Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс Қазақстанның барлық аудан орталықтарында қолжетімді болады

Қазақстанда 2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс елдің барлық аудан орталықтарында қолжетімді болады. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2016 жылғы 9 ай ішіндегі жұмысты қорытындылауға арналған министрліктің алқа отырысында айтты.

«Телекоммуникацияны   дамытудың басты басымдылықтарының бірі интернетке кеңінен қолжетімділік  болып табылады. Бүгінгі таңда интернетке   халықтың 73 пайызы қосылып отыр, бұл көрсеткіш Қазақстанның Дүниежүзілік Экономикалық форумының бәсекеге қабілеттіліктің   жаһандық индексі бойынша 41-ші орынға шығуына себепші болды. 10 мың және одан артық халқы бар елді мекендерде  3G мобильдік байланысы бар. 50 мың немесе одан көп аймақтарда  4G  стандарты енгізілді. 2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс  Қазақстанның барлық аудан орталықтарында қолжетімді болады», - деді Д.Абаев.

Министрдің айтуынша, сандық теңсіздікті төмендету мақсатында «Қазақтелеком» АҚ  мен «Транстелеком» АҚ  «ҚР жергілікті елді мекендерін интернет желісіне қол жеткізу» жобасы дайындалған болатын. Ол мемлекеттік және жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асты.

«Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында  1 мың  300 елді мекенде жоғарыжылдамдықты желіні қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылады. Әлеуметтік маңызды мекемелер, мектептер, ауруханалар интернетке қосылады.  2016 жылдың  1 қаңтарынан бастап мобильдік желінің абоненттік нөмір қызметі енгізілді. 2016 жылдың  1 қаңтарынан бастап абоненттік нөмірлерді мобильдік желіде ауыстыру мүмкіндігі туды. Атап айтсақ, «OTAU TV» инфрақұрылымы толық жүзеге асырылды,  2016 жылдың  1 қазанындағы жағдай бойынша ол  1 млн  200 мың абонентті құрады», - деді министр.

Министрдің айтуы бойынша, ақпараттық кеңістікті, телекоммуникацияларды және электрондық үкіметті дамыту жөніндегі функцияларды бір уәкілетті органда біріктіру туралы шешім – дұрыс әрі ойланған шешім.

«Бұл қадам біздің қоғамымыздың дамуының жаңа көрінісін көрсететін Мемлекет басшысының стратегиялық таңдауына айналды», - деп атап өтті Д. Абаев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
422

Осы тақырып бойынша