Мазмұнға өту

Жаңа

Әділет министрлігі әзірлеген заң жобалары бойынша ашық талқылау

Әділет министрлігі өзі әзірлеген заң жобалары бойынша ашық талқылау өткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты азаматтар мен бизнес өкілдерінің мүдделерін қорғайтын заң жобаларын түсіндіру  болып табылды.

Айталық, меншік құқығын қорғау, даулы мәселелерді реттеу мен әкімшілік реттеуді дауласу қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң жобасы талқыланды, ол азаматтар мен ұйымдарға әкімшілік шешімдерді қабылдау процессінде үлкен өкілеттік береді, олардың ой-пікірі міндетті түрде ескеріледі, оларға қажетті рәсімдер үшін материалдармен тансысу мүмкіндігін бере отырып, міндетті түрде тыңдалатын болады.

Әкімшілік шешімдерді сотқа дейін жоғары тұрған органға немесе өзге уәкілетті органға шағым берудің заң жоба бойынша мүмкіндіктері мен  артықшылықтары уәкілетті органға,сонымен қоса жалпы «әкімшілік юстиция» деп аталатын органға соттық шағым беру мүмкіндігі қарастырылғаны талқыланды.

Бұдан басқа, Парламент қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаның ережелері, сондай-ақ әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Сонымен қатар, қолданыстағы «Медиация туралы», «Құқықтық актілері», «Төрелік туралы» Заңдар талқыланды

Көрсетілген заң жобалары және Заң медиация, партисипативтік рәсімдер, төрелік сияқты және т.б. қорғаудың соттан тыс нысандарының артықшылығын ашады.

Аталған заң жобалары қатысушылардың «аса» қызығушылығын қозғады, себебі олар азаматтарға және бизнес өкілдеріне бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге және қосымша мүмкіндіктер береді.

Жалпы ашық талқылау қатысушалардың үлкен қызығушылығын қозғады және құрылымдық диалог түрінде өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
469

Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналауға жататын 53,8% тұрғын егілді

Қазақстанда ағымдағы жылғы 19 қазандағы жағдайға сәйкес тұмауға қарсы 782 мың 957 адам егілді. Бұл вакциналауға жататын азаматтардың жалпы санының 53,8% құрайды, оның ішінде 117 мың 410 медициналық қызметкерлер, 40 мың 321 жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар 206 мың 313 бала, 85 мың 118 мектеп оқушылары, 25 мың 197 мектеп, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, 45 мың 959 қарт адамдар, 262 мың 639 жұмыс ұжымының өкілдері бар.

Аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мамандары өткізетін аулаларды тексеру шараларының барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, вакциналанған адамдардың арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды.

 
0
0
394

2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс Қазақстанның барлық аудан орталықтарында қолжетімді болады

Қазақстанда 2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс елдің барлық аудан орталықтарында қолжетімді болады. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2016 жылғы 9 ай ішіндегі жұмысты қорытындылауға арналған министрліктің алқа отырысында айтты.

«Телекоммуникацияны   дамытудың басты басымдылықтарының бірі интернетке кеңінен қолжетімділік  болып табылады. Бүгінгі таңда интернетке   халықтың 73 пайызы қосылып отыр, бұл көрсеткіш Қазақстанның Дүниежүзілік Экономикалық форумының бәсекеге қабілеттіліктің   жаһандық индексі бойынша 41-ші орынға шығуына себепші болды. 10 мың және одан артық халқы бар елді мекендерде  3G мобильдік байланысы бар. 50 мың немесе одан көп аймақтарда  4G  стандарты енгізілді. 2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс  Қазақстанның барлық аудан орталықтарында қолжетімді болады», - деді Д.Абаев.

Министрдің айтуынша, сандық теңсіздікті төмендету мақсатында «Қазақтелеком» АҚ  мен «Транстелеком» АҚ  «ҚР жергілікті елді мекендерін интернет желісіне қол жеткізу» жобасы дайындалған болатын. Ол мемлекеттік және жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асты.

«Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында  1 мың  300 елді мекенде жоғарыжылдамдықты желіні қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылады. Әлеуметтік маңызды мекемелер, мектептер, ауруханалар интернетке қосылады.  2016 жылдың  1 қаңтарынан бастап мобильдік желінің абоненттік нөмір қызметі енгізілді. 2016 жылдың  1 қаңтарынан бастап абоненттік нөмірлерді мобильдік желіде ауыстыру мүмкіндігі туды. Атап айтсақ, «OTAU TV» инфрақұрылымы толық жүзеге асырылды,  2016 жылдың  1 қазанындағы жағдай бойынша ол  1 млн  200 мың абонентті құрады», - деді министр.

Министрдің айтуы бойынша, ақпараттық кеңістікті, телекоммуникацияларды және электрондық үкіметті дамыту жөніндегі функцияларды бір уәкілетті органда біріктіру туралы шешім – дұрыс әрі ойланған шешім.

«Бұл қадам біздің қоғамымыздың дамуының жаңа көрінісін көрсететін Мемлекет басшысының стратегиялық таңдауына айналды», - деп атап өтті Д. Абаев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
468

Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды

Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды.Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысына барған жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед облыстағы жетекші кәсіпорындардың бірі – «Имсталькон» металлконструкция зауытында болды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары зауыт жұмысшыларымен кездесуінде мемлекеттік индустриалдық бағдарламалар аясында соңғы бес жылда өңірде 174 миллиард теңгенің 72 жобасы жүзеге асқанын айтты. Соның арқасында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығында 1 триллион 200 миллиард теңгенің 36 жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл 6 жарым мыңнан астам жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.

«Сарыарқаның қақ төрінде орналасқан Қарағанды еліміздің ең ірі индустриалдық орталығы болып саналады. Бұл Елбасымызды шарболаттай шыңдаған өңір. Биыл облыс Президенттің қамқорлығы арқасында өнеркәсіптің көптеген салалары бойынша едәуір өсуге қол жеткізген. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай», – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Қарағанды политехникалық колледжінде өткен кездесу тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне арналды.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасымен ЖОО және училищеге оқуға түсе алмай қалған мектеп түлектерін кәсіби даярлау мен жұмысқа орналастыру бойынша ауқымды республикалық жоба қолға алынғанын хабарлады. Партия еліміздің әр өңіріндегі жағдайды жіті зерттеп, көмекке мұқтаж 10 мыңға жуық жасты анықтады. «Нұр Отан» олардың барлығына қолдау көрсетеді.

Атап айтқанда, жастарды жұмысшы мамандықтары бойынша оқытып, мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғызылып жатқан нысандарға жібереді. Мұндай тәжірибе бұрыннан бар. Мәселен, қазіргі таңда Қарағандыда 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып қалды. Осы құрылыста жұмыс істеген көптеген жұмысшылар мұнда облыстық жұмыспен қамту орталығы арқылы келген. Мектеп «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынды. Бұл бағдарлама шеңберінде Қарағандыда осы жылдың өзінде құны 41 миллиард теңге болатын 20 нысан қолданысқа берілуі тиіс.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы құзырлы қызметтер мен ведомстволарды жұмылдыру арқылы күн сайын бақылауға алынуы қажет екенін атап өтті. Мұхтар Құл-Мұхаммед партияның облыстық филиалына осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ, партия фракциялары мен барлық деңгейдегі мәслихаттар жанындағы қаржыны жұмсауды бақылау жөніндегі комиссия жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды.

Облыс активімен кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Қарағанды облысының республикамыз бойынша айрықша маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта атқарылар негізгі жұмыстарға назар аударды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед орталық Қазақстанға сапарының соңында Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетіне барды. ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
535

«Бәйтерек» холдингі үлескерлер ақшасының 50 %-нан астамын кепілдендіреді

Астанада «Бәйтерек» холдингі өз еншілес ұйымы – «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру» АҚ негізінде құрылған «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру» акционерлік қоғамын ресми түрде таныстырды, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы 2016 жылғы 7 сәуірде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңға қол қойды. Бүгін, 13 қазанда, Заң күшіне енді және үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастырудың 3 тәсілін көздейді: Кепілдік беру қорының кепілдігін алу; екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;  құрылыс салушының жеке қаражаты есебінен тұрғын үй ғимаратының қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Үлестік салымдарға кепілдік беру жүйесін құру үшін ҚР Үкіметінің қаулысымен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру» АҚ Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры болып айқындалды.

Қор өтінімдерді қабылдауды бастайды және құрылыс салушы қабылдаған міндеттерін орындамаған жағдайда, жарғылық міндеттерге сәйкес тұрғын үй ғимаратының аяқталуы бойынша  үлескерлерге кепілдік береді.

«Біз өз қызметімізде алдымызға барынша тиімділікке жету жөніндегі міндетті қоятынымызды атап айтуды маңызды санаймын. Біздің басты мақсатымыз – қысқа мерзімде танымал болу, мүмкіндіктерімізді кеңейтіп, өз кәсіби біліктілігімізді арттыру. Біз алдымызға өр мақсатты, ауқымдылығы жағынан аса үлкен міндет қойдық – бұл үлескерлердің ақшасын тарту есебінен салынып жатқан тұрғын үйдің 50 %-нан астамын Қордың кепілдігімен қамтамасыз ету», - деді «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Оңаев.

Жаңа тетік бойынша кепілдік беру жағдайлары мыналар болып табылады: тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру мерзімдерін бұзу; қаражатты мақсатсыз пайдалану; соттың шешімі бойынша құрылыс салушының дәрменсіздігі.

«Бастапқы кезеңде құрылыс салушының өтінімін қарау кезінде Холдингтің еншілес ұйымы, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» жаңа Заң талаптарының сәйкестігіне құрылыс салушыны тексеретін болады. Барлық талаптарға сәйкестігі анықталған жағдайда, Қор құрылыс салушымен және Уәкілетті компаниямен кепілдік беру туралы шарт жасасады. Қор тәуелсіз инжинирингтік компания арқылы үлескерлердің ақшасын мақсатты пайдалануын бақылайды, инжирингтік компания, өз кезегінде, тұрғызылып жатқан үйлердің сапасын бақылайтын болады». – деп атап өтті «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Оңаев.

Қордың кепілдігі үлескерлер салымдарының сақталуын және үлескер үшін ең басты бәсекелестік басымдық – белгіленген мерзім ішінде құрылыстың кепілдікті аяқталуын қамтамасыз етеді.  Құрылыс салушы үшін – инвесторлар тарапынан сенімнің жоғарылауы есебінен сату көлемдерінің ұлғаюын, үлескерлердің ақшасына тікелей қолжетімділік есебінен қаржыландыру құнының төмендеуін қамтамасыз етеді. Инжинирингтік компанияның құрылыс барысын бақылауын көздейтін тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тұрғызылатын үйлердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Бұрын үлескерлер құрылыс салушының заң шеңберінде жұмыс істеп, қарқынды басталған құрылыс ұзақ жылға созылмайтынына сеніп, ақшасын сақтықпен салатын. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, барлығы дерлік құрылыс компаниялары азаматтардың инвестицияларын сенімді қорғаныспен қамтамасыз ете алмады. Жоғарыда аталған барлық факторлар халықтың бүкіл санаттары үшін алғашқы тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететіні сөзсіз, бұл ретте үйлердің құрылысы мен қабылдауы кезінде азаматтарға салынған ақша қаражатының барынша қорғанысына кепілдік бере отырып, үлескерге құрылыс барысын бақылауға мүмкіндік туғызады», - деп атап өтті «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Оңаев.

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін енгізу тұрғын үй құрылысына қосымша инвестицияларды тартуға, үлестік құрылыстағы азаматтардың тәуекелдерін ғана емес, жосықсыз құрылыс салушылардың міндеттері бойынша мемлекеттің де жауапкершілігін азайтуға, сондай-ақ тұрғын үйлерді қабылдау көлемдерін ұлғайтуға және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына жәрдемдесуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
497

Н. Ермекбаев: Қазақстандық қоғам елде салафизмнің таралуына жол бермеуге қабілетті

Қазақстанда салафизм қабылдауға келмейтін және жосықсыз діни ағым болып табылады, Қазақстанның тәжірибелі және зайырлы қоғамы білімді және демократиялық Қазақстан құру пайдасына таңдау жасай отырып, заңнамалық тыйым салусыз еліміз үшін жат осы діни ағымның таралуына жол бермеуге қабілетті. Бүгінгі таңда елімізде 23 террористік және экстремистік ұйымға тыйым салынған. Бұл жөнінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ОКҚ баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Қоғамда бүгінгі күні салафизмге тыйым салуды қолдау туралы және оған қарсы пікірлер айтылып жатыр, осыған орай, Н. Ермекбаев дін саласындағы уәкілетті орган ретінде министрліктің салафизм діни ағымына қатысты ұстанымын айтты.

«Министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселені толық зерттеуде, Қазақстанда бүгіннің өзінде 23 террористік және экстремистік ұйымдарға тыйым салынғанын атап өткім келеді. Салафизм ұйым емес, ол діни ағым, көзқарастар жүйесі. Қолданыстағы заңдар бүгінде бізге заңсыз уағыздауды, заңсыз діни жиналыстарды тоқтатуға және радикалды діни әдебиеттерді таратуға жол бермеуге мүмкіндік береді, олардың орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деп мәлімдеді министр.

Ведомство басшысы елімізде дінді жосықсыз мақсаттарда пайдалану әрекеттерін тоқтату бойынша шаралар белсенді түрде қабылданатынын атап өтті. Осыған байланысты, министрлік экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі кешенді іс-шараларды жетілдіруге және діни қатынастағы субъектілердің барлығының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын сақтауының маңыздылығына баса назар аударуға барынша күш салады.

Ведомство басшысы бүгінгі таңда салафизм сырттан келген діни идеология болып табылатынын, сондықтан, министрліктің одан арғы жұмысы салафизм идеологиясын насихаттайтын әдебиеттің, интернет-сайттар жұмысының таралуына және ұйымдардың пайда болуына жол бермеуге бағытталатынын атап өтті.

«Қазақстандық қоғам жалпы радикализмге әкелетін осы діннің жат түсінігіне теріс көзқараспен қарайды, көбінесе осыған орай салафизмді ұстанушылар санының азаюы байқалады және Қазақстанда олардың ұйымдасқан құрылымдары жоқ. Қажет болған кезде біз Қазақстанның рухани басқармасына дінге сенетін адамдардың барлығының мешіттердегі белгіленген тәртіп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдесеміз», - деп түйіндеді министр.

Жақын уақытта құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жұмысы үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтейік: біріншісі  - дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, соның ішінде діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау, азаматтың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету, үшіншісі – мемлекеттік жастар саясаты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
311

Мәжіліс Байқоңырдағы қосарланған салық салуды алып тастау туралы заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісі «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады.

«Осы Хаттаманың мақсаты қосарланған салық салу мәселелерін жанама салық салумен реттеу болып табылады – ҚҚС, акциз. Бүгінгі күні біздің кәсіпкерлер Байқоңыр қаласындағы тауар өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығын салады. Өз кезегінде байқоңырлық (ресейлік) салық төлеушілер бұл ҚҚС-ты ресейлік заңнама бойынша есепке жатқызуға құқылы емес және тауар құны осы сомаға ұлғаяды. Бұл ретте Ресей Федерациясының Салық кодексі бойынша  18% мөлшерінде ҚҚС есептеледі», - деп хабарлады Б. Сұлтанов.

Ведомство басшысының айтуы бойынша, Байқоңыр аумағынан ҚР аумағына тауар өткізу кезінде де ұқсас жағдай қалыптасуда. Осылайша, бағаларды жасанды өсіру орын алады.

«Осы проблеманы шешу үшін біз ресейлік әріптестермен бірлесіп жұмыс жүргіздік және осы Хаттаманың жобасын дайындадық. Мұнда қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс істейтін қағидатты негізге алдық – ҚР аумағынан Байқоңырға тауарларды өткізу кезінде айналымдарға «нөлдік» мөлшерлеме бойынша салық салынады және ҚҚС Байқоңырда 18% мөлшерлеме бойынша және керісінше бір рет алынады», - деп түсіндірді министр.

Ол қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау бойынша да осындай тәсіл пайдаланылғанын қосты. Хаттама ережелерінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалғаннан басқа қағидалар көзделгенін ескере отыра, бұл хаттаманы ратификациялау талап етіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
474

Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекені. Алғы сөз

Алғы сөз

Ньют Скамандердің "Таңғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері" кітабының бұл арнайы басылымына алғы сөз жазу мен үшін үлкен құрмет болды. Ньюттің бұл туындысы баспадан шыққан сәтінен бастап Хогвартс Мыстандар мен Сиқыршылар мектебінде оқулық ретінде бекітіліп, біздің студенттеріміздің «Сиқырлы жаратылыстарды зерттеу» пәнінен жоғары нәтиже көрсетіп отыруына елеулі үлес қосты. Дегенмен, бұл кітаптың пайдалану аясы тек мектеп қабырғасымен шектеліп қана қоймайды. Хоркламптарды қалай газоннан құртудың ең жақсы жолын, Авгуридің мұңлы үндеуін ұғынуды немесе үйдегі Орамүлпектерді дәретханадан су ішпеуге үйретуді іздеп, талай ұрпақ парақшаларын тоздырған кітап данасын кез келген сиқыршылар отбасының кітапxанасынан табуға болады.

Алайда бұл туындыны тек сиқыршылар қауымдастығына арналған көмекші құрал деп айтуға болмайды. Атақты "Обскурус" баспасының тариxында алғашқы рет басылымдарының бірі маглдарға арналып сатылмақшы.

Адамзат қиыншылықтарының ең ауыр түрлерімен күресуге бағытталған "Comic Relief UK" ұйымының жұмысы маглдар әлемінде кең танымал, сондықтан менің сиқыршы әріптестеріме айтарым: күлкінің шипалы қасиетін түсінгендер тек біз ғана емес, бұл маглдарға да таныс нәрсе және олар оны ең тамаша тәсілмен пайдаға асыруда - адам өмірін сақтап, жақсартуға көмектесетін қайырымдылық қорларын құру арқылы – бұл сол бәріміз ұмтылатын сиқырдың нышаны. "Comic Relief UK" 1985 жылдан бері қайырымдылық мақсаттарына 250 миллион доллар қаражат бөлген. (Бұл 174 миллион фунт немесе отыз төрт миллион сегіз жүз жетпіс екі галеон, он төрт сикл және жеті кнут).

Енді сиқыршылар әлемінің де "Comic Relief UK" бастамаларына жәрдемдесу мүмкіндігі пайда болды. Сіз қолыңызда "Қиял-ғажайып xайуанаттардың" Гарри Поттер меншігі болып табылатын және өзі мен достарының жазбаларымен толықтырылған данасының көшірмесін ұстап отырсыз. Гарри бұл кітапты қазіргі қалпында қайта басып шығаруға онша ынта білдірмегенімен, "Comic Relief UK"-дегі достарымыз оның шағын жазбалары кітапты қызығырақ ете түседі деп ойлайды. Өз шедеврінің аяусыз шимақтала беретініне бұрыннан үйреніп қалған Ньют Скамандер мырза да келісімін берді.

"Қиял-ғажайып xайуанаттардың" бұл басылымы "Шимай мен Сия" дүкенінде де, маглдардың кітап дүкендерінде де сатылатын болады. Бұл кітап сіздің қолыңызға жетуіне қатысы бар әрбір адам - автордан бастап баспа, қағаз тасымалдаушылар, басып шығарушылар, мұқабашылар мен кітап сатушыларға дейін - өздерінің уақытын, күшін және материалдарын тегін немесе төмендетілген бағамен жұмсап, осы кітап құнының салықтарды есептемегендегі жиырма пайызын "Comic Relief UK" ашқан Гарри Поттер және Дж. К. Роулинг атындағы қорға жіберуге мүмкіндік жасады. Бұл қор әлем бойынша мұқтаж балалар үшін арнайы құрылған. Қосымша қайырымдылық жасау ниеті бар сиқыршылар үшін Гринготтс сиқырлы банкінің есігі әрқашан ашық (Грифукты сұраңыз).

Соңында, бұл кітапты сатып алмай оқып отырғандар үшін айтарым: кітапқа Ұрлық дуасы оқытылған. Сонымен қатар осы мүмкіндікті пайдалана отыра, барлық магл сатып алушыларды өтіне ескертемін: төменде сипатталған таңғажайып жаратылыстардың барлығы ойдан шығарылған және сіздерге еш зиян келтіре алмайды. Ал сиқыршыларға айтарым тек: "Draco dormiens nunquam titillandus" ("Ұйқтап жатқан айдаһарды оятпаңдар").

 

Альбус Дамблдор

 
3
0
666

Қазақстан судьялары «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форумға қатысты

2016 жылғы 11-12 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы)  «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форум өтті. Іс-шараға он бір мемлекеттің делегаттары қатысты.  Олардың ішінде: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Рессей, Украина, Тәжікстан және Монғолия. Одан басқа форумның жұмысына Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері және шетелдік сарапшылар Марш Билл (модератор) – Лондон халыхаралық медиаторы және Сербиядағы Ұлттық медиация қауымдастығының президенті Недик Блазо.

Қазақстан делегациясының құрамына Жоғарғы Сот судьясы Сүлейменова Ұ.А. мен Павлодар облыстық сотының судьясы Джаппарова Г.С. кірді.

Семинар барысында өңірлердегі медиация дамыту жөніндегі негізгі мәселелерді шолу, семинарға қатысушы елдердегі коммерциялық медиацияның реформа жолындағы басты кедергілер, сонымен қатар қазіргі бар проблемаларды жеңу жолындығы халықаралық тәжірибие талқыланды.

Жеке сессия «Сот жанындағы медиацияны қалай тиімді жасауға болады» деген мәселеге арналған, қандай құрылымдар мен үлгілер қазіргі кезде бар, түрлі мемлекеттерде қолданылатын тәжірибе мен тәсілдер талқыланды.

Қазақстан судьялары республикадағы медиация жұмысындағы практикалық мәселелерге назар бөліп, оны одан әрі дамыту үшін өз ойларын ұсынды. Қазақстандық судьялар өз сөздерінде бұқаралық ақпарат құралдарын, қоғамдық ұйымдарды және коммерциялық  құрылымдарды тарту арқылы медиацианы сот қызметіне енгізу туралы айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық туралы меморандумдар шеңберіндегі жұмысқа, білім беру іс-шараларын және соттар арасында конкурстық негізде сот медиациясын пайдалануға ерекше назар аударылды. Форумға қатысушылар соттарда медиацияны дамыту жөніндегі қазақстандық тәжірибеге  қызығушылық білдіріп, оны алмасуға ниет білдірді.

Форум қорытындысы бойынша ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Сүлейменова Ұ.А. осындай іс-шараларға дауласқан тараптарды, мысалы коммерциялық құрылымдарды қатыстыруды ұсынды. Іс-шара атауын «Коммерциялық медиация» тақырыбынан «Кәсіпкерлік қызмет саласындағы медиация» деп көрсетуге шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар диалог құру мен елдер арасындағы тәжірибе алмасу қажеттігі туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstan-sudyalary-shygys-europa-men-ortalyk-aziyadagy-kommerciyalyk-mediaciya-takyrybynda

0
0
561

600-ден астам арнайы мектептің медпункттерін білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру жоспарлануда

Мәжіліс депутаттары заңға мектеп медицинасын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру туралы толықтырулар енгізуде. ДСӘДМ БҒМ-мен бірлесіп, 601 мамандандырылған оқу ұйымын ведомстволар арасында қосымша бөлмек, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобы отырысының барысында.

«Алғашында негізгі идея мектеп медицинасы мен орта білім беру ұйымдарын беру болған, бұл жерде біз орта білім беру ұйымдарын бөліп көрсеткен едік, депутаттар енгізіп жатқан толықтыруларға келетін болсақ, басқа да медициналық мекемелерді қосу ұсынылады – тағы 601 ұйыммен толықтыру ұсынылады: бұл интернаттар, санаторий үлгісіндегі мектеп жанындағы арнайы түзету мектептері, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары, балалар үйі», - деп атап өтті ол.

Вице – министрдің айтуы бойынша, осы ұйымдарды қайда бекіту қажет екенін түсіну қажет, себебі олардың арасында 208-ге жуық ұйым тәулік бойы жұмыс істейді.

«Біздің емханалар күндіз ғана жұмыс істейді, егер мектептерде негізінен орта медицина қызметкерлері жұмыс істесе, мұнда арнайы мамандандырылған дәрігерлер жұмыс істейді, осы ретте біз олардың білім деңгейін, жарақтандырылуын түсінуіміз қажет, яғни қазір дайындық жұмыстары мүлде жүргізіліп жатқан жоқ», - деп мәлімдеді А. Цой.

Алғашқы кезде орта мектептер туралы, атап айтқанда медициналық пункттер туралы ғана сөз қозғалғанымен, ДСӘДМ осы мәселені пысықтауға дайын екенін атап өту қажет.

«Жалпы, барлық білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсетуді қолайлы ету - бұл дұрыс ұсыныс, бірақ біз бүгін тек орта мектептерді ғана беру мәселесін тұжырымдамалық пысықтағымыз келіп отыр, себебі бұл негізінен профилактикалық бағыт, бұл жерде біз тікелей емханаларға берілуі тіс медициналық пункттер туралы айтып отырмыз, мектеп оқушыларын сауықтыру процесі, негізгі аурулардың алдын алу, СӨС, түсіндіру жұмыстары және көптеген басқа да аспектілер осы арқылы қамтамасыз етіледі», - деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, «Денсаулық» бағдарламасы шеңберінде мектеп медицинасын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру көзделіп отыр, онда бір жыл ішінде мектеп оқушылары үшін сауықтыру іс-шараларын әзірлеу жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
417