Мазмұнға өту

Жаңа

Әкімдіктерге жергілікті бюджетті жерасты суларының қорларын барлауға пайдалану қажет – ҚР АШМ

Жергілікті атқарушы органдарға халықты сумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске асыру мақсатында жерасты суларының қорларын барлау үшін республикалық бюджетке сенбей, жергілікті бюджетті пайдалану ұсынылды. Бұл жөнінде ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов ҚР Үкіметінің отырысы барысында айтты.

«ҚазСуШар» балансында халық саны 1 млн адамнан астам 495 ауылдық елді мекенге (АЕМ) су беретін 26 топтық су құбыры бар. Соның ішінде «ҚазСуШар» 180 АЕМ-ге қызмет көрсетеді, қалған 315-іне әкімдіктердің коммуналдық кәсіпорындары қызмет көрсетеді. Алайда, халықты тәулігіне 24 сағат бойы ауыз сумен қамтамасыз етуге олардың барлығы бірдей қабілетті емес. Оның себебі балансында су құбыры желілері бар коммуналдық пайдалану кәсіпорындарының мүмкінсіздігі болып табылады. Осыған байланысты, топтық су құбырларына қосылған 315 елді мекенді 2021 жылға дейін «ҚазСуШар» уақытша қызмет көрсетуіне алу мәжбүрлі шара ретінде ұсынылады. Осы уақыт ішінде әкімдіктер сумен жабдықтау жүйелеріне тиісінше қызмет көрсету үшін коммуналдық кәсіпорындардың қажетті пайдалану учаскелерін құрып, жоғарыда көрсетілген жыл өткеннен кейін оларды қайта коммуналдық меншікке қабылдауы тиіс», - деді Қ. Айтуғанов.

Вице-министр атап өткендей, әкімдіктерге топтық су құбырларына қосылмаған АЕМ-ге коммуналдық кәсіпорындар күшімен ішкі резервтер есебінен халыққа су беруді сағат бойынша ұлғайту бойынша жұмыс жүргізу қажет.

«Алға қойылған міндеттерді іске асыруға жерасты суларының барланған қорларының болуы әсер етеді. 2014 жылдан бастап әкімдіктерге барлау жүргізуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру мүмкіндігі берілген болатын, алайда, әкімдіктер өз қаражатын салмай, республикалық бюджетке сенеді. Әлеуметтік маңызды бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне көзделген мерзімде қол жеткізу үшін барлау жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет деп санаймыз», - деп қосты вице-министр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
456

Мәжіліс депутаты: Пәтерді жалға беруші онда тұратын адамды тіркеуге міндетті

Мәжіліс депутаттары баспанада тіркеусіз 30 күнге дейін тұру мүмкіндігін ұсынуда. Бұл туралы бүгін Сенатта Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері бойынша депутаттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың кездесуінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

«Жалпы, Қазақстан азаматтарына ІІМ 10 күнді ұсынып, кейіннен тіркеуге тұру қажеттігін ескерген еді. Бірақ та түрлі жағдайлардың болуын қарастыра отырып, яғни қонаққа, жұмысымен барғанда 10 күн жетпеуі мүмкін, осы ретте бұл мерзімді 30 күнге дейін арттыруды ұсынудамыз. Егер де адам жұмыс бабымен, туыстарына сапарлап келсе, басқа қалада тіркеусіз жүруіне 30 күнге дейін мерзім қамтылуы тиіс. Осыдан кейін тіркеуге тұру қажет болады. Ішкі істер министрлігінің ұсынысы бойынша егер де адам тіркелмесе, ол өзі жекелей, сондай-ақ пәтердің иесі де жауапты болады. Яғни, барлық пәтер иелерін туысқандары келген жағдайда тіркеуге тұрғызу міндеттелген болатын, егер де тіркеу жасалмаса, онда айыппұл қарастырылған. Бұл норма терроризммен және экстремизммен күреске қатысы жоқ екенін, сонымен қатар қоғамда жағымсыз резонанс тудырып отырғанын ескере келе, Мәжіліс тек тіркеуді ғана ретке келтіруді және пәтерлерін жалға беретін меншік иелерінің жауапкершілігін бекітуді ұсынады. Егер де пәтерді жалға берсе, ол осы тұрғынды тіркеуге міндетті. Осы орайда 10 күн уақыт беріледі»,-деп түсіндірді М. Әшімбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыдағы шаралар арқылы пәтерлерді жалға беру бағыты секілді ең үлкен сегментті ретке келтіруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. Бүгінде осы заң жобасы бойынша қызу талқылаулар жүргізілуде.

 
0
0
530

ҚазАгро жылыжай құрылысын 46,5 млрд. тенге қаржыландырады

Степногорскідегі «Тепличные технологии Казахстана» ЖШС жылыжай кешені – отандық өндірістің бірі болып саналады, оның өкілдері Халықаралық «Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі 2016» конференциясына қатысуды жоспарлайды, деп хабарлады “ҚазАгро” АҚ баспасөз қызметі.

Форумның үстіміздегі жылғы 21 қазанда Алматы қаласында өтетінін еске саламыз. Алаңы  3,5 га және жобалық қуаттылығы 1800 тонна кешен  «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруымен 2010 жылдың соңында пайдалануға берілді.   Бүгінгі күні  қызанақ өсіруге арналған алаң есебінен жобаны 6 га дейін кеңейту және жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін 3 мың га дейінұлғайту жүзеге асырылады. Бұдан басқа, жылыжай салат өндірісі бойынша жаңа желіні іске қосады.

Степногорскідегі жылыжай – «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша қаржыландырылған және пайдалануға берілген осындай 33 өндірістің бірі. Жалпы, қазіргі уақытта Холдингпен жабық топырақта 41 жоба қаржыландыруға мақұлданды, құны 46,5 млрд. теңге және жиынтық өндіріс қуаттылығы жылына 63 мың жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі. Олардың жалпы алаңы 147 га құрайды.

Холдинг отандық фермерлер мен агроқұрылымдарға жеміс-көкөніс бизнесін дамыту үшін қолдаудың қаржы құралдарының кеңейтілген жиынтығын ұсынады.

Жеміс-көкөніс өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру мақсатында, Холдингпен жылыжай шаруашылықтарынан басқа келесі бағыттардағы жобаларды қаржыландыру жүзеге асырылады, олар: суару жүйелерін қолдану арқылы өнім өндіру  (құны 19 млрд. теңгенің 66 жобасы мақұлданды, жиынтық қуаты жылына 239 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі.  Соның ішінде 63 жоба іске қосылған),бау-бақшалар құру және дамыту (құны 6 млрд. теңгенің 14 жобасы мақұлданды, жиынтық қуаты жылына 31 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі. Барлық 14 жоба пайдалануға берілді), көкөніс қоймасының құрылысы және жаңарту (16,7 млрд. теңгенің 44 жобасы мақұлданды, бір жолғы сақтаудың жиынтық сыйымдылығы 185 мың тонна, оның 41 жобасы пайдалануға берілді).

Қаржыландырылған объектілер жобалық қуатқа шығу кезінде жылына 530 мың тоннадан астам жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етуі жоспарланады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
384

АШМ: Жыл соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады

Жыл соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады, олар 100 сүт қабылдау пункті мен 2 мың отбасылық қоректендіру алаңын біріктіреді, деді Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысында. «Елбасы бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту  және ауыл халқын жұмыспен қамту  бойынша тапсырма берген болатын.  Биылғы жылдың  28 маусымында Үкімет отырысында аталмыш шараны жүзеге асыру бойынша іс-қимылдар таныстырылды. Министрлік облыс әкімдіктерімен  және Денсаулық сақтау, әлеуметтік даму   министрлігімен  бірігіп үшжақты кезеңдік жоспар түзілді. Шараларды жыл соңына дейін жүзеге асыру көзделген», - деді ол.

Оның айтуынша, шараларды жүзеге асыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.

«28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстар мен аудандарда  аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл әкімдерінің қатысуымен  шараларды жүзеге асыру механизмдері түсінірілді. Оның ішінде кооперативтерді құру мен оларды қаржыландыру мәселесі де бар. Әкімдік тарапынан түсіндіру  жұмыстары барлық өңірде, аудандарда өткізілуі тиіс», - деді Қайрат Айтуғанов.

Вице-министр айтып өткендей, әкімдіктердің қалауымен қазан айынан бастап министрлік ауыл әкімдеріне арналған оқыту семинарларын өткізеді.Семинарлар Қарағанды, ШҚО, Жамбыл және Алматы, Павлодар облыстарында өткізілді. Барлығы  966  қызметкерді  жергілікті атқарушы органдар оқытты.15 қарашада  2 мың  400 әкімді оқыту үрдісі аяқталады.

Сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға бағытталған қаржылық құралдар мәселесі де көтерілді. Жаңа қаржылық құралдар ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, Ынтымақ – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, Игілік – ауыл шаруашылығы малдарын өсіру, Бірлік – сүт қабылдау пункттерін құру, Береке – отбасылық бордақылау алаңдары.Өз кезегінде, аталған мақсаттар үшін Үкімет бұған дейін 31,8 млрд. теңге қаражат бөлген еді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
403

Пробацияның бір жыл ішіндегі қорытындысы жаңа қылмыстарды ескерту бойынша айтарлықтай тиімділікке ие болды - Қасымов

Пробацияның бір жыл ішіндегі қорытындысы жаңа қылмыстарды ескерту бойынша айтарлықтай тиімділікке ие болды , деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған. Заң жобасының негізгі мақсаты – еліміздің қылмыстық саясатын әрі қарай ізгілендіру, оны халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында,  оның ішінде айыпталушыларды қайта әлеуметтендіруді жоғарылату жолы арқылы сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияны енгізу.

«Сараптама көрсеткендей, жыл сайын пробация қызметінен өткен азаматтардың саны артып келеді. 2015 жылы  олардың саны 23 пайызға өсіп,  39,5 мыңнан  48,5 мың адамға дейін көтерілді. Есеп бойынша адам қатарының өсуіне қарамастан қайта жасалған қылмыстардың саны азайды,  671-ден 461-ге дейін азайды. Іздеуде жүрген адам саны  117-ден  85-ке дейін қысқарды", - деді министр.

Оның айтуынша, тек бір жылдың қорытындысы ғана қылмыстарды ескерту бойынша тиімділікке ие болды.

«Еліміздің қылмыстық заңын әлемдік тәжірибемен орайластыру үшін құқық бұзушыларға қылмыстық-құқықтық ықпал етуді арттыру саласын кеңейту мақсатында 2012 жылдан бері қолданыста болып келе жатқан үкімдік және пенитенциарлықтан кейінгі кезеңдермен қатар сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробация енгізіледі», - деп нақтылады Қ. Қасымов.

Сотқа дейінгі пробация кезеңінде жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижелері бойынша пробация қызметі баяндама жазатын болады, онда күдіктінің жеке басының ерекшеліктері туралы сотқа арналған ақпарат, сәйкес шаралардың орындалуы немесе оларды орындауға деген ұмтылысы қамтылады. Сот бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған жағдайда пробацияның келесі үлгісі – пенитенциарлық пробация қолданысқа енгізіледі.

ІІМ басшысы атап өткендей, Ұлт жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның 33 қадамын орындау мақсатында ҚР ІІМ әзірлеген заң жобасын қабылдаудың мақсаты қылмыстық сот төрелігін әлеуметтендіру әлеуетін кеңейту, қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру болып табылады.

«Заң жобаларының қабылдануы құқық бұзушының әлеуметтік бейімделуіне, оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге, оның ішінде қайта қылмыс жасауының алдын алуға да, бағытталған әрекеттерге ұйымдар мен азаматтардың жан-жақты қатысуы үшін жағдайлар тудырады», - деп түйіндеді министр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
504

Биыл 4 мың қазақстандық «ЖҚЖК-2020» аясында өз кәсібін ашты

Жыл басынан бері «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша шағын несиелерді 6 мың 427 адам алды, оның ішінде 4 мыңы өз кәсіптерін ашты, деді Үкімет отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

«Биыл Елбасының тапсырмасымен  жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған азаматтарға «ЖҚЖК-2020» аясында шағын несиелер берілетін болады. Агроөндірістік кешен мен ауыл шаруашылығы кооперациясы есебінен жүзеге асады», - деді министр.

Тамара Дүйсенова биыл шағын несиелендіру үш сұлба бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады:  бағдарлама қатысушысы өз капиталымен немесе бар тауарымен аймақтарда құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кіреді, «Ауылда жұмыспен қамту» жобасын жүзеге асыру бойынша «Нұр Отан» партиясымен біріккен жоба.

Жоба бес облыста пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты - жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлы өндірісті құру. Сондай-ақ, шағын несие сомасы 6 млн теңгеге дейін арттырылған.кәсіпкерлік картасына сәйкес, шағын несие 3 млн теңгеге дейінгі көлемде беріледі.

Министрдің мәліметіне сәйкес, 2011 жылдан бері 41,6 мың адам шағын несие алса, оның ішінде 27,2 мың адам кәсіпкер атанған. Шағын несие алғандар 38,5 мың қосымша жұмыс орындарын ашты.

«Осы мақсаттарға биыл 30,8 млрд теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен биыл 9,1 мың адам шағын несие алып, ауылдық жерлерде шамамен 12 мың жұмыс орнын ашады», - деп ақпараттандырды министрлік басшысы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігі мәліметтеріне сәйкес, бүгінде 6,4 мыңнан астам адамға шағын несие берілген, оның ішінде шамамен 4 мың адам алғаш рет өз ісін ашқан. Несие алғандардың барлығының ішінен 5 мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, қалғандары – жұмыссыздар.

«Шағын несие алған азаматтардың ішінен 89%-ы несиені ауыл шаруашылығы саласына, 6% - қызмет көрсету саласына, 3% - өнімді қайта өңдеуге, 2 % - басқа да салаларға пайдаланған», - деді Тамара Дүйсенова.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
379

Қ.Айтуғанов: Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды

Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды. Кооперативтерге орташа есеппен 3-4 қатысушы тартылады. Қорытындысында, ауыл шаруашылығымен айналысып отырғандарды толық кооперативпен қамту жүзеге аспайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.

«28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстар мен аудандарда  аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл әкімдерінің қатысуымен  шараларды жүзеге асыру механизмдері түсінірілді. Оның ішінде кооперативтерді құру мен оларды қаржыландыру мәселесі де бар. Әкімдік тарапынан түсіндіру  жұмыстары барлық өңірде, аудандарда өткізілуі тиіс. Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды. Кооперативтерге орташа есеппен  3-4 қатысушы тартылады. Қорытындысында, ауыл шаруашылығымен айналысып отырғандарды толық кооперативпен қамту  жүзеге аспайды», - деді Қ.Айтуғанов.

Жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға бағытталған қаржылық құралдар мәселесі де көтерілді. Жаңа қаржылық құралдар ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, Ынтымақ – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, Игілік – ауыл шаруашылығы малдарын өсіру, Бірлік – сүт қабылдау пункттерін құру, Береке – отбасылық бордақылау алаңдары. Өз кезегінде, аталған мақсаттар үшін Үкімет бұған дейін 31,8 млрд. теңге қаражат бөлген еді.

«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микронесиелерге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ЖҚЖ-2020 бекіту бойынша Үкімет қаулысына бір мезетте берілетін несие мөлшерін 16 млн-ға арттыру және несиелендіру мерзімін 7 жылға дейін ұзартуды қарастыратын толықтырулар енгізілуде», - деп ойын жалғады Қ.Айтуғанов.

Бұдан әрі бірінші вице-министр елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы жағдаймен таныстырып өтті.

Вице-министр айтып өткендей, әкімдіктердің қалауымен қазан айынан бастап министрлік ауыл әкімдеріне арналған оқыту семинарларын өткізеді.Семинарлар Қарағанды, ШҚО, Жамбыл және Алматы, Павлодар облыстарында өткізілді. Барлығы  966  қызметкерді  жергілікті атқарушы органдар оқытты.15 қарашада  2 мың  400 әкімді оқыту үрдісі аяқталады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
446

Благодаря реализации программы «Ақ бұлақ» для казахстанцев увеличился доступ к централизованному водоснабжению

Министр национальной экономики РК Куандык Бишимбаев в ходе заседания Правительства рассказал о результатах реализации программы «Ақ бұлақ» по увеличению доступа граждан к централизованному водоснабжению.

«За период реализации Программы «Ақ бұлақ» с 2011 по 2015 год доступ населения к централизованному водоснабжению увеличен в городах до 87%, к централизованному водоотведению до 82%. Всего в рамках программы реализовано 1 493 проекта в сфере водоснабжения и водоотведения в городах и селах», - сообщил министр.

Он также отметил, что в текущем году по программе «Нұрлы жол» и Программе развития регионов выделено 62,1 млрд. тенге на реализацию 75 проектов и на 2017 год предусмотрено 53 млрд. тенге на реализацию 153 проектов.

Кроме того, министр сообщил, что успешно реализуются механизмы по привлечению внебюджетных средств в развитие системы водоснабжения. На сегодняшний день совместно с международными финансовыми организациями в РК реализуется ряд проектов.

Источник: primeminister.kz

0
0
400

Экспедиция «Сыр — Алаштың анасы». Аральское море и Барсакельмес

Я достаточно часто был в Кызылординской области, но не могу сказать, что посмотрел и половины мест, которые мне интересны. Недаром область называют Сыр елі, что по значению очень близко к Terra Incognita. И когда организаторы экспедиции "Сыр - Алаштың анасы" предложили присоединиться к ним, я практически не раздумывал. К сожалению, мне постоянно не хватает главного ресурса - времени, поэтому не смог полноценно принять участие в экспедиции на 20 дней, в течение которых участники собирали видео- и фотоматериал об области, её природных красотах, исторических достопримечательностях, уникальных предприятиях. Приятно, что все эти материалы не будут пылиться в архивах, а будут вскоре опубликованы, чего я сам очень жду. А пока поделюсь своими впечатлениями о малой части поездки по Кызылординской области - из Аральска к Аральскому морю и заповедник Барсакельмес. Главным ожиданием было, конечно же, увидеть в заповеднике куланов, хотя местные жители рассказывали о том, что чаще всего фотоохотники на куланов уезжают, так и не посмотрев на них.

К сожалению, не успел пофотографировать сам город Аральск, так как выехали в 6 утра. Вопреки стереотипам о нём, город оказался вполне "живущим", потому что работа в районе есть - и производство соли, и рыбная промышленность, и сопутствующие сферы. Главное достижение, которое также даст второе дыхание жизни района, - то, что удалось сохранить казахстанскую часть Аральского моря и оно наконец стало двигаться не от Аральска, а снова приближаться к нему.

По дороге к Аральскому морю можно видеть и большие стада верблюдов. Аральский шубат - один из лучших (если не самый лучший), что я пока пробовал.

Аральское море

Через несколько часов после выезда из города, экспедиция приехала к Кокаральской плотине, которая разделяет Большой (Южный, на фото слева) и Малый (Северный, справа) Арал.

Длина плотины более 13 км, ширина достигает местами 150 м. Здесь же построено водопропускное сооружение, которое защищает плотину от разрушения за счёт сбросов излишков воды в Южный Арал.

До строительства Кокаральской плотины было несколько попыток зарегулировать уровень Малого Арала, но они оканчивались неудачами. В этот раз успехи достаточно быстро стали видны - Малое море почти полностью заполнилось водой, постепенно возвращаясь к Аральску, улучшился климат, стало расти поголовье рыбы.

Северный Арал.

Рыба у берегов озера.

Водопропускное сооружение.

Запуск квадрокоптера.

Проезжаем плотины и едем в сторону заповедника Барсакельмес. Жизнь в пустынном Аральском районе благодаря озеру значительно отличается. Повезло увидеть и фламинго, на миграционных путям которых находится и Арал.

Рай для бёрдвотчеров и орнитологов - множество уток, цапель, журавлей и других птиц, в названиях которых я не силён.

Тастак

Ближе ко времени обеда приехали в посёлок Тастак Аральского района. На самом деле приехать могли бы и к 10, но периодически останавливались или замедляли ход, чтобы посмотреть и отснять красоты Арала.

Тастак - небольшое село. Жителей около 200, 35 домов. Не ловит никакая мобильная связь.

Здание клуба и библиотеки.

Село Тастак наиболее известно своим рыбным питомником, который является частью Камыстыбасского рыбного хозяйства.

Здесь рыващивают молодую рыбу, которую используют для зарыбления Северного Арала. В октябре работы уже закончились и возобновятся весной.

Имангали Дусенгалиеву уже исполнилось 70 лет, 47 лет лет из них он работает в рыбном хозяйстве, в том числе 30 лет возглавлял Тастакский участок. Сейчас участком руководит его сын.

Всего на участке 22 пруда, в которых выращивается рыба, в зимнее время используется пять.

Едем дальше, проезжаем село Каратерен.

Заповедник Барсакельмес

Въезд в заповедник

До 1990-х годов Барсакельмес был островом на Аральском море, затем из-за обмельчания озера стал полуостровом, а в 2009 году - просто местностью. Ракушки в пустыне встречаются повсеместно, напоминая, что эта пустыня ещё 20 лет назад была морем.

История заповедника началась ещё в 1920-х годах, когда здесь было создано охотничье хозяйство и завезены сайгаки, джейраны. фазаны, куропатки. В 1939 году острову был присвоен статус заповедника, в 1953 году завезены куланы из Туркменистана.

В основном заповедник выглядит как обычная пустыня.

Канал, который сейчас ведёт из ниоткуда в никуда.

Один из множества фазанов.

На территории заповедника находится историческая достопримечательность - башня Бегим-Ана.

Башня была построена в 11 веке и является уникальной для Казахстана.

Другие древние строения вокруг башни.

После просмотра башни Бегим-Ана было решено возвращаться в Аральск, чтобы успеть до 23:00. Куланов (в виде несущихся точки) до этого видели только на горизонте.

Однако внезапно на обратном пути штук 30 куланов помчались параллельно машинам экспедиции, не желая уступать в скорости, и их табун приблизился к нам метров до двадцати. Так они бежали рядом с нами несколько минут, а затем поменяли направление и скрылись. Terra Incognita раскрыла ещё одну свою тайну.

Всё интересное по-прежнему также:

в Твиттере: @YakovFedorov

в Фейсбуке: Яков Фёдоров

в Интаграме: @YakovFedorov

25
4
3606

«Жаңа дем» жобасы Ақтөбе облысының Алға ауданының Бесқопа аулында

"Жаңа дем" жобасы өз жалғасын табуда.


Ақтөбе облысының Алға ауданының Бесқопа аулында "Қазақстан жастар конгресі" және "Жас ұлан" жастары бірігіп жөндеу жұмыстарын жалғастырды. Бұл жолы Ертуғанова Кулара, Дәметкен Ажбагамбетова, апаның, Гулнар Султанова апайдың және көпбалалы Күміс алқа иегері Ғазиза Қоқтабанова үйлерін әрлеп, баталарын алды. 
Сонымен қатар мектеп балаларына тернингтер мен тимбилдинг

 
0
0
592