Қоғамдық қабылдау – халықпен жұмыс істеу
2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ең басты мақсаттарының бірі - сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту болып табылады. Сондай-ақ, мұнда «сыбайлас жемқорлық профилактикасының пәрменді тетігі қоғамдық бақылау болып табылады», – делінген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері ретінде мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ барлық азаматтар мен ұйымдар танылады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Ақмола облысының «Жас Отан» Қоры» Корпоративтік қоры а.ж. 9 қыркүйегінде «Жас Отан» ЖҚ АОФ коворкинг орталығында қоғамдық қабылдауды ашу бойынша аймақтық БАҚ өкілдері мен тұрғындарының қатысуымен брифинг өткізді. Қабылдау жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша азаматтық бастамаларын қолдаудың, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңнамасының, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер саласы мен мемлекеттік қызметкерлер этикалық кодексінің бұзылмауын қамтамасыз ету орталығы болып табылады.
Брифингтің басты спикерлері ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің басшысы – Қуаныш Жапақов, облыстық мәслихат депутаты, Ақмола облысы әкімшілігінің жанындағы Мемлекеттік қызметкерлердің деңгейін көтеру регионалдық орталығының директоры – Әлібек Баймағамбетов сөз сөйледі.
Брифинг барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берілді.
Қоғамдық қабылдаудың жұмысы күнделікті сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күндерінен басқа) іске асырылатын болады. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мына мекенжай бойынша: Көкшетау қ., Әуелбеков көш. 117, 72-23-15, 87756000626, [email protected]
