ҚР СІМ: Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты
Мемлекет басшысының стратегиялық болжамы мен дипломатиялық талантының және оның шет мемлекеттердің көшбасшыларымен сенімді қарым-қатынасының арқасында қазақстандық дипломатия әлемнің барлық елдерімен өзара қарым-қатынастың сенімді жүйесін құрды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
«Тарихи өлшеммен алғанда, осы қысқа кезең ішінде Қазақстан сыртқы алаңда маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Біз өзіміздің халықаралық аренадағы субъектілігімізді біржолата бекіттік, әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық, негізгі халықаралық ұйымдарға кірдік. Құрлықтағы мемлекеттік шекараларымызды толық белгіледік, еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестер локомотиві болды», - деп мәлімдеді министр экономикалық дипломатия Қазақстанның сыртқы саясатының басты векторы ретінде тақырыбына өткен Үкімет сағатының барысында.
Ведомство басшысы 25 жыл ішінде Қазақстан ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК және Түрік кеңесінде төрағалық еткенін атап өтті.
«Мемлекет әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съездерін тұрақты өткізу процесін бастады, ДСҰ-ға кірді, даулы жағдайларды шешуге тиімді араға жүрді, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу құқығын алды, БҰҰ Бас ассамблеясының «Ядролық қарудан азат бейбітшілік құрудың жалпы декларациясына» бастама жасады, 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелік етуін алды», - деді министр.
Е. Ыдырысовтың айтуы бойынша, Қазақстанның халықаралық аренадағы барлық жеңістері мен жетістіктері біздің еліміздің Бірінші Президентінің есімімен тығыз байланысты.
«Мемлекет басшысының стратегиялық болжай алуының, ерекше дарындылығының, дипломатиялық талантының және оның шет мемлекеттердің басшыларымен сенімді қарым-қатынасының арқасында қазақстандық дипломатия әлемнің барлық елдерімен өзара қарым-қатынастың сенімді жүйесін құрды. Біздің халықаралық аренадағы барлық күшіміз біздің мемлекетіміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін ел ішіндегі терең саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасауға бағытталған», - деп түйіндеді министр.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz