Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР ҰЭМ әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасының өсу себептерін түсіндірді

Баға ортасын өзгерту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне арналған тарифтерді ұлғайту, маусымдық ауытқудың әсері, экспорттық жеткізілімнің әсері әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне ықпал етті. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті. «Үкімет пен Ұлттық Банк қабылдаған Дағдарысқа қарсы жоспар аясында, Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуін болдырмау тапсырмасын берді. Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне маңызды тауарлардың 33 түрі кіреді: макорон өнімдері, жарма, көкөніс, ет, сүт өнімдері, жұмыртқа мен тұз және олар инфляцияны есептеу кезінде ескеріледі. Ресми статистиканың мәліметі бойынша, жылдың басынан бастап тұтынушылық индекс 5,4 пайызды құрады, сонымен қатар азық-…

0
0
431

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бірінші кезектегі міндет

А.ж. 19 қыркүйегінде Ақмола облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкері Қ. Уажанов Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қ. Уажанов семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымдықтарын, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының жаңалықтарын хабарлады. Сонымен қатар, семинарда Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы нәтижелері, жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық…

0
0
248

2016 жылы Қазақстанға жұмысқа тұру мақсатында 12 мың адам келді

Бүгін Астана қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесінің жоғары лауазымды қызметкерлерінің үшінші кездесуі өтті, еп хабарлады ведомство. Шара барысында тұрғындардың тұтастығы, босқындардың құқықтарын жүзеге асыру мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, аталған саладағы аймақтық ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Халықаралық ұйымның мәліметінше, әлемдегі әрбір жетінші адам босқын болып саналады. Халықаралық босқындар саны 2040 жылы 400 млн-ға дейін көбеюі болжанып отыр. Өз сөзінде Светлана Жақыпова экономикалық дағдарысқа байланысты Орталық Азия аумағындағы тұрғындардың мобильділігі арта түсетінін атап айтты. Қазақстанда биыл еңбек мигранттарының негізгі ағымы Қытай (11 мың 641 адам), Түркия (3 мың 558), Өзбекстан (3 мың 285), Ұлыбритания (…

0
0
203

Жемқорлықсыз ел — дамыған ел

А.ж. 20 қыркүйекте «Тәуелсіздік» алаңында «Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн және барлық құқық бұзушылық түрлерiне «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қалыптастыру жөнiндегi 2016 жылға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысын орындау мақсатында Көкшетау қаласының мәдениет бөлімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен ҚР 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өткізеді. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда жемқорлыққа, сонымен бірге, құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды сақтау және нығайту. Іс-шараға облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері, Көкшетау қаласының жоғарғы оқу орындары…

0
0
452

Жемқорлықсыз ел — дамыған ел

20 сентября т.г. на площади «Тәуелсіздік» в целях исполнения Постановления акимата Акмолинской области «Об утверждении Плана мероприятий по формированию уровня антикоррупционной культуры и принципа «нулевой терпимости» ко всем формам правонарушений в Акмолинской области на 2016 год» по инициативе Департамента Министерства по делам государственной службы РК отделом культуры г. Кокшетау будет организован и проведен праздничный концерт приуроченный к 25-летию Независимости РК.

Целью мероприятия является формирование антикоррупционной культуры, сохранение и укрепление в обществе системы ценностей, отражающей нетерпимость как к коррупции так и ко всем формам правонарушений.

В мероприятии примут участие представители государственных органов области, студенты ВУЗов и ТиПО города Кокшетау.

Департамент госслужбы

0
0
229

Д.Абаев: Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде жүзеге асады

Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын «электронды үкімет» пен мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты. «Мемлекеттік органдардың басты міндеті – халыққа қызметтің барынша сапалы, әрі оңай көрсетілуін қамтамасыз ету екенін Елбасы үнемі айтып келеді. Осы бағытта ел игілігі үшін қыруар іс-шара жүзеге асырылды», - деді ол. Оның айтуынша, мысалы, жеке куәлікті алу бұрын бір айға созылса, қазір ол бар болғаны 2 күнде дайын болады. Және тіркелген орныңызға қарамастан, кез келген қаладан ала бересіз. Осылайша, халықтың уақыты ғана емес, қаржысы да үнемделіп отыр. Немесе ең жиі сұралатын қызметтердің бірі – «қылмыстық құқық бұзушылық туралы» анықтамаға тоқталайық. Бұрын 7 күн ішінде берілетін осы құж…

0
0
319

700 мыңнан астам ақтөбелік жыл соңына дейін табиғи газбен қамтамасыз етіледі

2016 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысының барлық аудандары газдандырылады, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. Елбасы тапсырмасын орындау үшін өңірде халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша, атап айтқанда елді мекендерді газдандыру шаралары жүргізілуде. Жобаларды жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен қыруыар қаржы бөлінуде. Облыста жыл сайын 4 млрд текше газ өндіріледі, қазіргі таңда 695 мыңға жуық адам тұратын 375 елді мекеннің 101-і газдандырылған. “Облыс әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық қаржы есебінен Ойыл ауданының Ойыл, Әйтеке би ауданының Комсомол, Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылдарынан, Ырғыз ауданының Ырғыз, Алға ауданының Үшқұдық ауылдарының ішіне жалпы құны 5,9 млрд. теңге болатын ұзынд…

0
0
586

Премьер-Министр облыс әкiмдерiне бірінші қажеттіліктегі азық-түлiк бағасының өсуін болдырмауды тапсырды

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында облыс әкiмдерiне бірінші қажеттіліктегі азық-түлiк бағасының өсуін болдырмауды тапсырды. «Қанша азық-түлiк түрi бойынша екенi маңызды емес. Бастысы, факт бар. Жүйелi жұмыс жүргiзу керек. Екiншiден, орта республикалық деңгеймен салыстыру дұрыс емес. Облыста өмiр деңгейi орташа республикалық деңгейден төмен. Сондықтан салыстырудың қажетi жоқ», - дедi өз кезегiнде Б.Сағынтаев. Батыс Қазақстан облысының әкiмi де бағаны тұрақтандыру үшiн қажеттi жұмыс жасалып жатқанын айтты. Премьер-министр тұрақтандыру қорының қаражатын пайдалануды тапсырды.Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы бағаны тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндаманы тыңдады. Осы орайда, Премьер-Министр аталмыш мәселені шешіп, азық-түлік тауарларына бағаның өзге…

0
0
387

Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қарызгерлер құқығын бұзу қауіпі жойылады

Парламент Мәжілісінде «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Заң жобасы Мәжілістің қаржы және бюджет комитеті аясында талқыланды. Заң жобасы әлеуметтік тәуекелдерге ұшырайтын банктік кредиттеу және микроқаржыландыру секторында туындайтын мерзімі өткен берешекті өндіріп алу барысындағы коллекторлық агенттік, кредитор және борышкердің арасындағы өзара қатынастарды реттеуге бағытталған. Заң жобасы арқылы коллекторлық қызметтер нарығын дамытуға қолайлы құқықтық жағдайлар жасалып, мерзімі өткен берешекті өндірудің тиімділігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, халықтың коллекторлық қызметке сенімділігін арттырып, әлеуметтік шиеленістерді төмендету да қарастырылып отыр. Заң жобасында коллекторлық агенттіктерді ҚР Ұлттық банкі реестрінде міндетті түрде тіркеу…

0
0
402

Қазақстан діни бірлестіктерінің міндеті қоғамның руханиятын арттыру болып саналады – Ермекбаев

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жаңа қызметіндегі екінші ресми кездесуін өткізді. Осы жолы ол Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды қабылдап, мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар діни бірлестіктердің осы саладағы жұмысына тоқталды. Астана және Қазақстан Митрополиті Александр еліміздің дін саласындағы қазіргі саясатын тілге тиек етіп, жаңа министрліктің ол саясатты жалғастыра беретініне сенім білдірді. «Бүгін мен жаңа министрмен таныстым. Кездесу кезінде біз дін саласындағы бірқатар мәселелерді талқыладық. Шыны керек, бүгінде Қазақстандағы дінаралық келісім мен ұлтаралық достық көптеген мемлекеттерге үлгі болып отыр. Бұл – талай жылдар бойы қалыптасқан қоғамдық қарым-қатынас моделі. Көрші…

0
0
270