Мазмұнға өту

Жаңа

ОҚО-да «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» бағдарламасы іске қосылды

Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысына арналған селекторлық мәжілісте облыс әкімі аудандар мен қалаларда кәсіпкерлік пен кооперацияларды жаппай дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Осыған орай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Оңтүстік Қазақстан облысында «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы қолға алынып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі. «Мемлекет басшысы Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесе елді мекендерде кооперативтер желісін ұлғайтуды тапсырып отыр. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты жергілікті ауылшаруашылық өнімдерімен қамтып, қайта өңдеу кәсіпорындарының желісін ұлғайтпақ. Бұл жұмыстарды Мақтарал, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Сарыағаш аудандарында белсенді атқаруды тапсырамын», - деді өңір басшысы. Сонымен қатар, көрші облыстарда сүт өнімдеріне деген сұраныстың жоғар…

0
0
346

Қазақстан Женевада ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларын ұсынды

БҰҰ қарусыздандыру бойынша конференциясының жалпы отырысында Женевадағы ҚР тұрақты өкілі Жанар Айтжанова ядролық қарусыздану және қауіпсіздік саласында Қазақстанның соңғы бастамалары туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚР СІМ. Отырыстың қатысушылары ағымдағы жылдың 29 тамызында «Ядролық қарудан азат әлемді құру» атты халықаралық конференцияда қабалданған Astana Vision Декларациясының негізгі жағдайымен танысты. Аталмыш құжат Конференцияның ресми құжаты ретінде енді. Отырыс барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қауымдастықты ядролық қауіпсіздік негіздерін қалыптастыратын халықаралық шарттар мен институттарды нығайту үшін міндеттерді қабылдауға шақырғандығы айтылды. Сонымен қатар, сөз барысынджа Ж.Айтжанова 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кең…

0
0
364

Халықаралық комиссия ЭКСПО-ның үздік тәжірибелерінің павильоны үшін 17 жобаны іріктеп алды

«Үздік тәжірибелер аймағында» - ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең қызықты павильондар таңдалып алынып, әлем бойынша өнімнің жаңа түрлері мен технологиялары жинақталады. Халықаралық комиссия ЭКСПО-ның үздік тәжірибелерінің павильоны үшін 17 жобаны іріктеп алды. Тағы да бесеуі павильоннан тыс қала ішіне шоғырландырылады. «Біз таныстыратын бірқатар идеяларды анықтады, сондықтан көрме ұйымдастырушылары қажетті өтінішті іздеу үшін өңірлерге шығып, компаниялар өкілдері, сарапшылармен кездесті. Біз бүгін олардың ең үздіктерін іріктеп алдық. Бұл шешімдердің барлығы бірауыздан болған жоқ, сарапшылармен дебаттар да болды, қорытындысында біз тағы екі елде қайта таныстыруға болатын үздік жобаларды таңдап алдық. Ең басты талап: тиімділік, жаңашылдық пен инновация», - деді Нобель сыйлығының лауреаты, Халықара…

0
0
342

В.Лоссерталес: ЭКСПО-2017 қатысушы елдері қазан айында Астанадағы көрме павильонын толтыра бастайды

ЭКСПО-2017 қатысушы елдері қазан айында Астанадағы көрме павильонын толтыра бастайды, деді Халықаралық көрмелер бюросының хатшысы Висенте Лоссерталес.

«Мен ЭКСПО-2017 көрмесі  нысандарының құрылысынан үлкен әсер алдым. Барлық жұмыстар аяқталуға жақын екен: қатысушы елдер  мен Қазақстанның павильондары. ЭКСПО-2017 қатысушы елдері қазан айында Астанадағы көрме павильонын толтыра бастайды», - деді В.Лоссерталес көрменің дайындығына арналған баспасөз мәслихатында.

Ол айтып өткендей, халықаралық қатысушыларды тарту бойынша барлық мақсат орындалды. Өз қатысуын 103 ел растады. Бұл тізім әлі бірқатар елмен толығады деп күтілуде.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
314

ҚР ҚК әскери полигондарының инфрақұрылымын дамыту оң нәтижелер беруде

ҚР Қарулы Күштерінде ірі әскери полигондардың инфрақұрылымын дамыту мен жөндеу және әскери нысандарды қайта құру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Биылғы жылы Қазақстан аумағында алғаш рет өткен Армия халықаралық ойныдарына дайындалу шеңберінде ең алдымен, жұмыс инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталды. Электр қуатының үздіксіз берілуі, трансформаторларды орната отырып, екінші резервтік тораптың салынуы қамтамасыз етілді, ауылдық елді мекенде, облыстық маңызы бар жолда орташа күрделі жөндеу, республикалық маңызы бар жолда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді Гвардейск кентінде 10 мың шаршы метр асфальт төселді. Ойындардың өткізілуі жүздеген адамды жұмыспен қамтып қана қоймай, сонымен бірге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын…

0
0
426

Қазақстанның әскери қызметшілері «Бейбіт миссия – 2016» оқу-жаттығуына қатысу үшін Қырғыз Республикасына келді

Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Балықшы қаласындағы «Эдельвейс» полигонында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерінің «Бейбіт миссия – 2016» бірлескен әскери лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Салтанатты іс-шараға бес елдің, яғни, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери контингенттері қатысты. Жалпы алғанда, оқу-жаттығуға 2 мыңға жуық әскери қызметші, шамамен 300 бірлік әскери техника, олардың біршамасы жаңғыртылған және заманауи қондырғымен жабдықталған, сондай-ақ, жерүсті әскерлердің іс-қимылын қалқалауды қамтамасыз етуге арналған 40-қа жуық бірлік жауынгерлік авиация тартылды. «Мұндай оқу-жаттығу…

0
0
695

Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысын ЭКСПО-2017 кешенінің сәулеті тамсандырды – СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанадағы«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысын инспекциялау үшін келген Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті, деп хабарлады ведомство. Кездесу барысында Е. Ыдырысов көрменің халықаралық қатысушыларын тарту бойынша жұмыстың қорытындылары туралы айтты. Бүгінгі күнде 103 мемлекет және 17 халықаралық ұйым «ЭКСПО-2017» көрмесіне өз қатысуларын растады, ұлттық секциялардың 92 комиссарлары тағайындалды, шет елдермен 71 қатысу шарттарына қол қойылды. «Тараптар көрмеге қатысушы елдердің ұлттық күндерін өткізуге дайындық шеңберінде жүргізілген табысты жұмысты атап өтті. Қазіргі таңда осындай іс-шараларды ұйымдастыруға 61 өтінім келіп түсті», - делінген хабарламада. Е. Ыдырысов «ЭКСПО-2017» көрмес…

0
0
357

Құқық негізі

2016 жылдың 13 қыркүйек күні «Заман» жастар қоғамдық бірлестігімен «Қоғамдағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету және құқықтық  сананы жағарылату мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру жобасы аясында дөңгелек үстел оздырылды.

Шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі білім беру бағдарламаларына енгізілген өзгерістердің мағынасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға дайын тұлғаны тәрбиелеу бойынша баяндама жасады.

0
0
319

Қызылорда облысында 100-ден астам бала педагогикалық-психологиялық түзету орталығына жүгіне алады

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев «Педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі. Мекеме облыс әкімінің қолдауымен облыстық білім басқармасы, «Дара» республикалық қайырымдылық Қоры мен «ҚОР» Мұнай компаниясының өзара меморандумы аясында ашылып отыр. “Баршаңызды педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасау - біздің басты міндетіміз. Облыстағы мүмкіндігі шектеулі 5744 баланың 1775-і жалпы орта білім беру мектептерінде оқиды. Оқыту–тәрбиелеу, түзету, құқықтық кеңестер беру жұмыстарын жүргізу мақсатында 17 арнаулы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Мәселен, 2014 жылы мүмкіндігі шектеулі ба…

0
0
522

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы

А.ж. 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті мен аумақтық басқармалардың ұжымымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері А.Жаналинов қатысты. Семинар барысында Департаменттің өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы, оның алдағы он жылға есептелген басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырғ…

0
0
217