Мазмұнға өту
marzhanbel

Маржан Бельгибаева

@marzhanbel

Сайтта 2015 ж. 17 мамырКазахстан, Талды-Курган

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікір

1

тіркелуші

0

жазылымдар

3

Жүктілікке байланысты ырым-тыйымдар

Түнде шаш, тырнақ алуға болмайды деген тыйымды ес білгелі естіп келе жатырмыз. Бірақ неге екенін ешкім түсіндіре алмайды, тек бұрыннан ата-бабаларымыз жасатпаған, ұрпақтары да олай істемеуге тиіс. Шынымды айтсам, себебі жоқ ырым-тыйымдардың бірін де бала кезімнен орындамай өстім. «Көре-көре косем болсың, ...» демекші, жүре келе жоғарыда айтылған тыйымның тікелей электр қуатының жоқтығы себебінен шаш-тырнақтың асқа түсіп кетпеуін болдырмау үшін айтылғанын естіп, оның қазіргі заманда өзектілігін жоғалтқанын түсіндім. Содан бері әрбір ырымның не үшін айтылғандығына мән беретін болдым, әсіресе жүктілік кезінде әйел мен құрсағындағы баласына қатысты түрлі сенімдердің барына таң болдым. Ең күлкілісі – жүкті әйел балық жесе, баласының тілі жай шығады дейтіндер бар екен. Бұл балықтың құрамында ағ…

0
0
47731

Қалжа, жарыс қазан, шілдехана, т.б. салт-дәстүрлердің негізгі мақсаты неде?

Қазақ ырым-жоралғыларға, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға өте бай халық. Оның бірін үлкендерден естіп өссек, тағы бірін әдебиеттерден оқып жатсақ, кейбірімен кездейсоқ ұшырасып, бірінші рет естіп жатамыз. Өзімнің алғашқы жүктілігіме орай жан-жақтан айтылған түрлі наным-сенімдер мен салт-дәстүрлерге кез болып, «олай істеуге болмайды» немесе «міндетті түрде солай істеу керек» дегендермен ұшырасып, «неге» деген сұраққа «ол қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі» деген қысқа жауапқа қанағаттанбай, ізденіп көріп, өзіме көптеген жаңа ақпараттар түйіндедім. Жас болғандықтан болар немесе заманның ағымына орай қазір көбіміз жөн-жоралғыларға мән бермей жатамыз, ал еліміздің кейбір өңірлерінде ана бойына бала біте сала ұстанатын қатаң салттары болады, сол себепті жазарым бірімізге қызықты болып жатс…

4
0
6771

Жергілікті туристтер Шарын каньонында немесе студенттік саяхатты ұйымдастыру

Сірә, өмірде саяхаттауды сүймейтін жан аз шығар. Алайда, мен ол адамдардың қатарына кірмейтіндердің бірімін. Жаңаны көруге құштар, таңсық дүниені танып-білуге ұмтылысы зор жан ретінде ең алдымен өз елімдегі табиғи-тарихи ескерткіштерді саяхаттау менің жоспарымда бар еді. Сәті түсіп, сондай орындардың бірі – Шарын каньонын көру мүмкіндігі маған да бұйырды. 12млн. жылдық тарихы бар шатқалдардан құралған табиғи ескерткіш Алматы облысында 2004 жылы құрылған Шарын ұлттық табиғи паркінде орналасқан. Шарын өзенінің жағалауында ұзыннан ұзақ бой түзеген қызғылт-сары құздар, бағаналар, жыралар сәулетші, мүсіншілердің қолынан шыққан туындылардай әрбіреуінен бейнелерді, көріністерді байқауға болады. Парктің табиғатынан бөлек таңқалдырған тағы бір жайт – жергілікті келушілермен қатар шетелдік туристте…

2
1
2149