ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсету – азаматтардың сенімінің негізі

А.ж. 8 қазанында Есіл ауданының орталық ауруханасында «Адалжол – Честный путь» облыстық жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету – азаматтардың сенімінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары, «Нұр Отан»партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның төрағасы О.Қ.Қайсарбеков өз сөзінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған бағдарламалық құжаттармен таныстырды. Сонымен қатар, ол Қазақстанның әр азаматы жемқорлыққа қарсы күресті азаматтық борышы ретінде қарау керек, сол жолмен ғана оң тиімділікке қол жеткізе аламыз деп атап өтті.

Дөңгелек үстел аяқталған соң, баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойылып, оған нақты, түсінікті жауаптар берілді.

Департамент госслужбы