Мазмұнға өту

Жаңа

Әзірбайжан ЭКСПО-2017-де энергетика саласында үздік жұмыстарын көрсетеді

Асанада «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі, Әзербайжан ұлттық павильонының комиссары Натиг Алиевпен кездесті. Ұлттық компанияда хабарлағандай, басқосу барысында екі жақ көрмеге дайындық барысын талқылады. Ахметжан Есімов халықаралық павильондардың жақын арада дайын болатындығын әрі олардың қазан айында барлық қатысушыларға берілетіндігін айтты. Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмесіне 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым қатысатындығын растады. Әзербайжан Республикасы өзінің қатысатындығын растаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Әзербайжан ұлттық павильонының комиссары алдағы көрмеге дайындықтың белсенді ттүрде жүргізіліп жатқандығын жеткізді. «Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесінің өтетіндігі тура…

0
0
275

2016 жылы 5 мыңнан астам адам шағын несие алды - Дүйсенова

2016 жылдың басынан бері 5 мың 428 қазақстандық шағын несиеге ие болды, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында. «Өзін-өзі қамтыған және жұмыссыздардың қатарынан жеке кәсіпкерлерді қалыптастыруға бағытталған бағдарламаға 30,8 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғыдан үш есеге көп. Биылғы жылы шағын несиелеу үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл «Нұр Отан» партиясының «Ауылдағы жұмыс» жобасы аясындағы бірлескен жоба, ол бес өңірде пилоттық режимде жүзеге асырылып отыр. Оның мақсаты - жәрдемші шаруашылық базасында шағын тауарлық өндірісті құру. Аталмыш қызмет үшін шағын несиелеу 6 млн теңгеге көтерілді. Үшіншіден, несиелеуді ұйымдастыру өңірлерді дамыту картасына сәйкес. Жыл басынан бері шағын несиені 5 мың 428 адам алған», - деді Т.Дү…

0
0
411

«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов

Бүгін Жетісай қаласындағы «Қазақстан» студенттер сарайында Мақтарал ауданы әкімдігінің Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 22-қыркүйек – тілдер мерекесіне орай «Тіл мерейі – ел мерейі» атты мерекелік кеш болып өтті. Іс-шараға Мақтарал ауданы әкімі Ғалым Исмаилов, ОҚО Қазақстан халық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, «ОҚО Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ербол Байғонақов қатысты. Мақтарал ауданы әкімі Ғ. Исмаилов өз сөзінде аудандағы ұлттар достығының берік болуына, әрбір шаңырақта тыныштық болуына тілек білдіріп, бүгінгі мерекемен аудан жұртшылығын құттықтады. ОҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Қалмұратов: «Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1022 мектептің 743-інде білім мемлекеттік тілде, 27…

1
0
828

Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді қосымша іріктеу басталды

Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді іріктеудің екінші кезеңі басталды. Бұған дейін тестілеуден өткен 3000 еріктілер қатарына тағы да мың жарымы қосылатын болады, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ. Мұндай қажеттілік көрме аясында бірқатар ауқымды халықаралық деңгейдегі форумдар мен іс-шаралар өткізілетіндіктен туындап отыр. Айталық, Бүкіләлемдік туристік ұйыммен бірлесе отырып, туристік форумның өткізілуі туралы келісімге келді, сондай-ақ, дүние жүзінің 165 мемлекеті қатысатын World Boxing Council Конвенциясының 55 жылдық мерейтойы мен кәсіби бокс кешін ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойылды. Тағы бір себеп – қатысушылар көлемін ұлғайту. Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. Тағы да бірнеше мемлекеттерм…

0
0
495

2016 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімі 22 млн тоннадан асады – ҚР АШМ

2016 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімі 22 млн тоннадан асатындығы болжанды, деп Үкіметтің отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті. «Тамыз айының үшінші оңкүндігінде еліміздің барлық өңірлерінде жаппай егін жинау басталды. 20 қыркүйектің жағдайы бойынша 11 млн 100 мың гектар жиналды, яғни дәнді дақылдардың 72%-ы жиналды. Гектардан 14,9 центнер өнімділігі бойынша 16,5 млн тонна бидай соғылды және ол өткен жылғымен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары»,-деді Қ.Айтуғанов. Көбіне бидай егетін Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7,5 млн. га аса аумақ орылды және де жинау науқаны жалғастырылуда. Қ.Айтуғановтың айтуы бойынша, оңтүстік аймақтың облыстарында масақты дақылдардың жұмысы аяқталуда және жүгері, күріш жинау жұмыстарын…

0
0
917

Мемлекет басшысы Алматы облысының әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы табыстарын атап өтті

Нұрсұлтан Назарбаев қалалық «Жастар» саябағында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы саябақты жаңарту және абаттандыру жұмыстары барысымен танысты. Қазақстан Президенті қала тұрғындарының мәдени-көпшілік демалысы үшін мейлінше жағдай жасаудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, Елбасы өңірдегі жұртшылық өкілдерімен кездесті. «Облыстың шекара бойында орналасуы экономиканың көлік-логистика және электр энергетикасы салаларын дамыту қажеттігін талап етеді. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылып, менің тапсырмаларымды облыс әкімінің тиянақты орындауының арқасында бұл салалар қарқынды дамуда. Өңірдің әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы табыстарын да айтпай кетуге болмайды. Сонымен бірге халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістігі…

0
0
425

Ұлттық экономика министрлігі азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін 4 нақты себепті айтты

Ұлттық экономика министрлігі нарықтардың балансын зерттеп, азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін 4 нақты себепті анықтады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында. I. Әлемдік нарықтағы баға жағдаятының өзгеруі және импорттық тауар жеткізілуіне ұлттық валюта әлсіреуінің әсері. Олар бойынша отандық тауарларды қолдану пайызы 60%-ға тең: ірімшік (16,7%), сүзбе (55,8%), құс еті мен тауық (41,6%), тары (55,1%), ұнтақталған қант (56,4%). II. Табиғи монополиялар бағасының өсуі (электр энергиясы, су) және ЖЖМ бағасының 2015 жылы 15,6%-ға өсуі. 2015 жылдың бірінші жартыжылында электр энергиясының тарифі 7,9 пайызға өскені азық-түлік бағасының өсуіне әсер етті. III. Маусымдық өзгерулердің әсері. Жыл сайын қоймаларда өнімнің аздығына байланысты өнімнің бағасы да…

0
0
593

Б.Сағынтаев өңірлерде жылыту маусымына дайындықты жеделдетуді тапсырды

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда мен Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктері алдағы жылыту маусымына жанармай сатып алу үшін Үкімет резервінен 1 862 млн теңгеге бюджеттік сұраным тапсырды, деді ҚР Энергетика министрі қанат Бозымбаев Үкімет отырысында. «Ақмола, Жамбыл, Қызылорда мен Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктері алдағы жылыту маусымына жанармай сатып алу үшін Үкімет резервінен 1 862 млн теңгеге бюджеттік сұраным тапсырды. Оның ішінде мазутты сатып алу үшін 30 мың 364 тоннаға 1 528 млн теңге, 92 мың тонна көмірді сатып алуға 335 млн теңге берілді», - деді Қ.Бозымбаев. Бұл өтініш бойынша Б.Сағынтаев жауапты ведомстволарға Үкіметтің келесі отырысына дейін шешім қабылдау керектігін айтты. Сондай-ақ, аталмыш мәселе бойынша Ұлтық экономика министрі Қуандық Бишімбаев есеп…

0
0
255

Қазақстанда әкімшілік айыппұлдарды төмендету қарастырылады

Әділет министрлігінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау болып өтті. Шара барысында ҚР әкімшілік заңнамасын дамыту мәселесі талқыланды.Атап айтсақ, әкімшілік айыппұлды төмендету бойынша әкімшілік – дилекттік заңнаманы гуманизациялау, қысқартылған өндірісті қолдану аясын кеңейту, субъекттердің тізімін көбейту болып саналады.. Алғаш рет құқық бұзғаны және оның деңгейі ауыр болмаған жағдайда қолданылатын шара ретінде ескертуді тәжірибеге енгізу қарастырылуда. Қазірдің өзінде шамамен заң бұзушылықтардың 30 пайызы бойынша ескерту қолдану тәжірибесін кеңейту бойынша уағдастыққа қол жеткізілген. Әкімшілік құқықбұзушылық қарайтын соттар мен органдар үшін жеңілдетуге негіз болған жағдайда айыппұлдардың көлемін…

0
0
353

«Нұрлы жол» в действии

Вчера в Мажилисе под председательством вице-спикера Владимира Божко состоялся «правительственный час», в ходе которого были обсуждены вопросы реализации государственной программы «Нұрлы жол». Депутатам докладывал министр национальной экономики Куандык Бишимбаев. Почти четыре часа продолжался первый в новой сессии «правительственный час», что вполне объяснимо: во-первых, после перерыва у депутатов скопилось немало вопросов к главе одного из самых «горячих» ведомств, а во-вторых, реализация программы «Нұрлы жол» – в приоритете. Докладывая о реализации поручений Главы государства, которые были озвучены на расширенном заседании Правительства, министр К. Бишимбаев подчеркнул, что одной из главных задач социально-экономической политики является обеспечение продуктивной занятости населения и реш…

0
0
192