Қ.Бозымбаев: Қазақстанның кей өңірлері жылыту маусымына дайын емес
Үкіметтің отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев кейбір өңірлердің жылыту маусымына дайын болмауының себебін айтты. «Энергия қондырғыларында 3,3 млн тонна көлемінде көмір қоры мен 121 мың тонна мазут бар және олар өткен жылдың деңгейіне сай келеді. Күз бен қыс айларына жеткілікті. Сонымен қатар, кейбір өңірлерде шешілмеген мәселелер бар және олар жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуде қосымша шаралар жасағанды қалайды. Осылайша, министрдің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК –да «Теплокоммунэнерго» МКК алдында тұтынушылардың қарыздары бар. Оның көлемі шамамен 354 млн теңге. «Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беру жоспарлануда, ал кәсіпорынға көмірді жинау қыркүйектің ортасынан басталды. Мазутты жеткі…