Алматыда жаңғыртылған цех айына 720 мың тонна шай өндіретін болады
Алматыда түйіршіктелген шай өндіру үшін жаңғыртылған цех іске қосылды, сонымен қатар «Үйдің жанындағы ферма» әлеуметтік дүкені ашылды, деп хабарлады қала әкімдігі. Осылайша, 500 млн теңге тұратын түйіршіктелген шай өндіру және орау бойынша жаңартылған цех іске қосылды. Оның жаңғыртылуы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында өткізілді. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша кәсіпорын жартылай құралдарды сатып алу үшін несие бойынша субсидияланған пайыздық төлем алды және ол өндірістік қуаттылықты 20 пайызға арттыруға түрткі болды. Ендігі күні цех айына шәй өндіруді 600-ден 720 тоннаға дейін арттырды. Бұл Қазақстандағы шәй нарығының шамамен 40% үлесі. 300 қызметкер жұмыс істейтін кәсіпорын Қырғызстан, Ресей, Беларус және Моңғолияға тауарларын экспор…
