіл аударып, мектеп, балабақша және басқа да білім нысандарын көптеп салдыруда, деп хабарлады облыс әкімдігі. Мәселен, 2015 жылы Шымкентте 84 қоғамдық балабақша, 208 жеке және 35 шағын орталық, 127 мектептер мен 327 балабақша ел игілігі үшін пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш мемлекеттің қолдауымен айтарлықтай өсті. «Ұлттық қор», облыстық және қалалық бюджеттерден «Балапан» бағдарламасы аясында 2 мектеп, 4 мемлекеттік және 39 жекеменшік балабақша салынды. Жалпы осы жылы білім беру саласын дамыту үшін 40,3 млрд теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 8,7 млрд теңгеге артты. Шымкент қаласы бойынша орташа балл 82,6 болып, ( 2015 жылы - 81,8 б) «Алтын белгі» белгісіне үмітк…

0
0
331

БҰҰ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы елшісі Қазақстанға сапармен келеді

БҰҰ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы елшісі Жан Тодт Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі. 2016 жылғы 14 - 17 қыркүйекте Қазақстанға БҰҰ Арнайы елшісі келеді. Оның келу мақсаты – жоғары деңгейде жол-көлік оқиғаларын төмендету мәселелерін талқылау және мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтар және үкіметтік емес ұйымдар арасында стратегиялық байланыс орнату, сонымен бірге Онжылдық Бағдарламаны орындау бойынша жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұлттық бағдарламаларды қабылдауда көмектесу. Қазақстан БҰҰ шеңберіндегі қызметтің белсенді қатысушысы болып, жол жүрісі қауіпсіздігі деңгейін көтеруге елеулі мән береді және мемлекеттік саясаттың келесі дамуында, құқықтық негіз және осы салада басқаруда қажетті…

0
0
285

«TIKA» өкілі Әзірет Сұлтанда

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне Түркия Республикасы Үкіметінің «TIKA» Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің жаңадан сайланған Қазақстандағы өкілі доктор Али Ихсан Чаглар келіп, музей жұмысымен танысты. Бұдан бұрын музей территориясын жарықтандыру жұмыстары «TIKA» агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Али Ихсан Чаглардың айтуынша алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.

0
0
379

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне келіп, өңірдің тарихи-мәдени нысандарының жағдайымен танысты. Қорық музейдің директоры Жандос Әубәкір экскурсия барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енетінін және Қазақстан тарихында сәулеттің көрнекті ескерткіші, Түркістанның негізгі мәдени орындарының бірі саналатынын атап өтті.
Үкімет басшысына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық музейінің құрамындағы Қылует, Жұма мешіті, Шығыс моншасы сынды тарихи мәдени ескерткіштері жайлы, көне Түркістан қаласының тарихы және музейдің болашақтағы жоспарлары жөнінде мәліметтер берілді.

1
0
345

Мемлекет басшысы Ақмола облысының аграрилерімен кездесті

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Сапар аясында Елбасы Шортанды ауданының ауыл шаруашылығы алқабында болып, онда «Жәкен-1» ЖШС механизаторларымен кездесті және жиын-терін науқанының барысымен танысты. Қазақстан Президентіне кәсіпорынның негізгі жұмыс бағыттары мен өңірдегі аграрлық секторды қолдау шаралары туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев өңірде өсетін ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады, онда жергілікті жағдайға бейімделген бидайдың жаңа түрі таныстырылды. Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде республиканың агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы университеттері базасында ғылыми-зерттеу институттарын құру қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті облыстың ауыл шару…

0
0
279

Адалдық рухындағы спорт

А.ж. 10 қыркүйекте № 2 Егіндікөл орта мектебінің спорт залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында волейбол мен баскетболдан жарыстар өткізілді. Жарыстың ашылу кезеңінде еліміздің болашағы - қазақстандық жас ұрпақ, болашақ азаматтық және мемлекеттік қызметшілер, жеке кәсіпкерлер мен түрлі мамандық өкілдерінің мемлекеттілік, экономика, заманауи, адал және өркендеуші қоғам құрудың негізгі қағидаларын білетіні байқалды. Қатысушыларға «Біз жемқорлыққа қарсымыз» ұрандары бар «адал қоғамды» насихаттайтын парақшалар таратылды. Жанкүйерлер өз командаларын белсене қолдады. Қорытындысында барлық қатысушылар денсаулық, сергектік қуаты мен жағымды эмоция алды. Сыбайлас жемқорлық марафоны аясындағы жарыстар қорытындысы бойынша № 1 Егіндікөл орта мектебі волейбол мен бас…

0
0
419

Жемқорлық туралы КВН

А.ж. 10 қыркүйекте Егіндікөл ауданында «Адал жол – Честный путь» марафонына орай мектеп оқушыларының КВН турнирі өтті. Шараға екі команда қатысты: Днепропетров орта мектебінің «Жастар КZ» және № 2 Егіндікөл орта мектебінің «Новое поколение» командалары қатысты.    Турнирге төрағалық ету мектеп қызметкерлеріне ұсынылды. Біз сол кештің қалай өткенін байқамай да қалдық. Қыздар ән салды, әзіл айтып, би биледі.«Жастар КZ»командасы команданың әр мүшесіне ерекше рөл беріп, өте қызықты өткізді. Оларда зиялы қауым, ботаник бала, Жемқор, және көптеген қызықты кейіпкерлер болды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Новое поколение» командасы бірінші орын алды.

Департамент госслужбы

0
0
1345