2016 жылдың басынан бері мемлекеттік органдарға 10 млн шаршы км аумағындағы ЖҚЗ түсірілімдері ұсынылды
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және олардың ұйымдарына 10 млн. ш.км. аумағында түсірілімдер ұсынылды, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов.
«ЖҚЗ ҒЖ пайдалануға енгізу өткен жылы ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, экология мен табиғатты пайдалану, жерді пайдалану, геодезия, картография, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік және тағы басқа міндеттерді шешу үшін ЖҚЗ деректеріне тәуелсіз және шұғыл қолжетімділік алуға мүмкіндік берді. ЖҚЗ ҒЖ коммерциялық бағытта пайдаланғаннан бастап, жер бетінің 280 млн.ш. км-ге түсірілім жүргізілді», - деді Е.Шаймағамбетов.
«ЖҚЗ ҒЖ тәжірибелік пайдалану кезеңінде (2014-2015 ж.ж.) мемлекеттік органдарға нарықтық бағасы шамамен 5,4 млрд. теңгені құрайтын 7,4 млн. шаршы км көлемінде өтеусіз ғарыштық түсірілімдер берілді. 2015 жылы коммерциялық құрылымдарға 133,6 млн.теңге сомасында ЖҚЗ ҒЖ қызметтері көрсетілді», - деді ол.
2016 жылдан бастап республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ақысыз негізде ЖҚЗ түсірілімдері ұсынылды.
«2013-2015 жылдар аралығында түзетілген ақпарат таратудан және қызметтерді іске асырудан 229,9 млн. теңге сомасында кіріс кірді», - деді Е.Шаймағамбетов.
ДЖСНЖ пайдалануға енгізу геодезия, картография, жерді пайдалану, ауыл шаруашылығы, ірі ғимараттар құрылысы, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ навигациялық аппаратураның метрологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағы басқа міндеттерді шешу үшін дәлдігі жоғары координаталар мен уақытты түпкі пайдаланушыларға ұсынуға мүмкіндік берді.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және олардың ұйымдарына 10 млн. шаршы км аумағында түсірілімдер ұсынылды. Бұл түсірілімдердің коммерциялық құны 6,27 млрд. теңгені құрайды.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz