Ақмола облысында ет өндірісі 8,3%-ға артты
Ақмола облысында өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру 8,3 пайызға артты.
Аймақ әкімдігінде хабарлағандай, шаруашылықтың барлық санатында жыл басынан бастап 61,2 мың тонна ет өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 8,3 пайызға жеткендігі байқалады. Сонымен қатар, 260,9 мың тонна сүт өндірілді, 4,2 пайызға артты және жұмыртқа саны 499,4 млн данаға жетті.
Сондай-ақ, жыл басынан бері ірі қара мал саны 2,9 пайызға артты және 432,3 мың тонна басты құрады. Олардың ішінде: сиыр-6,0 пайыз (203,8 мың бас), жылқы – 4,5 пайыз (167,9 мың бас), қой мен ешкі-2,9 пайыз (582,7 мың бас), құс-0,3 пайыз (5,2 млн).
«Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдеуі бойынша ағымдағы жылы жалпы сомасы 8,9 млрд теңгенің 10 жобасы іске асырылуда. Олардың ішінде 1,8 млрд теңгенің 2 жобасы іске асыты»,-делінген хабарламада.
Сонымен қатар, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен елордалық нарыққа 49 мың тонна сүт өнімдері, ет-15,5 мың тонна және ет өнімдері, 149,1 млн дана жұмыртқа жеткізілді.
Облыстық статистика департаментінде хабарлағандай, Павлодар облысында 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында өндірістік өнеркәсіп көлемінің өсімі 856,4 млрд теңгені құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға жоғары.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің төмендеуі 3,1 пайызға төмендеді, электрмен қамту, газ беру бойынша – 4,8 пайызға, суды реттеу мен өңдеуде 2,8 пайызға, қалдықтарды жою – 4,2 пайызға төмендеді.
Металлургиялық өнеркәсіп өндірісі, дайын метал өнімдерін өндіру көрсеткіші айтарлықтай өсті.
Облыста өсімдік шаруашылығы өнімін дамытудың маңызды бағыттарының бірі астық өсіру болып табылады. Ай сайынғы мониторинг жұмысына сәйкес, 2016 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша, облыста дәнді- дақылдар 121,1 мың тоннаны құрады.
Жыл басынан бастап 1025,1 мың тонна астық кіріске алынды, оның ішінде сатылым – 943,4 мың тонна, тұқымға – 8,5 мың тонна мен жем-шөпке-73,2 мың тонна. Олардың негізгі үлесі 89,3 пайыз.
Департаментте ағымдағы жылдың басынан бастап облыстан 92,4 мың тонна дәнді- дақыл экспортталғаны айтылды, ол өткен жылғымен салыстырғанда 12,1 пайызға көп. Астық Өзбекстан Республикасына экспортталды. Ал астықтың импорты 0,1 тмың тоннаны құрады, астық Ираннан әкелінді.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
