Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көкшетау қаласының ата-аналар комитеттерінің өкілдерімен кездесу өткізілді

А.ж. 23 қыркүйекте Көкшетау қаласының №6 орта мектеп-лицейінде Департаменттің бастамасы бойынша қаланың мектепке дейінгі және орта білім беретін оқу орындарының   ата-аналар комитеттерімен «Отбасы – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Шақырылғандардың алдында Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев, Білім басқармасы басшысының орынбасары О. Ковалева құттықтау сөздерін сөйледі.

«Өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік рухында тәрбиелеу» тақырыбындағы баяндамалармен №6 орта мектеп-лицейдің директоры А. Самбаева мен Департаменттің бас маманы Қ. Уажанов баяндама оқыды.

№6 орта мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының президенті  Т. Қайыржанова мектеп оқушыларының санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде баяндады.

«Мерей» бала бақшасының тәрбиеленушілерінің, сондай-ақ,  Көкшетау қаласының №12 орта мектебінің оқушыларының  қатысуымен түсірілген «Жемқорлықтың не екенін білесіңдер ме?» тақырыбындағы бейнероликтердің көрсетілімі ата-аналардың қызығушылығын туғызды.

Кездесудің соңында семинарға қатысушылар мен  Департаменттің, Білім басқармасының өкілдерінің арасында  сыбайлас жемқорлықтың кез келген  көріністеріне төзбеушілік  рухында білім берудің өзекті мәселелері жөнінде сұхбат өрбіді.

Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
444

Осы тақырып бойынша

Көкшетау қаласының ата-аналар комитеттерінің өкілдерімен кездесу өткізілді - Yvision.kz