Ю. Стрельчук: Семей полигонының аймағы адам денсаулығына қауіпті емес
Зерттеулер айқындағандай, Семей полигонының көп бөлігі ластанудан арылған және адам денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында ҚР Ұлттық ядролық орталығы радиациялық қауіпсіздік институтының оқыту-ақпараттық орталығының жетекшісі Юрий Стрельчук мәлімдеді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1992 жылғы 15 мамырда құрылды. Оның негізгі бағыты Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту бағдарламасын қолдаудағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, нақты аймақтарда атом станцияларын салуды техника-экономикалық негіздеу, атом энергетикасы мен термоядролық энергетика қауіпсіздігі, ғарыштық ядролық энергетикалық қондырғылар, қатты дененің радиациялық физикасы және реакторл…
