Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Made in Әже» көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Қазан айы – қариялардың айы. Егде тартқан жандарға қамқорлық танытып, құрмет көрсету қазақтың қанында бар қасиет. 1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күні. Мерейлі мерекеге орай 30 қыркүйек күні  Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» «Made in Әже» көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Бұл шарада әжелеріміз жастарға өздерінің сүйікті істерінің тәжірибесімен  бөлісіп, мастер-класстарын көрсетеді.Оған қоса әжелеріміз  қолөнер бұйымдары, ғасырлар бойы сақталған аспаздық құпия, үлгілі ана, табысты әйел болудың қыр-сырын үйретпек. Мерекелік іс-шараға  қатысам деген әжелерге орталық есігі әрқашан ашық.

30 қыркүйек күні сағат 16:00 де өтетін «Made in Әже» көрме-жәрмеңкесіне қала тұрғындары мен қонақтарын  шақырамыз. Қарттар – біздің асыл қазынамыз.

 

Біздің мекен-жайымыз: Ломов38 көшесі, 1.02 кабинеті.

Байланыс телефоны: 66-12-45

 
0
0
2751

Осы тақырып бойынша

«Made in Әже» көрме-жәрмеңкесі өтеді. - Yvision.kz