ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Комплекс жайлы не білеміз?

Комплекс жайлы не білеміз?


Заман ілгері қадам басқан сайын айналадағы адамдардың психологиясы сан түрлі өзгеріске ұшырап жатыр. Соның бірі қазіргі қоғамда кең талқылауға салынып отырған жастардың бойындағы комплекс. Комплекс жайлы не білеміз?

Әзірше бұл ұғымға қазақ тілінде нақты балама табылған жоқ. Кемшілік, кембағалылық мәніне  сәйкес болса да, толығымен үйлеспейді. Сөздің түп қазығы  латынның байланыс, түйісу, қиюласу)- психологияда (оның ішінде психоанализде) адамның тәлім-тәрбиесіне, тұлғасына, психологиялық ілгері дамуына елеулі ықпалы бар  санасыз қалыптасатын эмоционалды  боялған түсініктер жиынтығы деген мағына береді.

Өзгелерден өзін кем сезіну  белгіленген параметрлерге ( түр әлпеті) сәйкес келмеу адам бойында өзін кем сезіну ( комплекс неполноценности) комплексінің пайда болуына ықпал етеді. Орынсыз ұялу, босқа күйгелектену, үнемі аландау комплекстін нышаны. Әйгілі психологтардың тұжырымдамасы бойынша адам бойында қандай да бір комплекстің пайда болуы тікелей тәлім- тәрбиеге тіреледі. Ата- бабамыз ерте кезден бастап бала тәрбиесіне көп мән бергені айтпасақ та белгілі. «Балаң жетіге келгенше патшадай сыйла, жеті жастан бастап құлыңдай жұмса, он жеті жасынан досындай сырлас» деген нақыл сөзден аңғаруға болады. Дегенмен, қазіргі қоғамда отбасылық құндылықтарға, әсіресе бала тәрбиесіне селқос қарайтын ата- аналар баршылық. Ең бірінші тәрбиедегі жіберілетін өрескел қателік жұрттың балаларымен салыстыру. Ой осы пәленшенің баласы, ай! Бұндай салыстыруды естімеген қазақ баласы жоқ шығар, сірә. Тағы бір қателік баланы жастайынан тым еркелетіп, асыра мақтап, бетінен қақпай айтқанына көне беру. Үнемі ата-анасы тарапынан көрсетілетін  қамқорлықтан әрі шыға алмай, болашақта,  есейген тұста, бала әлжуас, өзіне сенімсіз әрі тұйық болып өсуі әбден мүмкін. Беймарал көнгіштік ақыры соңында үлкен қателіктерге бой алдырады.  Тағы бір зерттеу нәтижелерінде көп балалы отбасында дүниеге келген сәби, нақтырақ айтсақ, ортаншы балалар ата-ана махаббатына үлкені мен кенжесіне қарағанда аз бөленетіндігі екен. Бұл да баланың тұла бойында түрлі комплекстің туындауына әсер етпей қоймайды.

Құрметті оқырман егер сіздің бойынызда комплекстің қандай да бір түрі кездессе, сізге  оны  жоюдың келесі  жолдарын ұсынамын.

1. Ең алдымен бойынызда туындаған комплекстің себеп-салдарын анықтап алыңыз. Балалық шағынызда орнаған жағымсыз естеліктерінізді еске түсірініз.  Қазіргі жағдайынызды ескере отырып, балалық шақта естіген түкке тұрғысыз өзгелердің ойын жадыныздан өшіріп тастаныз. Әрбір кемшілігінізден өзінізге ғана тән жағымды жақтарын алуға тырысыныз.

2. Ойынызды бақылауда ұстаныз. Жағымсыз ойларынызды  дереу позитивті ойға алмастыруға күш салыныз. Өзініз жайлы жақсы жайларды ойлауды әдетке айналдырыныз. Өзініз жайлы ойды  өзгерту арқылы, комплекстен арылу оңай әрі тез іске асады.

3. Өзінізге үңіліп қараныз. Күшті және әлсіз жақтарынызға талдау жасап, жазып алыныз. Өзінізді жақсы танып-білу  арқылы  сынға төтеп беру қабілетінізді арттыра аласыз.

4. Әлсіз жақтарынызды мойынданыз. Мінсіз адам болмайды.

5. Сынға көп мән берменіз. Бұл өзгелердің субъективтік пікірі ғана. Айтылған сындағы шыңдық үлесін тұлғалық келбетінізбен байланыстырманыз.

6.  Серпімді, көңілді адамдармен достық қатынас  орнатқаныз  дұрыс. Қарым-қатынастың бұл түрі сізді шабыттандырып, өмірінізге жағымды өзгерістер әкеледі.

7. Луйза Хей, Джозафа Мерфи, Александр Свияш, Робин Шарм, Брайн Трейс, Энтони Робинс секілді жағымды, оң әсерін тигізер кітаптарды оқу арқылы, өзінізге деген сенімділікті арттыра аласыз.

8. Міндетті түрде жеке күнделік  жүргізініз. Өткен күндерінізде орын алған оқиғаларынызды, жетістіктерінізді үнемі жазып жүруінізге болады.

Тарихи мәліметтерге көз жүгіртіп қарайтын болсақ әлемге әйгілі басшылардың басым көпшілігінде комплекстің өзіндік түрі болған. Ол бойдың аласалығына байланысты комплекс. Кейбір тарихшылардың есептеуінше Напалеон  Бонопарт тарихтағы ең атақты аласа бойлы билеушілердің бірі. Сондықтан  ол «Кішкентай капрал» лақаб атына ие болды. Көршілес Ресей елінің премьер-министрі Дмитрий Медведевтің бойының ұзындығы ресми мәліметтерге сәйкес 162 см. 1930- 1974 жылдары Эфиопияны басқарған Хайли Селассидің бойының ұзындығы 158 см болған. Бұл тізімде  бес рет президенттік қызмет атқарған Мексикандық Бенито Хуарес көш бастады. Оның бойының ұзындығы 135 см болған. Иә, бойдың аласылығы,  комплекстің әйгілі түрі. Алайда, белгілі тарихи тұлғаларға  әскер, ел билеуге кедергі болмағанын байқадық. Кемшілік кез- келген адамның бойында бар екенің жоққа шығара алмаймыз. Кемшілік және адамзат егіз ұғым іспеттес. Комплекс тұлға бойына мәңгілікке тұрақтап қалмау үшін кесапатпен достасып немесе күресіп өмір сүруге бойнызды үйрете берініз.